Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

Тұрғындар тұрғылықты жеріне жақын жерге автокөлігін тегін қоя алады

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

102 операторының атына балағат сөз айтқан қазақстандық жазаланды

Конгресс мүшесі: Қытай оның технологиясын ұрлап, өзі өндіре бастайды

Конгресс мүшесі: Қытай оның технологиясын ұрлап, өзі өндіре бастайды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Financial Times басылымына сүйенген Aikyn.kz сатуға берілген чиптерді Қытай неге алғысы келмейтінін талдайды.

Президент Трамп Nvidia компаниясына H200 чиптерін Қытайға экспорттауға рұқсат беретінін мәлімдеді. Бұл шешім АҚШ-тың кейбір қауіпсіздік қызметі өкілдері мен Конгресс мүшелерінің алаңдаушылығын туғызды. Президент басқа чип өндірушілер де экспортты қайта бастай алатынын, бірақ, табысының 25%-ын «АҚШ-қа төлейтінін» айтқан.

Truth Social платформасында Трамп ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге АҚШ Nvidia компаниясына Қытайдағы «тексерілген клиенттерге ұлттық қауіпсіздікті сақтай отырып, H200 өнімін сатуға» рұқсат беретінін айтқанын және «Төраға Си бұл ұсынысты оң қабылдады!» деп жазды. 

Трамп сондай-ақ «25% АҚШ Құрама Штаттарына төленетінін» мәлімдеді. Ол чип экспортын рұқсат ететін «осындай тәсілді» AMD және Intel сияқты компаниялар да қолдана алатынын атап өткен.

Бұған дейін Nvidia компаниясына үкіметке түсімнің 15%-ын беріп, Қытайға анағұрлым әлсіз H20 чипін экспорттауға рұқсат берілген болатын. AMD де ұқсас келісімге келіскен. Бірақ жағдаймен таныс адамдардың айтуынша, үкімет пен компаниялар бұл төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заңды механизмді таба алмаған.

H200 чипін Қытайға сатуға рұқсат беру туралы шешімді АҚШ Сенатының сыртқы істер жөніндегі комитетіндегі жетекші демократтар – Джин Шахин мен Крис Кунс, сондай-ақ қарулы күштер жөніндегі комитетті басқаратын демократ Джек Рид сынағаны белгілі болды.

«Трамп әкімшілігінің озық H200 ЖИ-чиптерін Қытайға экспорттауға рұқсат беру туралы мәлімдемесі – экономикалық тұрғыдан да, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да орасан зор қателік. H200 – Қытай өзі шығара алатын кез келген чиптен әлдеқайда қуатты. Оны Бейжіңге беру ЖИ саласындағы жарыста Американы басымдығынан айырады», – делінген сенаторлардың мәлімдемесінде.

Қытай жөніндегі Өкілдер палатасы комитетінің төрағасы, республикалық Джон Муленар да Қытайға H200 чиптерін сатуға рұқсат беру «біздің қарсыласымызға жалпы есептеу қуаты бойынша Америкаға жақындасуға көмектесуі мүмкін» деп ескерткен.

«Қытай Коммунистік партиясы бұл жоғары технологиялы чиптерді өзінің әскери әлеуетін күшейту және тоталитарлық бақылау жүйесін дамыту үшін қолданатын болады. Nvidia ешқандай иллюзияға берілмеуі тиіс. Қытай оның технологиясын ұрлап, өзі өндіре бастайды. Және Nvidia компаниясын бәсекелес ретінде жоюға әрекет етеді», – дейді Муленар.

H200 экспортын мақұлдау туралы шешім АҚШ Әділет министрлігі H200 чиптерін материктік Қытай мен Гонконгқа контрабандалық жолмен жеткізу желісін әшкерелегенін хабарлаған күні қабылданды. 

Егер Қытай билігі компанияларға бұл өнімді сатып алуға рұқсат берсе, Nvidia үшін табысты миллиардтаған долларға өсіруі мүмкін. Бұл шешім туралы хабарланғаннан кейін дүйсенбі күні (8 желтоқсан) Nvidia акциялары 1,7%-ға қымбаттаған, кейінгі саудада тағы 2%-ға өскен.

Алайда H200 чиптерін Қытайға сатуға Конгрестегі қарсылық та, Қытай билігінің әрекеттері де кедергі келтіруі мүмкін. Өткен аптада Nvidia-ның CEO-сы Дженсен Хуанг Қытайдың H200 чиптерін қабылдайтынына сенімді емес екенін айтқан.

H200 – Қытай нарығына арнайы жасалған, жаңа буын Blackwell чиптерінен кейін екінші орындағы қуатты чип. Республикалық Пит Рикеттс пен демократ Крис Кунс және басқа сенаторлар Қытайды өмірлік маңызы бар технологиялардан айыру арқылы ЖИ саласында АҚШ-тың үстемдігін сақтап қалуға арналған заң жобасын әзірлеген.

Дженсен Хуанг пен Ақ үйдің ЖИ мәселелері жөніндегі басшысы Дэвид Сакс америкалық чиптердің экспортын шектеу америкалық компанияларға зиян тигізіп, әлемді америкалық технологиялар мен ЖИ-чиптеріне көшіру жөніндегі күш-жігерді әлсірететінін мәлімдеген.

«Америкалық чип өнеркәсібіне бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін президент Трамптың шешімін құптаймыз. Бұл АҚШ-тағы жоғары жалақы төленетін жұмыс орындары мен өндірісті қолдайды», – деді Nvidia. Компания үкімет тексерген компанияларға H200 чиптерін сатып алуға рұқсат беру «Америка үшін пайдалы ұтымды теңгерімді қамтамасыз етеді» деп қосты.

Сыншылар болса озық чиптерді сату арқылы Ақ үй Қытайға әскери маңызы жоғары саласын дамытуға орасан зор қолдау көрсетіп отырғанын алға тартуда.

«H200 чиптерін Қытайға үлкен көлемде сату Қытайдың ЖИ индустриясына қуатты серпін береді», – дейді Халықаралық қатынастар кеңесінің техникалық сарапшысы, Джо Байден әкімшілігі кезінде Ақ үй мен Мемлекеттік департаментте басшылық қызметтер атқарған Крис Макгуайр.

Макгуайрдің айтуынша, қытайлық Huawei компаниясы «алдағы екі жыл ішінде H200-ден жақсы чип жасай алмайтынын мойындап отыр. Бұл Қытайдың ЖИ саласында жұмыс істейтін компанияларына АҚШ-пен арадағы алшақтықты қысқартуға қажет есептеу қуатын береді».

Президент Трамптың шешімі – Байден әкімшілігінің саясатынан бас тарту болып саналады. Байден әкімшілігі Қытайдың қарулы күштерін жаңғыртуды баяулату мақсатында чиптерге қатысты технологиялардың экспортына қатаң бақылау енгізген болатын. Ал қазір Трамп Симен қарым-қатынасына зиян келтіргісі келмейді және сәуірде Бейжіңге жоспарланған сапарын қауіпке тігуді қаламайды.

Бұған дейін Nvidia АҚШ экспорттық бақылауына сәйкестену үшін Қытай нарығына арнайы, өнімділігі төмен ЖИ-чиптерін әзірлеген еді. Алайда Бейжің өзінің технологиялық компанияларына бұл чиптерді сатып алмауды талап етіп, Nvidia-ны миллиардтаған доллар көлеміндегі әлеуетті табыстан айырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 13:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see131

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see125

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see121

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see121

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see118

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see116

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see114

Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

30 Шілде 2026 16:07see111

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see111

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see110

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

30 Шілде 2026 09:06see110

Әділет партиясы: Өндіріс дамыса, адамдар тұрақты жұмыспен қамтылады

30 Шілде 2026 18:19see108

Тұрғындар тұрғылықты жеріне жақын жерге автокөлігін тегін қоя алады

30 Шілде 2026 13:45see108

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see108

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

30 Шілде 2026 10:41see107

102 операторының атына балағат сөз айтқан қазақстандық жазаланды

29 Шілде 2026 13:48see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары