Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі арта түсті

Көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі арта түсті

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында көлік-логистика саласын ел дамуының стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде айқындады. Президент транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану арқылы геогра­фиялық артықшылықты нақты экономи­калық ресурсқа айналдыру қажет­тігін атап өтті.

Теңізге тікелей шығатын жолы болмаса да, еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасуы арқылы жаһандық транзиттік тізбектерде ерекше рөл атқаруға мүмкіндік алып отыр. Бұл – географиялық артықшылықты нақты экономикалық табысқа айналдыруға бағытталған жүйелі саясаттың нәтижесі.

Үкімет отырыстарында да көлік инфра­құрылымын дамыту өнер­кәсіп, экспорт, өңдеу мен өңірлік байланыстарға тікелей ықпал ететін маңызды фактор ретінде қарастырылып келеді. Премьер-министр Олжас Бектеновтің айтуынша, көлік-логис­тика инфрақұрылымының жетілді­рілуі экономиканың барлық саласына мультипликативті әсер береді.

Президент сұхбатында айтылған маңыз­ды бағыттың бірі – Транскаспий халық­аралық көлік бағыты. Қазіргі күрде­лі геосаяси жағдайда аталған мар­шрут­тың маңызы арта түсті. Халық­аралық сарапшы­лардың бағалауынша, Орта дәліз Қазақстанды Еуропа мен Азия арасын­дағы балама емес, сенімді әрі тұрақты транзиттік бағытқа айналдыра алады.

Теміржол инфрақұрылымы жаңғырып жатыр

Теміржол саласы кейінгі жылдары қарқынды жаңғыру кезеңіне өтті. Ел Президентінің транзиттік әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмалары нақ­ты нәтижелерге ұласты. Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжановтың дерегін­ше, былтыр тасымалдау көлемі шамамен 318 млн тоннаға жетіп, рекордтық көрсет­кіш тіркелді, ал биыл бұл көрсеткіш 327 млн тоннаға жетеді деп болжанды. Транзиттік тасымалдардың жыл сайынғы өсімі 20% деңгейінде болуға тиіс.

Транзиттік әлеуетті әлі де арттыру мақсатында бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Ірі жобалардан былтыр «Достық – Мойынты» мен «Алматы айналма жолы» жобасы аяқталып 911 шақырым жаңа жол пайдалануға берілді, сөйтіп бағыттағы өткізу қабілеті 5 есеге артты.

Биыл «Қызылорда – Мойынты» мен «Дарбаза – Мақтаарал» учаскелері­нің құрылысы, сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген», «Бейнеу – Маңғыстау» бағыт­тарын жаңғырту жұмыстары аяқталады.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Теміржолдарды жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізіліп келеді. Былтыр 1,5 мың шақырым жол жөнделсе, биыл 1,6 мың шақырымды жаңарту жоспарланған. Жаңа техника мен вагондар жеткізілуі де көліктің сапасы мен сенімділігін күшейтеді. 236 локомотив, 1,4 мың жүк пен 191 заманауи жолаушылар вагоны тасымалдауға шығарылады.

Халықаралық көлік дәліздері де дамып келеді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша порттар инфра­құрылымы жаңғыртылып, отандық сауда флоты 4 пароммен толықтырылады. Контейнер тасымалы көлемі 90 мың ЖПЭ-ге дейін жеткізілмек. Солтүстік – Оңтүстік дәлізіндегі батыс өңір теміржол желілерінің жаңғырту жұмыстары да биыл аяқталады. Бұған қоса вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, биыл толық аяқталуы жоспарланған.

«Осылайша, биыл еліміздің заманауи, тұрақты әрі бәсекеге қабілетті көлік жүйесін қалыптастыратын маңызды кезеңге айналмақ», деді Ж.Тайжанов.

Экономист әрі көлік логистикасы саласының сарапшысы Алмас Чукиннің транзиттік саясаттың тиімділігіне қатысты өз пікірі бар. «Елге маңыздысы – қанша жүк өткенін ғана есептеу емес, сол транзит экономикаға қандай қосылған құн әкелді деген сұрақ. Бұл – қоймалау, сервистік қызмет пен қайта өңдеу арқылы шешілетін мәселе», дейді ол.

Тәуелсіз логистика сарапшылары­ның айтуынша, шекаралық рәсімдердің ұзақтығы мен әкімшілік кедергілер транзиттің жылдамдығына әсер етеді. Мемлекет басшысы бұл түйткілдерді шешуге цифрландыруды кеңейту, ведомствоаралық үйлесімді күшейту мен жеке инвестициялар тарту қажеттігін атап өтті. Қазір «бір терезе» қағидаты, электронды құжат айналымы мен логистикалық хабтар құру мәселелері күн тәртібінде тұр.

Автожолдағы ауқымды жұмыс

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсарту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мен халықтың өмір сапасын көтеру мақсатында автожол инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жалғасып жатыр. Биыл атқарылатын жұмыс туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтып берді.

Оның айтуынша, биыл шамамен 11 мың шақырым автожолда жаңғырту жұмысы жүргізіледі. Бұл көлемнің 2,3 мың шақырымы – құрылыс пен реконструкциялауға, 5 мың шақырымы – күрделі және орташа жөндеуге, ал 4 мың шақырымы – жергілікті маңызы бар жол желісін дамытуға бағытталады. Биылға жоспарланған ірі жобалар қатарында Қызылорда – Жезқазған (208 км), «Орталық – Батыс» (896 км), Ақтөбе – Ұлғайсын (232 км), Қарағанды – Жезқазған (572 км) және өзге бағыттар бар. Вице-министр аталған жобалар транзиттік-көліктік әлеуетті арттыруға айтарлықтай ықпал ететінін айтты.

Бұған қоса, ірі қалалардың айналма жолдарын салу мен реконструкциялау негізгі басымдықтардың бірі саналады. Атап айтқанда, Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл мен Рудный қалаларының айналма жолдары бо­йынша жобалар жүзеге асырылмақшы. Туристік және шекаралық бағыттар­ды дамыту аясында Рахман қайнар­лары­на апаратын жол мен Петропавл – Ресей шекарасы учаскесін жаңғырту жұмыстары жалғасады. Күрделі және орташа жөндеу шеңберінде Жезқазған – Петропавл, Атырау – Орал, Жаңаөзен – Кендірлі, Мұқыр – Құлсары, Макинск – Ақсу – Торғай бағыттарындағы жолдар қамтылады. Жергілікті маңызы бар желі бойынша Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Чапай – Сайқын жобалары іске асады, Семей қаласындағы автогужевтік көпір құрылысы жалғасады.

Автожол саласын цифрлан­дыру бағы­тында да кешенді шаралар ат­қары­лып отыр. Қазір республика­ның авто­мобиль жолдарында 71 авто­мат­тан­дырылған өлшеу стансасы бар (оның 38-і республикалық, 33-і жергілікті желіде). Алдағы кезеңде олардың саны 220-ға жеткізілмекші. Стансалар «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» процессингтік орта­лығымен интеграцияланған. Бұл салмақ параметрлерін бұзуға қатысты нұсқамаларды автоматты режімде қалып­тастыруға мүмкіндік береді. Сон­дай-ақ 2026–2027 жылдары 33 автомобиль өткізу пункті жаңғыртылып, 2030 жылға қарай олардың өткізу қабілеті 35 млн тоннаға дейін ұлғайтылмақшы.

Биыл автожол саласындағы басқару мен мониторинг үдерістерін цифр­ландыруды қамтамасыз ететін e-Joldar бірыңғай жүйесін іске қосу жоспар­ланып отыр. Аталған жүйе эталондық деректерді шоғырландыруға, жол төлқұжаттары мен жөндеуаралық мер­зімдер бойынша ақпараттың ашық­­тығы мен қоғамдық бақылаудың кеңеюіне мүмкіндік береді.

Мақсат Қалиақпаровтың айтуын­ша, алдағы кезең автожол саласы үшін инфрақұрылымды жаңғырту, қолданыстағы жол желісін жөндеу мен цифрлық шешімдерді енгізуді үйлестіретін маңызды кезең болады. «Келесі жылға ауқымды жұмыс жоспарланған, Мемлекет басшысы қойған барлық міндет мерзімінде әрі толық орындалатын болады», деді ол.

Әуежай мен әуе қатынасының әлеуеті артады

Биыл азаматтық авиация саласында авиациялық хабтарды дамыту мен транзиттік әлеуетті күшейту бағытындағы жұмыс жалғасады. Бұл туралы сауалымызға Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева жауап берді.

Оның айтуынша, еліміздің жетек­ші авиациялық тораптарында инфрақұрылымдық жобалар кешені іске асырылып жатыр. Астана мен Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарының құрылысы басталып, Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалы жаңғыртылады. Ақтау әуежайының перронына күрделі жөндеу жасалады. Бұған қоса, өңірлік нысандар бойынша Атырауда жаңа терминал салынып, Павлодар әуежайы реконструкцияланады. Катонқарағай, Зайсан мен Кендірлі курорттық аймақ­тарындағы аэродромдардың құрылысы аяқталып, Арқалық әуежайы қалпына келтіріледі.

Инфрақұрылымды жаңарту аясында әуежайларда JetA-1 авиаотын сақтау мен құю жүйелері жаңаланып, авиакомпанияларға қызмет көрсетудің сенімділігі артады. Жыл соңына дейін отандық тасымалдаушылар 9 жаңа ұшақ сатып алып, әуе паркі 118 бортқа дейін ұлғаяды. Бұл тасымалдар өткізу қабілетін кеңейтіп, өңірлердің әуе қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Туризм мен өңірлік қатынастарды қолдау үшін әлеуметтік маңызы бар 23 бағыт субсидияланатын болады.

Халықаралық әуе қатынасын дамыту бойынша да жоспар ауқымды. Тоқтатылған рейстерді қалпына келтіру, қолданыстағы бағыттар жиілігін арттыру мен жаңа бағыттарды ашу көздел­ген. Бағыт желісі Орталық Азия, ТМД, Таяу Шығыс, Еуропа мен Азия елдеріне кеңейтіледі. Вена, Токио, Рим, Әбу-Даби, Әр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімжі, Қашғар, Варшава мен өзге де қалаларға рейстер ашу қарастырылған.

Саланың кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында даярлау жүйесі реформаланады, авиациялық оқу орталығын құру мәселесі пысықталады. Сонымен бірге паспорттық бақылау, e-Freight және басқа да цифрлық шешімдерді енгізу жалғасады.

«Биыл ICAO-мен бірлесіп азаматтық авиацияның Бас жоспары әзірленіп, саланы 2050 жылға дейін дамытудың стратегиясы дайындалады. Бұл міндет­тер кешені инфрақұрылымдық әрі реттеу­ші мәселелерді шешуге, саланың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Нәтижесінде, авиа­ция­лық тасымалдардың сапасы мен қолжетімділігі артып, ұшу қауіпсіз­дігі күшейеді, еліміздің өңірлік және халық­аралық авиациядағы рөлі нығаяды»,  деді С.Томпиева.

Көлік-логистика саласы ел экономи­касының жаңа архитектурасын қа­лып­тас­тырып жатыр. Президент бел­гі­ле­ген стратегиялық бағдар мен Үкімет жүзеге асырып отырған рефор­ма бұл саланың маңызын арттыра түсті. Ендігі міндет – транзиттік әлеуетті тек сандық көрсеткішпен емес, сапалы экономикалық нәтиже арқылы өлшеу. Бұған қоса қолда бар әлеуетті тиімді іске асырып, елді Еуразия кеңістігіндегі сенімді әрі табысты логистикалық хабқа айналдыру.

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 7,3 млн теңгенің жерін алаяқтықпен сатқан экс-директор сотталды

Заң • Бүгін, 00:19

ҚМДБ: фолловер санын бот арқылы көбейтуге тыйым салынады

Қоғам • Кеше

Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы • Кеше

ЕАЭО-да шетелдік маркетплейстерден сатып алынатын тауар бажсыз жеткізіле береді

Сауда • Кеше

Тілсіз жау бір отбасын ойрандап кетті

Төтенше жағдай • Кеше

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Заң • Кеше

Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды

Жасанды интеллект • Кеше

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

Қоғам • Кеше

Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін

Әлем • Кеше

Қонаевтың рухына тағзым етті

Тұлға • Кеше

Биыл Павлодарда 10 балабақша мен 13 мектеп жөндеуден өтеді

Құрылыс • Кеше

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Қылмыс • Кеше

Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Әскер • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Президент • Кеше

Депутат өңдеу өнеркәсібінің проблемаларымен танысты

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see148

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see147

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see146

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see144

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see142

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see142

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see134

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see128

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see125

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see125

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see125

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see122

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see119

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see118

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see116

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see116

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see115

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see113

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see113

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары