Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

Конституциялық комиссия отырысында партиялар қандай ұсыныс айтты

Конституциялық комиссия отырысында партиялар қандай ұсыныс айтты

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев отырыстың алғашқы күні Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейтіп, тек қана ер мен әйелдің арасындағы тең, еркін және өзара жауапкершілікке негізделген құндылық ретінде нақты бекіту керектігін ұсынды.

Елнұр Бейсенбаев қазіргі Конституцияда отбасыны, ана мен баланы қорғау кепілдігі берілгенін, алайда ең маңыздысы — некенің нақты анықтамасы жоқ екенін баса айтты.

— Ал бүгінде әлемде негізгі ұғымдардың бұлыңғырлануы тек отбасы институтының әлсіреуіне ғана емес, қоғамның моральдық бағдарынан айырылуына да әкеп соққанын көріп отырмыз. Әлемдік тәжірибе мемлекеттердің әртүрлі жолмен дамитынын көрсетеді, алайда олардың басым көпшілігі отбасының стратегиялық маңызын терең түсінеді. Көптеген елдердің Конституцияларында отбасы және ер мен әйел арасындағы неке ұғымдары нақты айқындалған. Тіпті басқару жүйесі алуан түрлі елдерде отбасы кейінгі ысырылатын мәселе емес, қоғамның іргетасы ретінде қарастырылады. Сондықтан Ата заңда неке — тек ер мен әйелдің арасындағы одақ екенін бекіту ұсынылады, — деді Мәжіліс депутаты.

Бүгін Елнұр Бейсенбаев Парламентте барлық фракция өкілдерінен тең құралатын және олардың барлығын қамтитын тұрақты сараптамалық-құқықтық комитет құруды ұсынды.

− Меніңше, бұл бастаманы осында Парламенттік фракция басшылары да қолдайды деп сенемін. Қоғамда болашақ Парламент депутаттарының саны бойынша да әртүрлі пікір бар. Дегенмен, жұмыс тобының 145 депутат болуы қажет деген шешімі бүгінгі саяси ахуалға да, қоғамның сұранысына да нақты сай, − деді Мәжіліс дептутаты.

Сонымен бірге Amanat фракциясының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева «Жалпы ережелер» атты бірінші бөлімінің атауын «Конституциялық құрылыс негіздері» деп өзгертуді, Конституцияның 1-бабын жаңа тармақпен толықтырып, онда «Қазақстан Республикасы адами капиталды, білім беруді, ғылымды, инновацияларды және мәдениетті мемлекет қызметінің стратегиялық негізі деп таниды» деп бекітуді ұсынды.

«Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев Президенттің бір палаталы Парламентке көшу жөніндегі бастамасына нық қолдау білдіргенін еске салды. Тіпті «Ақ жол» партиясы Парламентті реформалау жөніндегі Жұмыс тобының кезеңінде 50-ден астам ұсыныс жолдаған.

− Екі палаталы Парламент — федералдық мемлекеттік құрылым институты, онда Сенаттың міндеті — федерация субъектілерінің заңнамасын үйлестіру. Ал Қазақстан — бірыңғай заңдары мен ережелері бар унитарлық мемлекет. Елдің әртүрлі өңіріндегі адамдардың өмір сүруі мен мемлекеттік қызметтер сапасына бірдей кепілдік беріліп, қорғалуына ұмтыламыз. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардың тұрғындарының мүдделері тең дәрежеде сақталуы тиіс, — деді депутат.

Сонымен бірге, «Ақ жол» партиясы азаматтар мен бизнестің жекеменшік құқығын қорғауды күшейтуді ұсынды. Партия басшысы олардың банк операциялары мен салымдары құпиялығының бұзылу жағдайлары алаңдаушылық тудыратынын айтты.

− Азаматтар мен бизнестің қаржылық жағдайына қатысты дербес деректердің жеткілікті деңгейде қорғалмай отырғаны байқалады. Қазіргідей жаппай цифрландыру мен деректердің таралап кету қауіпі жоғары кезеңде бұған жол бермеген жөн. Аталған мәселелер кәсіпкерлік кепілдіктері мен бостандықтарына қатысты конституциялық құқық нормаларын кешенді түрде қарастыруды айғақтайды. Мемлекет басшысының өткен жылдың 8 қыркүйегіндегі Жолдауында Бас прокуратураға бизнесті қолдауды күшейту және инвестицияларды қорғау жөніндегі арнайы комитет құру туралы тапсырмасы да кездейсоқ емес. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы азаматтар мен бизнестің жекеменшік құқығын қорғауға бағытталған конституциялық кепілдіктерді ұлғайтудың маңызды элементі ретінде банк құпиясын жеке және іскерлік келіссөздермен кез келген байланыс қүралдары, оның ішінде цифрлық технологиялар арқылы берілетін хат алмасу құпиясын конституциялық қорғауды күшейтуді ұсынады, — деді Азат  Перуашев.

«Respublika» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров 2019 жылдан бері Қазақстан кешенді өзгерістерден өткенін, елдегі басқару тәсілі біртіндеп жаңарып, жабық шешім қабылдау моделінен — ашықтыққа бет бұрғанын атап өтті.

Сондай-ақ, заң жобаларын үш кезеңнен өткізу бастамасы оның жан-жақты талқыланып, сапалы құжатқа айналуына негіз болатынын айтуда. Бұл тәжірибе АҚШ, Канада, Германия, Швеция, Норвегия, Австрия секілді мемлекеттерде де бар.

− Конституциялық реформа − елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғырудың заңды жалғасы. Мемлекет ісінде шешімді тез қабылдау көп елдің экономикалық артықшылығына айналды. Капитал, технология және адами ресурстар үшін жаһандық бәсеке жағдайында жайбасарлыққа жол беруге болмайды. Біз шешім қабылдаудың күрделі әрі ұзақ процесстерінен өтіп жатқанда, басқа елдер басқару жүйелерін тез бейімдеп, жобаларын жүзеге асырып, инвестиция тартып үлгереді, − деді Айдарбек Қожаназаров Конституциялық комиссиясының үшінші отырысында.

Оның айтуынша, халық мемлекеттен ең алдымен түсінікті ережелерді, шешімдердің уақытылы орындалуын және қабылданған шешімдер үшін нақты жауапкершіліктің болуын күтеді. Осындай талаптар ғана елдің дамуына және қоғамның мемлекетке деген сенімінің нығаюына негіз болады.

Өз кезегінде «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев Конституцияның преамбуласын жаңа редакцияда «Біз, Қазақстан біртұтас халқы, табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын тани отырып, болашақ ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деген ұстанымды қолдайтынын жеткізді.

− Сондай-ақ 31-бапқа азаматтардың табиғатты сақтау міндетін енгізіп, мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау мақсатын айқындауды, ал лауазымды тұлғалардың экологиялық деректерді жасырғаны үшін жауапкершілігін күшейтуді қажет деп санаймыз. 61-бап бойынша Құрылтайға қоршаған ортаны қорғау заңдарын реттеу құзіретін беру біздің экологиялық саясатымызға конституциялық күш береді деп білемін. Бұл ұсыныстар келер ұрпақ алдындағы біздің жауапкершілігімзді нақты айқындайды, − деді Серік Егізбаев.

Қазақстан Халық партиясының жетекшісі Магеррам Магеррамов елді жаңартудың негізгі элементтерінің бірі — пропорционалды негізде құрылатын бір палаталы Парламент құру жөніндегі ұсыныс екенін айтты. Партияның пікірінше, бұл ұсыныс саяси дискуссияны жандандырып, партиялардың мемлекеттік саясатқа әсерін күшейтуге мүмкіндік береді.

− Бір палаталы Парламентте пропорционалды сайлау жүйесі — сөзсіз, саяси партияларды нығайту, олардың мемлекеттік саясатқа ықпалын арттыру. Көппартиялық өкілдік — өкілдік демократияның көрсеткіші және саяси жүйенің тұрақтылығының негізі. Жаңа парламенттік жүйе заң шығарушы органның ықпалын күшейтеді және саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал «Заң мен Тәртіп» қағидатын Конституцияда бекіту азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің теңгерімді үйлесімін қалыптастырады, − деді М. Магеррамов.

Депутаттың айтуынша, заң тәртіпсіз күшін жоғалтады, ал заңсыз тәртіп озбырлыққа айналады. Сондықтан «Заң мен Тәртіп» — әділетті қоғамның ажырамас құрамдас бөліктері және азаматтардың қауіпсіздігі мен еркіндігінің кепілі.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов конституциялық реформа мемлекеттік билікті барынша ашық, қоғам алдында есеп беретін және азаматтарға жақын етуге бағытталғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол реформаның тиімділігі жаңа институттардың санына қарай емес, азаматтардың өміріндегі нақты өзгерістер арқылы бағалануға тиіс екенін атап өтті.

− Адам құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктерді кеңейту, соның ішінде заңда белгіленген рәсімдерді сақтай отырып, бейбіт жиналыстар өткізу құқығын қамтамасыз ету маңызды. Біз Конституцияны Конституция үшін өзгертіп отырған жоқпыз. Біз Конституцияны адам үшін өзгертіп отырмыз, — деді ол.

Депутат Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың әлемдегі демократиялық процестерге сай келетінін және халықаралық социал-демократиялық қауымдастық тарапынан қолдау табатынын айтты.

— Бұл елдегі конституциялық өзгерістердің оқшау саяси эксперимент ретінде емес, жаһандық демократиялық трансформацияның бір бөлігі ретінде қабылданып отырғанын көрсетеді, — деді Мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның келесі отырысы 28 қаңтарда өтеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 21:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see142

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see137

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see135

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see134

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see134

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see128

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see127

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see125

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see124

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see123

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see123

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see118

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see117

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see116

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see114

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

25 Қазан 2026 14:39see114

Республика күніне орай Көкшетаудың ең биік нүктесінде Мемлекеттік Ту көтерілді

25 Қазан 2026 14:10see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары