Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Кино түсіруге сұранып тұрған туынды

Кино түсіруге сұранып тұрған туынды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Әсіресе тәуелсіздіктің алғашқы жылда­ры бұл мәселе бұрын­ғы­дан да өткір сезіліп, тұтас бір буынның тағдырына ықпал етті. Өкінішке қарай, сол кезеңде орын алған әлеуметтік қиындықтар да бұл құбылыстың тереңдеуіне әсер етті. Жаңа мемлекеттің ір­гесін бекіту жолында күрделі кезеңдерді өткеріп жатқан шақта мыңдаған қазақ баласы шетелдік отбасылардың тәрбиесіне беріліп, туған елінен жыраққа кетті. Ресми деректерде олардың саны шамамен 25 мыңға жуық екені айтылады. Бұл – әртүрлі иірімге түскен 25 мың өмір жолы.     

Жүсіпбек Қорғасбек «Кельн­дегі көкжал» романында сол мың­даған тағдырдың бірін ғана суреттегенімен, шын мәнінде тұтас бір ұрпақтың мұңын көрсе­теді. Диегоның өмір жолы жеке адамның тарихы ғана емес, ту­ған жерінен, тілінен, тегінен ажы­раған талай қазақ баласының ортақ тағдыры.

Кітапты алғаш қолыма алған сәттен бастап көкейімде бір­не­ше сұрақ жаңғырды да тұрды. Жүсіпбек Қорғасбек оқиға өр­бі­ген сайын ойымдағыны дөп басып, сауалдарыма жауап бе­ріп отырды. Тек «Неліктен автор өз туындысына «Кельндегі көкжал» атауын берді?» деген сауа­лымның  жауабын кітап со­ңына жеткенде бір-ақ алдым. Шы­ғарманың түйіні Шерхан Мұр­тазаның «Ай мен Айша» романын еріксіз есіме түсірді. Жазушының ай мен Айшаны егіз ұғымдай бейнелеуінің сыры романның соңғы бөлімінде кө­рі­ніс тапқан еді. Сол сияқты Жүсіп­бек Қорғасбек те «көкжал» ұғы­мының мәнін бірден ашпай, оны кейіпкерлер тағдыры арқылы біртіндеп сөгеді. Соның нәтижесінде шығарма атауы со­ңы­на қарай ғана толық мәнін аша түседі.

Ананың  аузынан шыққан әр сөз – жүректен шыққан дұға. Баласына айтқан әр жылы лебізі періштенің құлағына шалынады. Романда Айнамкөздің Ғинаятқа: «Аты Дінасыл, мен Диего деймін», деуі алғаш қарағанда баласын еркелеткен ананың қарапайым сөзі секілді көрінеді. Азан шақырылып қойған қазақы есімі бола тұра, ананың сәбиін еуропалық үлгідегі атпен атауы оның тағдыры туған жермен ғана шектелмейтінін меңзейді. Шынында да, Дінасыл қазақы ортадан алыстап, Лондонда тәр­биеленген ақсаусақ Диегоға ай­налады. Сонымен қатар Айнам­көздің: «Көкте жұлдыз сөнбейді, жерде Марадонаның аты өшпейді. Менің Диегом да атақты адам болады», деген сөзі де шығарманың өн бойына жан бітіріп тұрғандай. Туған жердің топырағын басқан Дінасыл келген сәтінен бастап-ақ көпшіліктің назарын өзіне ауда­рып, халықтың қолдауына ие болады. Кейіннен дәл сол жас жігіт кен өндірісін игеріп, «Wolf» (қазақшасы «Көкжал») ком­паниясының мұрагері атанады. Атасы Шайзаттың шешесі ке­зінде: «Әкеңе біткен мал саған да бітеді», деген еді. Расында да, Байсейіттің жалғызы Еуропаға сыйлы азамат болды. Өзінің «Көк­жал» атты компаниясын тартыса жүріп тұрғыза білді. Жүсіпбек Қорғасбек шығармадағы осы көріністер арқылы ана тілегінің құдіретін танытты.

Романның ең әсерлі бөлігі – Шайзаттың өз немересін бір көргеннен тануы. Бұл сәтті жазушы: «Бір ыстық жалын лап етіп кеудесін шарпыды. Балаға телміріп қарағаны сонша, одан басқа бар дүниені ұмытты», деп су­реттейді. Алғашында бұл көріністі автордың қиялынан ту­ған, шынайы өмірде кездесе бермейтін тым сезімтал сахна деп қабылдағаным жасырын емес. Алайда өмірде ана жүрегі пер­зентінің күйін алыстан-ақ се­зетіні сияқты, қаны бір Шайзат қарияның да өз немересін жазбай тануы – таңғаларлық оқиға. Түн ішінде Шайзатты төсегінен жұлқып тұрғызып, бөтен үйдің ауласындағы алып еменді құшақтап жылатқан да осы қанның құдіреті еді. Осы сәтте қараңғы бөлмеден қарап тұрған Диего да өзін біреу іздеп келгенін, сыртта өзіне өте жақын адам тұрғанын іштей сезді. Жазушы жүрек пен жүректі жалғаған осы тылсым сезім арқылы қаты­гездене түскен қоғамда ұмыт бола бас­таған адами жылылықты қай­та жандандырды.

Ұрпақтарды байланыстырған тайтері. Диегоның бабасы Бай­сейіттің татар саудагерінен бір жіліктің құнына сатып алған тай­терісі алғашында ойланбай алынған қарапайым бұйым сияқ­ты көрінеді. Алайда роман барысында оның мәні тереңдей тү­седі. Автор тайтеріні жай ғана мұра емес, өткен мен бүгінді, ата мен ұрпақты жалғайтын символ ретінде көрсетеді. Мұны жазушы Оспанның естелігі арқылы айқындай түседі: «Әкемнің шамаданын таптым... Бұл шекарадан әрі-бері төрт рет өткен тайжақы, біздің әулетте атадан балаға мұра болып қалған тайтері». Атамен баланы байланыстырған тайтеріні Шайзат киюге ыңғайлы тайжақыға айналдырған еді. Сол тайжақы елдің ұлына айналған Оспан үшін орны толмас қазынамен пара-пар болды. Тіпті дәл осы тайжақыға өгей ағасын алмастырып, кәмпескелеуден сақтап қалған еді.

Диегоның көкейінде 10 жасында ажыраған туған жер мен ана тілінің ұмтылмауына әкесінен қалған қалың дәптер әсер еткен еді. Сол қалың дәптердің тоқсан бірінші бетінде орналасқан тайжақы суреті Диего үшін қашанда ыстық болды. Әкесінің ескі досы әрі өгей әкесінің көмегімен осы мұраны қолына түсірген сәтте ол өз тамырына бір табан жақындай түседі. Ғинаяттың қаза тапқан сәтінде сипап үлгерген тайжақысы жайлы өгей әпкесі Айлаға: «– Қойдың терісі емес, тайдың терісі, Онда әл-Қазақия деп жазылған. Сол теріні таптым десем сенесің бе? – Сенем, – деді Айла. – Сенің қолыңнан бәрі келеді. Сен бізге Құдай берген баласың!.. Көзінен жас сорғалаған Дінасыл саусағының ұшымен тетігін ақырын басып, радиохабарды өшірді», деп хабарлайды. Осы эпизодта Диего өзінің Байсейіт баба ұрпағы екенін тұла бойымен сезінгенін аңғарамыз.

Автор романда болашақта бо­латын жайттардың ұшын көр­сетіп, шығармадағы тартыс­ты біртіндеп күшейтеді. Яғни интри­га жасайды. Мысалы, қысқа сах­наларда пайда болып оқиға сю­жетіне серпіліс беретін кейіп­кер – көріпкел. Ең алғаш Оспан­ды жоғалтып есі кіресілі-шы­ғасылы болып отырған Мәпиза­ға кітаппен бал ашқан әйел: «Тап осы тағдыр сендердің әулет­теріңде тағы қайталанады. Сендер балаларыңа ие болыңдар, әйтпесе жер жүзіне тарыдай шашылып кетесіңдер», дейді. Бұл әлі дүниеге есігін ашпаған Дінасыл жайында айтылған сөздер еді. Көріпкел кемпірдің айтқанындай осы әуле­ттің ұрпақтары жер жүзіне тарыдай шашылды. Оспанын сұрап шырылдаған анаға:  «Бір бала жетегіңде, бір бала ішіңде. Сыртта басқа бала жоқ», деп жа­уап қатады. Расында да, Оспанның орнын өгей ағасы Көктан алмас­тырған еді. Елу үшінші новеллада көріпкел кемпір қайта оқырман көзайымына айналады. Бұл жолы Диегоның өзіңе түскен құмалақ көріпкелді біраз әурешілікке салды. Құмалақ ашқан кемпір жас жігітке «Атанның үлкен жері болған екен, шырағым. Атаңнан әкеңе мұраға қалыпты. Әкеңнен саған ауысатын түрі бар. Ұқсатып ұстасаң, пайдаға белшеңнен батасың», деп болашағын болжап береді. Бұл оқиғадан көп уақыт өтпей-ақ қасқырға таланған Ғинаят отбасылық мұраға айнал­ған тайжақының бетіне бедерленген көне картаны әкеледі.

Бұл шығармадан тағы бір бай­қағанымыз жазушы қолданыстан шығып қалған сөздерді жиі қол­данған. Көзіме ең алғаш оттай басылғаны – «көңке» сөзі. Кө­лік мағынасында қолданылған көне сөзді оқығанда алғашында түсінбей қалғаным рас. Кейіннен қазақта дәл осы сынды сөздің барына таңғалдым. Бұл орайда бүгінгінің бірі білсе, бірі біле бер­мейтін «әжет» сөзін де айта кетуді жөн деп санаймын. Романның 199-бетінде бұл сөзді жазушы «шешесі су ішпестен бұрын, ұлының әжетке жарағанына қуанғандай», деп қолданған. Осы тұстағы «әжетке жарау» тіркесінен анасы баласының есейіп, пайдаға жарай бастағанына қуанғанын аңғарамыз.

Жүсіпбек Қорғасбектің романын оқығанда кітаптың ішіне ентелей еніп кетпей, өзімді оқиғаны сырттай бақылап отырған көрер­мен ретінде сезіндім. Кітапты алғаш қолыма алғанда оқиғалар байланысы бірден пазл ретінде жинала қоймады. Кейін шығарма тереңдеген сайын бәрі өз орнына келе бастады. Жазушы бір оқиғадан екіншісіне шебер ауысып, кейіпкерлер тағдырын бір­тіндеп ашқан. Содан да болар, кері шегініс жасалатын эпи­зод­тар санамда кинодағы көркем­дік әдістер секілді елестеді. Роман­ды аяқтаған сәтімде де әсерлі фильм көргендей күйде болдым. Сон­дықтан да «Кельндегі көк­жалдың» болашақта кино тіліне сұранып тұрған шығарма екеніне сенемін.

Нұрай НҰРБОЛҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 08:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see166

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see158

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see157

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see154

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see153

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see149

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see141

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see140

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see138

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see136

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see134

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see133

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see132

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see131

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see128

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see127

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see119

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see119

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see119

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары