Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Коучтерді лицензиялау ұсынылды

Коучтерді лицензиялау ұсынылды

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлеужеліде блогерлер «қып-қызыл ақшаға» сататын курстардың көпшілігі сапасыз әрі ғылыми негізі жоқ.

Осындай пайдасыз дүниеге кезіккен азаматтар күн сайын жапа шегуде. Осылай деген сенаторлар блогерлердің әрекетіне жауапкершілікті күшейтуді талап етіп отыр. Әр қайсысына мониторинг жүргізіп, лицензиялауды ұсынды. Алдағы уақытта бұл үрдіс қалай реттелмек? 

Блог, коуч, инфлюенсер. Оларға қараша жұрт сенуге әуес. Кейбірі сенгені соншалық, ақылы курсын сатып алып, пайдаға кенелемін деп үміттенеді. Соңында «сан соғады». Әлеуметтік желіні «жаулаған» блогерлерді лицензиялап, арнайы реестрін құрған жөн. Бұл жауапсыз әрекеттерді тежеп, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін сақтау үшін қажет. Депутаттар мәселеге тағы бір мәрте назар аударды. Пайдасыз, күмәнді курстар көбейді, дейді. 

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Осының барлығымен біз күресу үшін арнайы біқатар мәселелерді енгізген болатынбыз. Қаржылық мониторинг агенттігі біздің деп сауалымызды құптап алдағы уақытта заңсыз онлайн казиноларға жарнама істегені үшін, гивтарды ойнатқаны үшін болашақта қылмыстық жауапкершілік енгізілетін болады. Тіпті кейбір блогерларды коучтерді сертификациялауға қатысты бүгінде мәселе туындап отыр. Әрине оның барлығы менің ойымша қордаланып қалған мәселелерді біржақты шешуге өзінің септігін тигізеді деп мен меніммен айта аламын.

Депутат онлайн курстар мен ұтыстар ұқсас тәсілмен жұмыс істейтінін айтады: Күрделі дағдыны оңай үйрену, мол табысқа тез жету. Құрғақ уәдеге сенген азаматтар уақытын да, қаржысын да жоғалтып, күткен нәтижеге қол жеткізе алмай дал болады. Әрине кәсіби психологтар бұндай әрекетті қолдамайды және сертификаттау мәселесін көтеру орынды деп есептейді. Мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінде онлайн-курс сататын адам міндетті түрде біліктілігін дәлелдейді.

 Александр Рущук, психолог:

- Онда тек бос уәде ғана бар, адамдар көңілі қалып, көп ақша жұмсап жатыр. Психика өзгермейді, денсаулық жақсармайды, ақша табамын деген жалған үміт орындалмайды. Өкінішке орай, Қазақстанда бұл сала кәсіби деңгейде реттелмеген. Блогер-психологтар өте көп. Өздері 3-5 айлық курс қана оқып, дәріс береді. Менің ойымша, оларды лицензия мен сертификат алуға міндеттеу қажет. Кәсіби білімі тексеріліп, шынымен маман екендігі анықталуы тиіс. Себебі кейбіреуі тәуелділіктен немесе күйзелістен 3 күнде арылтамын деп уәде береді. Расында бұл тіпті жоғары білімі бар маманның қолынан келмейді. 

Әлеуметтік желілердегі жаппай агрессивті жарнама онлайн-курстар мен ұтыстардың кең таралуына себеп болып отыр. Тіпті құмар ойынға үгіттейтіндер бар. Оңай табысқа қызыққандар осы тұзаққа көп ілінеді. Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері құмар онлайн ойын жарнамалаған 37 блогерді анықтады. Оларға 4 млн теңгеден аса айыппұл салды. Пысықайлар бұл соманы пысқырар емес.Себебі блогердің жарнамадан табатын табысы айыппұлдан әлдеқайда көп.

ЦИТАТА: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Қолданыстағы әкімшілік санкциялар құмар онлайн ойындарын жарнамалайтын адамдардың алатын пайдасымен мөлшерлес емес. Бұл оларды заңсыз қызметін жалғастыруға ынталандырады. Мысалы, 600 мыңнан астам оқырман жазылған аудиториясы бар блогер-музыкант Р.Ш. Шамшыраққа қатысты онлайн-казино жарнамалау фактісі бойынша әкімшілік істер екі рет қозғалды. Басқа жағдайда, блогер Н.М. Тұрғанов өзінің парақшасында онлайн-казино жарнамасын бірнеше рет орналастырған, ол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты Агенттік заңсыз ойын бизнесінің әрекетін жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулерді әзірлеп, Әділет министрлігіне жіберді.

Жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты ұсыныстар жыл соңына дейін пысықталады. Агенттікпен қатар Бас прокуратура, Әділет, Ішкі істер министрліктері әлеужелідегі бассыздықтарды зерделеуде. Әкімшілік, Қылмыстық кодекстерге нақты түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Рухани Әбдірахман

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 17:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары