Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Көкшетауда 200 ге жуық үй жарықсыз қалды: апатқа не себеп болды?

Көкшетауда 200 ге жуық үй жарықсыз қалды: апатқа не себеп болды?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Көкшетаудағы «Маяк» бау-бақша серіктестігінде трансформаторлық қосалқы станса істен шығып, шамамен 200-ге жуық үй электр қуатынсыз қалды. Тұрғындар жарықтың 13 қазан кешінен бері өшкеніне шағымданған. Қазір «Көкшетау Энерго» мамандары электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал жергілікті билік желілерге түсетін жүктемені азайтып, инфрақұрылымды жаңғыртуға кіріскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Көкшетаудағы Краснояр саяжайларында тұратын тұрғындар 13 қазан кешінен бері электр жарығының жоқтығына алаңдаулы. Бұл аумақтағы көптеген саяжай үйі бүгінде маусымдық демалыс орны ғана емес, адамдардың жыл он екі ай тұрақты тұратын баспанасына айналған. Сондықтан электр қуатының үзілуі тұрғындардың күнделікті тұрмысына едәуір қиындық туғызған. Саяжайды паналаған тұрғындар әсіресе жазғы уақытта жарықтың жиі өшіп қалатынын айтып алаңдайды. Бірақ тозығы жеткен желілердің салдарынан түйткілді мәселе шешімін табар емес. 

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 2026 жылғы 13 қазанда «Маяк» бау-бақша серіктестігінің аумағындағы трансформаторлық қосалқы стансада қысқа тұйықталу болып, электр энергиясын беру тоқтаған. Соның салдарынан шамамен 200 үй кезекті мәрте жарықсыз қалған. Ақауды жою және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін оқиға орнына «Көкшетау Энерго» ЖШС-ның апаттық бригадасы жіберілген.

Қала әкімдігінің түсіндіруінше, «Маяк» бау-бақша серіктестігінің электр желілері тарихи тұрғыдан саяжай бірлестігінің қажеттілігіне қарай қалыптасқан. Осыған байланысты жекелеген үйлерді электр желісіне қосу жұмыстарын тұрғындар өздері жүргізген. Ал жылыту маусымы басталғанда электр желілеріне түсетін салмақ арта түседі. Әсіресе, ұзақ жанатын пештермен қатар түрлі электр құрылғыларын пайдаланатын тұрғындардың тұтынуы көбейген кезде желінің шамадан тыс жүктелу қаупі туындайды.

Ведомство өкілдерінің айтуына қарағанда, жүктеменің артуы электр беру желілерінің шамадан тыс керілуіне, сымдардың салбырауына және бір-бірімен жанасуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайлар қысқа тұйықталуға және электр қуатының апатты түрде ажыратылуына себеп болады.

Демек, мәселе тек бір қосалқы стансадағы ақаумен шектелмейді. Электр инфрақұрылымының жай-күйі мен желілердің қазіргі тұтыну көлеміне сәйкестігі де маңызды болып отыр.

Жергілікті билік «Маяк» бау-бақша серіктестігінің электр желілерін жаңғырту жұмыстарын қолға алған. Әкімдіктің мәліметінше, аталған аумақтың электр желілері профильді бөлімнің теңгеріміне қабылданған.

– Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, осындай апаттардың алдын алу үшін бірқатар инфрақұрылымдық шара жоспарланған. Атап айтқанда, қазіргі уақытта төрт трансформаторлық қосалқы стансаны сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар СВ-105 маркалы 50 электр бағанын сатып алу бойынша конкурс аяқталған. Бұған қоса СВ-95 маркалы тағы 350 бағанды сатып алу көзделген, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен.

Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, аталған сатып алулар бойынша конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер анықталған және тиісті шарт құжаттары рәсімделген. Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асса, электр желілерінің өткізу қабілетін арттырып, олардың сенімділігін күшейтуге мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде апатты ажыратулардың қаупін азайтып, тұтынушыларды электр қуатымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

«Көкшетау Энерго» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта «Маяк» бау-бақша серіктестігінің аумағында орналасқан кернеуі 10/0,4 кВ болатын №731 трансформаторлық қосалқы стансаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жұмысқа компанияның Көкшетау қалалық электр желілері бөлімшесінің мамандары тартылған. Атап айтқанда, электротехникалық зертхана қызметкерлері, орталықтандырылған жөндеу бригадалары және желілік-шеберлік учаскесінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Мамандардың негізгі міндеті – ақаудың салдарын жою және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру.

Дегенмен электр қуатының нақты қай уақытта толық берілетіні туралы ақпарат әзірге хабарланбаған.

«Маяк» бау-бақша серіктестігіндегі жағдай саяжай аумақтарында орналасқан үйлердің бір бөлігі үшін электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңарту қажеттігін тағы да көрсетті. Әсіресе, мұндай үйлер жыл бойы тұрақты тұратын адамдар үшін аса маңызды мәселе. Қазіргі кезде мамандар апат салдарын жоюға күш салып жатса, жергілікті билік алдағы уақытта желілердің өткізу қабілетін арттыруға арналған жұмыстарды жоспарлаған.

Тұрғындар үшін ең өзекті мәселе – электр қуатының қашан қалпына келтірілетіні. Ал ұзақ мерзімді шешім электр желілерін жаңғырту жұмыстарының қаншалықты уақытылы әрі сапалы орындалатынына байланысты болмақ.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:83
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары