Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері: Атом саласының ардагері туралы не білеміз?

КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері: Атом саласының ардагері туралы не білеміз?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгінгі кейіпкеріміздің есімін жұртшылық біле қоймайды. Оған өзі де құштар адам емес. Өте қарапайым. Мінезі біртоға. Көп ашылмайды. Бірақ бірегей маман иесі. Атом саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған санаулы қазақ­тың бірі. Мүмкін, алғашқысы. Аты-жөні – Манас Мамырұлы Сатанов.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Манас Мамырұлы көр­ші Өзбекстанның қазіргі Науаи облысындағы Тамды же­рінде дүниеге келген. Туған ауылындағы орта мек­тепті бітіргеннен кейін Таш­кент қала­сындағы Орталық Азия университеті физика факуль­­тетінің ядролық физика бөлі­­­мі­не оқуға түсті. Бұл – өткен ғасыр басында Орта Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны болатын. Мұнда қазақтың талай айтулы азаматтары білім алған.

Университетті аяқтағаннан кейін кейіпкеріміз Зарафшан қаласындағы кен өндірісіне қызметке орналасады. Аталған өндіріске сол маңайдағы біраз кен орындары қараған. Соның ішіндегі ең үлкені – Мұрынтау карьері. Карьер 60-жылдары ашылған әлемдегі ең ірі кен орны саналды. 70-жылдары осы кен орнынан 60 тонна алтын өндірілген.

Оның айтуынша, Тамды өңірінде қазақтар көп шоғыр­лан­ған. Әсіресе олардың дені ауылда тұрған. Көпшілігі осы кен орындарында еңбек етіпті. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін біраз қандасымыз атажұртқа оралып, Теміртау, Рудный, Степногор қалаларына қоныс­танған. Бүгінде солардың көбі осы ша­һар­лардағы кен орындарында жұмыс істейді.

70-жылдардың басында Мұрынтау карьері жанынан Гаммаактивациялық талдау зертханасы құрылды. Аталған мекеме осы төңіректегі барлық кен орнына талдау жасап, ондағы пайдалы қазбалар қо­рына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зертхана тікелей Мәс­­кеудегі КСРО Орта машина жасау министрлігіне қара­ды. Өйткені сол кезеңде одақ кө­леміндегі алтын, уран кен орын­дарының жұмысын осы министрлік қадағалайтын еді.

«Менің негізгі мамандығым – ядро-физик. Сондықтан «осын­дай зертхана ашылады, оған білікті мамандар керек» дегенді естіп, құжатымды тапсырдым, – деп бастады сөзін Манас аға. Мекеме басшылары соған мән берді-ау деймін. Шақырып алып, әңгімелесті. Сөйтіп, 1975 жылы зертханаға жұмысқа орналас­тым. Онда1994 жылға дейін істедім. Алдында инженер-физик, кейін ауысым басшысы болдым. Кеңес дәуірінде бұл зертхананың аты көп айтылмайтын. Құпия саналды. Зертхана жұмысы 1976 жылы қазан айын­да басталды. Ашылуына Мәскеуден КСРО Орта машина жасау министрлігінің өкілдері келіп қатысты. Біздің мекемеде өте тәжірибелі мамандар қызмет істеді. Оның ішінде ғалымдар да болды. Зертхана қызметкерлері осы аумақтағы кен орындарына сараптама жасап, талдау жүргізді. Пайдалы қазбалар қорын анықтады. Гаммаактивациялық талдау жасадық», деді ол.

Гаммаактивациялық талдау – кен орындары мен оларды технологиялық өңдеу өні­мінің сынамасындағы алтын мен ілеспе элементтерді анықтайтын әдіс. Химия ғылы­мын­да әрбір элементтің өз сипаттамасы бар. Мәселен, білікті маман жасанды радиоак­тивтің қорғанысы өте күшті болатынын айтады. Ол арнайы камера ішінде сақталады. Оның қорғаныс қабырғасының қалыңдығы 4 метр 25 см. Яғни арасына қорғасын құйылған бетонмен қапталған. Өйткені радиоактивті сәулеге ешкім жақындамайды. Өте қауіпті. Сондықтан ол автоматты жұ­мыс істейді.

Бұған дейін алтынды то­пырақтан анықтауға көп уақыт жұмсалған еді. Алдымен топы­рақты ұн секілді әбден ұн­тақтайды. Оған қаншама күш пен энергия қажет. Бір жағынан, бұл үдеріске бір жарым тәулік уақыт кетеді. Сондықтан ғалымдар осы әдісті жетілдіруге айрықша мән берді. Оны дамытудың ғылыми жолын іздеді. Бұған Мәскеудегі Радиация институты мен қазіргі Санкт-Петербург қаласындағы Электрофизикалық аппаратура институтының ғалымдары көп үлес қосты. Нәтижесінде, ғалымдар «Желілік тездеткіш» құрылғысын пайдаланып, оны аталған зертханада өндіріске қосты. Соның арқасында топы­рақ құрамындағы алтынды анықтайтын активациялық тал­даудың уақыты 17-20 секундқа дейін қысқарды.

«Бұл құрылғы жұмысы­мызды біраз жеңілдетті. Кен өндіру көлемі ұлғайып, өнім көбейді. Зерттеу кезінде Мәскеу мен Санкт-Петербургтағы аталған ғылыми институттарға іссапармен барып, ондағы ғалымдарымен бірге жұмыс істедім. Бұл мекемелерге бө­тен адам кірмейді. Арнайы рұқсат қағазбен ғана кіресің. Біздің құрылғымыз ғылыми жаңалық ретінде танылып, одақ көлемінде жоғары бағаланды. Соны жасауға қатысқан 12 адам КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Бұған біздің мекемеден екі қызметкерді ен­гізді. Біреуі – зертхананың алғашқы басшысы Николай Ба­роха. Екіншісі – мен. Қалған 10 маман – аталған қос инс­титуттың ғалымдары. 1984 жылы мәртебелі сыйлыққа ие болдық. Оны бізге Мәскеу төрінде сол кездегі КСРО Ғылым академиясының пре­зиденті, белгілі ғалым А.П.Александров тапсырды. Сол жолы бізбен бірге техника ғылымының басқа салалары бойынша да бірнеше ғалым осы атақты иеленді. Шы­нымды айтсам, қатты толқыдым. Мұндай құрметке ие боламын деп еш ойлаған емеспін. Бұған ата-анам, ауылдастарым, әріптестерім ерекше қуанды. Елге келгеннен кейін солардың басын қосып, дастарқан жайдым. Әсіресе мектептегі алғашқы мұғалімім Зада апайға Мәскеуден шәлі әкеп беріп, иығына жаптым. Соған ұстазым балаша мәз болды», деді кейіпкеріміз.

Шынында, кеңес дәуірінде топтан озып, мұндай мәртебелі марапатқа қол жеткізу оңай болмайтын. Сол кезеңде жал­­пақ елді мойындатып, КСРО Мем­лекеттік сыйлығын ал­ған қазақ­тар санаулы ғана. Мәсе­лен, ғылым саласында бұл атақты әйгілі академик Қаныш Сәтбаев, айтулы ғалым Ебіней Бөкетов, техника ғы­лым­дарының докторы Ғалым Әбілсейітов, белгілі физик Бэла Ахметова алған еді. Ал әдебиет саласында заң­ғар жазушы Мұхтар Әуезов, көр­некті қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісов, біртуар ақын Жұ­бан Молдағалиев иеленді.

Манас Мамырұлы Гаммаак­тивациялық талдау зертханасында 20 жылға жуық табан аудармай еңбек етті. Қатар­дағы қызметкерден білікті маманға айналды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты ретінде айрықша құр­метке бөленді.

1994 жылы тарихи ота­ны­на оралып, Тараз мемле­кет­тік университеті мен Қ.Сәт­баев атындағы Қазақ ұлт­тық техникалық зерттеу универ­ситетінде қызмет істеді. Бұдан кейін он жылдан аса Алма­тыдағы азаматтық авиация академиясында оқытушы болып, шәкірт тәрбиеледі. Бүгінде елордада тұрады. Жапырағы кең жа­йылған іргелі әулеттің иесі.

Жақында Манас аға сеңгірлі 80 жасқа толды. Алайда ол кісі­ні сексендегі қария деп айта алмайсың. Қимылы ширақ, ойы сергек. Әлі күнге дейін көлік тізгіндейді. Әңгімелес­кен­нен кейін аяғын жылдам басып, редакция алдында тұрған жеңіл көлігіне мініп, жүріп кетті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 00:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see156

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see148

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see146

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see144

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see142

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see126

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see126

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see126

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see125

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see124

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see123

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see120

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see118

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see118

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see116

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see115

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see114

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары