Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Киберқауіпсіздік заң жүзінде жүйеленді

Киберқауіпсіздік заң жүзінде жүйеленді

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Цифрландыруға қарқынды бет алдық. Бұл дегеніміз – деректер ең құнды капиталға айналды деген сөз. Қазір­­дің өзінде кез келген қызметті алу үшін аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, электронды поштаңыз керек. Өзіңіз берген ақпарат түрлі компаниялардың, хакерлердің қолына оп-оңай өте береді. Әдетте бұндайға аса мән бермей­міз. Алайда мемлекеттік деңгейде цифрландыруға көш­кенде бұған бейжай қарамауымыз керек. Киберқауіпсіздікті қаперден шығаруға бол­майтынын үнемі еске салып жүретін Мемлекет басшысы бұл мәселені Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында да айрықша атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ХХІ ғасырда цифрландыру үдерісі өте жылдам жүріп жатқанын, тұрақты және аса қарқынды сипатқа ие болғанын айтты.

«Жоғары технология адамның күнделікті өміріне, құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсерін тигізе бастады. Болашақта бұл үрдіс үздіксіз жалғаса беретіні анық. Сондықтан еліміздегі цифрландыру үдерісінің институционалдық-құқықтық негізі Ата заңда міндетті түрде аталып өтуі қажет. Конституцияда азаматтардың дербес цифрлық деректері заңмен қорғалатыны нақты айтылуы керек деп санаймын», деді Президент.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өткен жылы «Жасанды интеллект туралы» заң, ал биыл Цифрлық кодекс қабылданды. Аталған кодекспен бірге қабылданған «Киберқауіпсіздік туралы» жаңа заң қолданысқа енгізіліп, Мәжілісте жоспарлы түрде жетілдіріліп жатыр.

Цифрлық кодексте адамның цифр­­лық ортадағы негізгі құқықтары нақты әрі жүйелі түрде айқындалған. Соның бірі – азаматтың цифрлық тұлғалық сәйкестігіне қатысты құқығы. Бұл құқық әр адамның цифрлық кеңістікте жеке тұлға ретінде танылуын, дербес деректерінің қорғалуын және өзіне қатысты цифрлық ақпараттың қалай әрі қандай мақсатта пайдаланылатынын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Азаматтың цифрлық бейнесі оның жеке басымен тікелей байланысты. Оны заңсыз пайдалану немесе өзгертуге жол берілмейді.

Кодексте деректермен жұмыс істеу құқығына да ерекше мән берілген. Азамат өзіне қатысты деректерді жою­ды, олардың өңделуін шектеуді немесе деректердің міндетті түрде жасырын болуын талап етуге құқылы. Егер деректерді сақтау заңмен міндеттелмесе, азамат олардың толық жойылуын талап ете алады. Бұл норма жеке дерек­­тердің бақылаусыз айналымына тос­­­­­қауыл қоюды көздейді. Сонымен қа­тар цифрлық ортада бақылау мен тү­сін­діру құқығы енгізіледі. «Цифрлық оқиғалар» ұғымы азаматқа қатысты цифрлық ортада жасалған барлық әрекеттердің тіркелуін білдіреді. Ал «азаматтың цифрлық кеңістігі» – жеке кабинетте сақталатын электронды папка, онда азамат өз деректеріне қа­тысты қандай әрекеттер жасалғанын толық көре алады. Бұл жүйе арқылы деректердің кім тарапынан, қашан және қандай мақсатта пайдаланылғаны ашық көрсетіледі.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляеваның айтуынша, жасанды интеллект жүйелерімен өзара іс-қимыл кезінде де азаматтың құқықтары заңмен бекітілді. Азамат алгоритм қабылдаған шешімнің мәнін түсіндіруді, мұндай шешімді қайта қарауды талап етуге, шешім қабылдауына адамның қатысуын сұрауға құқылы.

– Бұл нормалар цифрлық ортада автоматтандырылған жүйелердің адам тағдырына біржақты әсер етуіне жол бермеуге бағытталған. Цифрлық кодексте деректерді жіктеу мәселесіне ерекше мән берілді. Бұл ең алдымен деректерді жасанды интеллект үшін дұрыс құрылымдау, оларды мемлекеттік органдарда жүйелі түрде жинақтау, ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мақсатынан туындап отыр. Осыған байланысты деректерді реттеу қағидаттары заңдардан жоғары деңгейде – Цифрлық кодекс аясында бекітілді. Бұл әртүрлі деректерге, олар сақталатын жүйелерге қарай ақ­параттық қауіпсіздік талаптарын сара­лап қолдануға мүмкіндік береді, – дейді депутат.

Сонымен қатар кодексте цифрлық объектілерге арналған арнайы құқықтық режімдер де белгіленген. «Сенімді цифрлық объектілер», «маңызды цифр­лық объектілер», «ұлттық цифрлық объектілер» ұғымдары бар. Ұлттық цифрлық объектілердің құқықтық мәртебесі заңмен айқындалады және олар бөлінбейтін стратегиялық нысан ретінде қарастырылады. Кейбір маңызды ақпараттық жүйелер шетелдік компанияларға ешқашан берілмеуге тиіс, олар міндетті түрде мемлекеттің немесе отандық компаниялардың бақылауында қалуы керек. Отандық әзірлеушілер жасаған өнімдер «сенімді цифрлық объектілердің» тізіліміне енгізіледі. Олардың ақпараттық қауіп­сіздігі ҰҚК-нің мемлекеттік техникалық қызметімен бірлесіп тексеріледі және қауіпсіз деп танылады. Бұл отандық IT-өнімдерге мемлекеттік сатып алуларда белгілі бір артықшылық беруге мүмкіндік туғызады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның айтуынша, Кодексте адамдардың өмі­рі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төн­діретін цифрлық объектілер бөлек топ ретінде қарастырылған. Бұған, мысалы, жылу электр орталықтары сияқты инфрақұрылым нысандары жатады. Мұндай объектілерде деректер көлемі көп болмауы мүмкін, бірақ олардың цифрландырылуы кибершабуыл қаупін арттырады. Сондықтан бұл санатқа күшейтілген киберқауіпсіздік талаптары қолданылады.

– Елімізде алғаш рет цифрлық деректер өнімдерінің алмасуы мен айналымына арналған платформа енгізіледі. Кодексте «цифрлық деректер өнімі» ұғымы және осындай өнімдердің айналымын қамтамасыз ететін платформа бекітілді. Цифрлық деректер экономикасына жауапты уәкілетті орган айқындалады. Әлемде бұл бағыт белсенді дамып келеді, ал еліміз үшін деректер айналымын заңды әрі ашық ету маңызды. Бұл, әсіресе кредит скорингі сияқты салаларда азаматтардың шамадан тыс қарыз алу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Деректер айналымы платформалары міндетті түрде есепке алынып, уәкілетті органның бақылауында болады. Мұндай деректер міндетті түрде дербестендірілмей, аналитикалық өңдеуден өтіп, сапа талаптарына сай болуға тиіс. Бұл деректер нарығын заңдастыруға, болашақта деректердің нақты экономикалық құнын анықтауға жол ашады, – дейді министрдің орынбасары.

Осы өзгерістердің нәтижесінде, компаниялар иелігіндегі ірі деректер массиві экономикалық актив ретінде қарастырылып, олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар да күшейеді. Де­рек­тердің таралып кетуі жағдайында айыппұлдар мен сақтандыру көлемі деректердің нақты құнына байланысты есептелетін болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары