Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Лайық емес пе? Билет құнына байланысты қазақстандықтарға ұшақта фильм көруге рұқсат берілмеді

Лайық емес пе? Билет құнына байланысты қазақстандықтарға ұшақта фильм көруге рұқсат берілмеді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

FlyArystan жолаушысы ұшақтың ауыстырылғанына шағымданды: лоукостер бортының орнына рейсті Air Astana ұшағы орындаған, алайда бұл әуекомпания жолаушыларына үйреншікті планшеттер мен құлаққаптар берілмеген. FlyArystan мұндай ауыс-түйіс кезінде қызмет көрсету жиынтығы неге өзгермейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Travel.

Бәрі қалай басталды?

Жолаушы бұл оқиға туралы әлеуметтік желілерде бөлісті. Оның айтуынша, FlyArystan рейсі Air Astana ұшағымен орындалған. Алайда жолаушыларға құлаққап берілмеген, ал мультимедиялық жүйе қолжетімсіз болған. Дәм ретінде тек су мен печенье ұсынылған.

"Кеше FlyArystan рейсімен ұштым, бірақ бортты Air Astana ұсынды. Ең қызығы: бізге фильм көру үшін құлаққап бермеді, ал планшеттерді ұша бастағанда-ақ өшіріп тастады. Су мен печенье бергеніне рақмет. Бұл әрдайым осылай ма? Егер тасымалдаушы қымбат болып шықса, біз құлаққапқа лайықты емеспіз бе?" - деп бөлісті жолаушы.

Скриншот: Threads

Пікір қалдырушылар арасында басқа желі қолданушылары да ұқсас жағдайлар туралы айтып берді.

"Ал бізге Air Astana-ны FlyArystan-ға ауыстырған кезде, дұрыс тамақтың орнына бір бәліш пен су берді, әрине, ол жерде ешқандай планшет пен құлаққап жоқ", "Бәрі оңай: бейнематериалдарды жеткізушімен жасалған келісімшартқа сәйкес, видеоны тек Air Astana рейстерінде көрсетуге болады, өйткені FlyArystan - басқа заңды тұлға", "Иә, өйткені сіз қызмет деңгейін көтеру үшін ақы төлеген жоқсыз. Біз де бірде осылай ұшқанбыз", - деп бөлісті пікір қалдырушылар.

Әуекомпания не дейді?

Біз түсініктеме алу үшін FlyArystan баспасөз қызметіне жүгіндік. әуекомпания ұшақтарды жедел себептерге байланысты ауыстыруға тура келетінін түсіндірді. Олардың қатарында техникалық іркілістер, борттың кешігіп келуі және рейстің орындалуына әсер етуі мүмкін басқа да жағдайлар бар.

"Әуе кемелерін ауыстыру операциялық қажеттілікке, соның ішінде техникалық іркілістерге, әуе кемесінің кешігіп келуіне және рейстің уақтылы орындалуына әсер ететін басқа да жағдайларға байланысты", - деп атап өтті компания.

Бұл ретте ұшақтың ауыстырылу фактісі қызмет көрсету класының автоматты түрде көтерілуін білдірмейді.

Компанияның баспасөз қызметі егер FlyArystan рейсі Air Astana әуе кемесімен орындалса, жолаушы өзінің бастапқы билетінде қарастырылған қызметтерді алатынын хабарлады.

"FlyArystan рейсі Air Astana әуе кемесінде орындалған кезде жолаушының бастапқы билетінде қарастырылған шарттар толық көлемде сақталады. Планшеттер, құлаққаптар және мультимедиялық жүйеге қолжетімділік лоукостердің стандартты қызметтер тізіміне кірмейді және әуе кемесі жедел ауыстырылған кезде оларды ұсыну техникалық тұрғыдан мүмкін емес", - деп түсіндірді әуекомпания.

Егер бортыңыз ауыстырылса не істеу керек?

Бұған дейін Көлік министрлігі осындай жағдайға тап болған жолаушылардың қайда шағымдануы керектігін айтқан болатын.

"Отандық әуе тасымалдаушыларының жұмысына қатысты мәселелер бойынша қазақстандықтар e-Otinish порталы арқылы Азаматтық авиация комитетіне, Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне, сондай-ақ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне өтініш жолдай алады", - деп түсіндірді ведомство.

Тәжірибелі саяхатшылар рейс ауыстырылған кезде дәлелдемелер жинауға кеңес береді: хабарламалардың скриншоттарын жасау, отырғызу талондарын, сатып алу шарттарын және қолдау қызметімен хат алмасуды сақтау - мұның бәрі әуекомпанияға ресми шағым түсіру кезінде қажет болады.

Егер тасымалдаушы жауап бермесе, бақылаушы органдарға жүгіну қажет.

Жайсыз жағдайлардан қалай сақтануға болады? Ұшуға бір-екі тәулік қалғанда рейс мәртебесін және отырғызу талонындағы деректерді тексеріңіз. Чектерді, билеттерді және қызмет көрсету класы мен құнын растайтын кез келген құжаттарды сақтаңыз. Ұшақ ауысқан кезде әуекомпания өкілінен түсініктеме талап етіңіз және жүгіну фактісін тіркеңіз. Егер құқығыңыз бұзылса, тасымалдаушының сайты арқылы ресми шағым жолдаңыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қыркүйек 2026 15:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары