Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Көкшетаудағы автотұрақта адам қағып өлтіру сот әйелге үкім шығарды

Көкшетаудағы автотұрақта адам қағып өлтіру сот әйелге үкім шығарды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Көкшетауда әйел адамды көлікпен қағып өлтіру дерегі бойынша сот шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көкшетауда әйел адамды көлікпен қағып өлтіру дерегі бойынша сот шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көкшетау қалалық соты абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу айыбы бойынша сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі).

Көкшетаудағы тұрақтардың бірінде қайғылы оқиға 9 мамырда болды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбадан көлік тұраққа кіре берісте жол бойымен келе жатқан әйелді қағып, үстінен басып өткенін көруге болады.

Сот келесіні анықтады

2026 жылдың мамыр айында Көкшетау қаласында азаматша С. көлікті басқару құқығы болмаса да тізгінге отырып, үйдің ауласына бұрылу кезінде жаяу жүргінші Ш.-ны қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші денсаулығына ауыр зиян келіп, алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Сотта С. жұбайының денсаулығы нашарлағандықтан, оның рұқсатымен жүргізуші куәлігі болмаса да көлік тізгініне отырғанын түсіндірді. Көлік иесінің автокөлікті басқару құқығы жоқ адамға беруі дерегі бойынша қылмыстық іс жеке іс жүргізуге бөлінді.

С.-ның кінәсі оның өз кінәсін толық мойындаған жауаптарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға орнын қарап-тексерумен, ЖКО сызбасымен, сараптама қорытындыларымен және бейнежазбамен дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот С.-ның жасаған ісіне шын жүректен өкінуін, асырауында жас балаларының болуын, жәбірленуші тарапқа келтірілген моральдық зиянды ерікті түрде өтегенін және бұрын әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын жеңілдетуші мән-жайлар ретінде ескерді.

ҚК-нің 11-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сотталушы жасаған құқық бұзушылық онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады.

Жәбірленуші тарап сотта сотталушы С.-ға материалдық және моральдық сипаттағы талаптары жоқ екенін, шығынның толық өтелгенін және кешірім сұралғанын айтып, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігінде балама санкциялардың жоқтығын, сондай-ақ сотталушының көлік құралын басқару құқығы болмаса да оның қауіптілік көзі екенін сезіне отырып, ЖЖҚ-ны өрескел бұзып, адам өліміне әкеп соққан соқтығысуға жол бергенін ескерді.

"Сот үкімімен С.-ға 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде (заң бойынша жас баласы бар әйелдердің жазасын өтеуін кейінге қалдыру міндеттеледі), сотталушының тәрбиесінде екі жас баласының болуына байланысты жазаны өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды", - делінген сот қаулысында.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Маусым 2026 12:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see169

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see153

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see151

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see150

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see149

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see148

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see147

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see147

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see147

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see146

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see146

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see146

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see145

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see145

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see143

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see143

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see143

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see143

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see143

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see142
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары