Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

Дәстүрлі әншілер сайысы

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

Airbus рейстерінің кешегуі: бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қашан аяқталады

Лазерлік отаны 18 жасқа дейінгі балаларға жасамағаны дұрыс Гүлназ Нұрланқызы

Лазерлік отаны 18 жасқа дейінгі балаларға жасамағаны дұрыс Гүлназ Нұрланқызы

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

– Соңғы кездері қандай сырқатты тілге тиек етсек те, «жасарып кетті» не «түрленіп жатыр» дейміз. Мысалы, бұрын жақыннан көру (миопия), астигматизм, амблиопия сияқты диагнозы тек жасөспірімдерге тән болса, қазір олардың балабақша жасындағы балаларда кездесетіні рас па? Тағы қандай өзгерістер бар?

– Көз ауруларының көбейгені, кейбірінің жасарып жатқаны рас. Мәселен, алыс-жақын көруінің нашарлауы жасарған. Бұрын мұндай диагноз балаға мектеп жасында немесе студенттік шағында қойылса, қазір көзбен жақын қашықтықта жиі жұмыс істегендіктен, ерте жаста анықталып жатыр. Онда да жүктеменің көптігінен. Мысалы, астигматизм диагнозымен дүниеге келген сәбилер көзіне қатты салмақ салмаса, стационарлық түрде күтінсе бірнеше жыл бойы сырқаты қозбауы мүмкін. Яғни, көзілдірікті қатты қажет етпеуі ықтимал. Алайда көзге жүктемені көбейтсе, минус  астегматизмге әкеледі.

Екіншіден, бүгінде медицина ілгері дамып, дертті анықтайтын құрылғылар жаңарғанын шетке ысырсақ, баланы тексерілу уақыты жиілеген. Жұрттың да көзі ашылып, денсаулыққа көңіл бөле бастаған. Әсіресе, қалалы жерде тексеруге келушілердің саны өскен. Арасында анасы бір баласының көзі қылилығын көрсетемін деп еріп келген екінші баласын қаратады. Кей кезде сол баланың ауытқуы анықталып жатады.

– Негізі көздің нашар көруі тұқым қуалайды дейді, осы қаншалықты рас?

– Ол – рас, олардың қатарында: катаракта, глаукома, ретинобластома ісігі  мен көз ішіндегі туа біткен өзгерістер. Туабіткен катаракта ата-анадан табылса, бүкіл баласын қаратқан жөн. Бұл дерт – көздің көруін нашарлатады, сондықтан ерте жастан анықтап, емдеткен дұрыс. Ота ертерек жасалса, келешекте көздің көруі жақсарып, реабилитация жеңіл өтеді. Ал ретинобластома ісігі – өте қауіпті дерттің бірі. Алда-жалда бұл сырқат бір баладан анықталса, қалғаны да тексеріледі. Сонымен қатар көздің қылилығы, микрофтальм, көз көлемінің қысқаруы да тұқым қуалауы мүмкін.

Мәселен, жүктілік кезінде қандайда бір стрестің немесе инфекцияның, ананың суықтануы әсерінен баланың жатырда қалыптасу барысында көзіне әдеттен тыс ісік туындайды. Сәби сол дертпен жарық дүниеге келеді, бірақ ол тұқым қуаламайды. Әлгі сырқат көздің қалыптасуында пайда болғандықтан, ДНҚ-сында жазылмаған, тек қалыптасу құрылысы бұзылған боп саналады. Жалпы инфекция баланың қалыптасуында көзіне қатты әсер ететінін ескерген жөн.

 – Жаңа туған нәрестелерде көру қабілетінің нашарлауы жиі кездесе ме? Оның нашар көретінін қай кезде немесе қалай байқауға болады?

– Ең алдымен, шала туған нәресте мен ай-күні толған сәбиді қарау – екі бөлек дүние. Шала туған шақалақтың өзі секілді жанары да қалыптасып үлгермейді. Оның үстіне дені сау нәрестенің де бәрі бірдей 100 пайызға көрмейді. Өздеріңіз білетіндей, дүниеге келген әрбір сәбидің көру қабілеті де жүре-бара дамиды. Бастапқы кезде шақалақ алыстағаны көрмейді, тек 2 метр қашықтыққа дейін көре алады. Міне, сол секілді әр жастың өзінің көру критерийі бар. Айырмашылығы – әр уақытта қаралудың құралы өзгереді.

Нәрестенің кезең-кезең сайын тексеруге белгіленген уақыты бар, дәрігерлер соған сүйенеді. Мысалы, нәрестенің ең алғашқы қаралуы – перзентханада: онда тек көздің алдыңғы бетін қарайды. Содан оның келесі қабылдауын белгілейді. Ал шала туған сәбиді алдымен неонтолог дәрігер қарап, уақытына сай офтольмологке жібереді. Сондықтан балаларды 3 ай, 6 ай, 1 жыл көлемінде тексерілуі тиіс.

– Ал нәрестенің туабітті сырқаты болса, не істеуі керек?

– Сәби туабітті сырқатпен, яки астигматизммен дүниеге келді делік. Дәл сол кезге оған ем қажет болмауы мүмкін. Кейін, уақыт өте көзілдірік тағуы ықтимал. Не болмаса нәрестеде туабіткен плюс делік, 5-6 жасқа дейін сырқаты қозбай келіп, аяқасты плюс өсіп, қосымша емнің қажеттігі туындау ықпалы бар. Жаңағы өзгерісті байқаған дәрігер күндердің бір күнінде баланың көзілдірік киетінін біледі,  бірақ дәл қазіргі сәтте әзірге оның қажеті болмауы мүмкін. Оның қай уақытта көзілдірік киюі керегін бақылап жүрген дәрігер шешеді.  

Мысалы, катаракта, глаукоманы кішкентайынан емдеткен дұрыс. Кейде туабіткен катаракты баланың бір көзінде ғана кездеседі. Ондайды ата-ана да, бала да байқамай, оны  есейгенде біліп жатады. Өйткені бала бір көзі жақсы көргендіктен, сонымен жүре береді. Уақытын өткізіп алсақ, ота жасағанның өзінде екінші көзді қуып жетуі қиынға түседі. Дертті ертерек анықтап, ем-домы тезірек жасалса, көзінің оңалуы да жеңіл өтеді. Сырқатты анықтай салып, бірден ота істету де дұрыс емес. Білікті дәрігер баланың жағдайын бағалай отырып, операцияны істейтін кезеңін өзі белгілейді.  

Баланың көруі жақсы болса, дәрігерге қарату қажет пе?

– Әрбір ата-анаға айтарым, бекітілген профилактикалық тексеруді жібермеңіздер. Жоғарыда айтқанымдай, балалар 3 ай, 6 ай, 1 жыл көлемінде тексерілуі тиіс. Бұрынғыдай балабақшаға апарарда немесе мектепке барарда өтірік анықтама жасатудың қажеті жоқ. Бала ересектер секілді шағым айта алмайды. Егер бала екі көзінің көруі әртүрлі болса, бала оны байқамайды. Сол себепті баланың профилактикалық тексеруін жібермеуіміз тиіс.

Мысалы, ағайын-туғанның арасында ешкімнің көзі ауырмаса да баланың көзі нашар көре бастауы мүмкін. Туабіткен астигматизмі, плюсі бар шығар. Оның өзі балаға 30-40 пайыз жақсы көріп тұруы боп есептеп, жүре береді.  Уақытылы тексерістің арқасында бала білмесе де, ата-ана байқап жатады.

Балалар түгілі ересектердің күні смартфонсыз, планшет пен ноутбуксыз өтпейді. Олар көруді бұза ма? Көзге салмақ түсірмес үшін не істеген жөн?

– Әр баланың қай жасында, қанша уақыт телефон алдында отыруы көрсетілген.  Мәселен, бала 3-4 жасқа дейін телефонда отырмағаны жөн. Тек 4-6 жас аралығында бір жарым сағат, кейін 2 сағатқа дейін қолына ұстатқан дұрыс. Егер баланың минусы болса, бір отырғанда 20-30 минуттан артық көруіне болмайды. Одан артық көресе бұлшық ет жиырыла түседі, артынан оны босату оңай емес. Сол себепті 20-30 минуттан кейін алысқа қарап, көздің бұлшық етін босатып тұруы қажет.

Екіншіден, ұялы телефонға байланған бала кірпік қақпайды. Әр кірпік қаққан сайын көз ылғалданады. Ұзақ уақыт бойы кірпік қақпасы көз іші құрғай түседі. Бала жас ағза ғой, зат алмасуы жақсы жұмыс істейді. Дегенмен баланың ас қорыту жүйесінде өзгеріс болса, көздегі май бөлетін бездері құрамының бөлінуі де өзгереді. Салдарынан көздің ылғалдануы нашарлап, құрғауы мүмкін.

Жүктеменің көптігінен балалардың көруі мектеп кезінде нашарлай түседі дейді. Жалпы, сынып ішінің жарық болмауы, үлкен терезенің болмауы, үстел лампасының орнатылмауы көзге әсер ете ме?

– Әрине, жарықтың нашарлығы көз көруін нашарлата түседі. Баланың астигматизм, минусы болса, бөлменің жарығы нашар болған сайын көруі де нашарлай түседі. Себебі, олардың көзінің көруі қалыптыдан төмен. Негізі әр баланың ағзасы әртүрлі, біреуге еш нәрсе әсер етпеуі мүмкін. Мысалы, минус тұқым қуалайтыны белгілі. Ата-анасында анықталған диагноз бала туғалы байқалмаса да кейін шығады. Оған жүктеменің көптігі әсер етуі немесе баланың өсуіне де байланысты болуы мүмкін.   Астигматизмі бар балалар сабақ кезінде орнынан тұрып, назарын басқа жерге аудара алмайды. Ал бала кем дегенде 4 метр арақашықтыққа 20 секунд қарап, көздің бұлшық етін босатып, ары қарай оқуын жалғастыра береді. Сөйтіп, 2-3 рет қайталап, үзіліс  кезінде телефоннан тұрып, далаға қараса, көзге салмақ түспейді.

Қазір көп зерттеуде күн сәулесі көздің ішіне түсуі өте маңызды екені айтылады. Баланың сыртқа шығуы біріншіден, көзі күннің сәулесі шомылады, екіншіден, бала алысқа қарау арқылы бұлшық етке салмақ түсірмейді. Бұрынғы жылдары алысқа көруге  бейімделсек, осы күні кеңістігіміз бен үйіміз кішірейіп, алысқа қарауымыз азайған. Оның үстіне, баланың бұрынғыдай таңның атысынан күннің батысына дейін далада асыр салып ойнап, күн сәулесіне шомылып жүргені шамалы. Сондықтан бала кем дегенде далада 2 сағат жүруі керек. Ауа райының бұзылуына қарамастан, дәрігерлер баланың аптасына 14 сағат күн сәулесін алуға кеңес береді.  Бұл – миопияның өршіп кетуіне жол бермейді. Мысалы, пандемия кезінде балалар арасында минусы көбейіп кеткен. Бірақ далаға шықпағанынан ба, әлде телефонда ұзағынан отырғаны ма, оның нақтысы белгісіз.

Сәбіз, қара жидек жесе, көзге арналған жаттығу жасаса, көруді жақсартатыны рас па? Көздің көруі жақсару үшін не істеген дұрыс?

– Көздің ішіндегі бұлшық етіне, жақын мен алысты көруге арналған жаттығудың пайдасы мол. Резервте минусы бар жандар көзілдіріксіз  алысты нашар көреді. Жаттығудың арқасында алысқа көруді жақсартамыз. Әрине, бұл минусты алып тастайды деген сөз емес. Алайда профилактика ретінде бұлшық етті қатайту үшін жасау қажет. Жаңағы сіз айтқан сәбіз, қара жидек көздің көруіне әсер етпейді. Дәруменнің ағзаға пайдасы бар, онда да уақытылы әрі дұрыс тамақтану қажет. Десе де, дәрігерлер белгілеген жаттығудан қол үзбеу керек.

Көздің көруін жақсартады деген түрлі ББК (БАД)-тар бар. Олардың пайдасы қаншалықты тиімді?

– Медициналық тұрғыда, көздің көруін жақсартып, сырқатынан айығып жібереді деген дәрі жоқ. «Мынау көмектеседі» деп көзді жұмып, соқыр сеніммен дәрігердің тағайындауынсыз дәруменді іше беруге болмайды. Оның үстіне, әр баланың ағзасы әртүрлі. Балада А витаминоз, гипер витаминоз дегені қалыптан жоғары болып, оны ата-ана білместен өздігінен қандайда бір ББК (БАД) беріп, зардабын тартуы мүмкін. Әрбір ішкен затымыз бауырға әсер етеді. Қажетсіз дәрі-дәрмек көп ішсе де оның ағзаға кесірі тиеді. Біз әр дәріні пациентке берерден бұрын оның құрамы тексеріліп, зерттеліп, рұқсат берілгенін ғана пайдаланамыз. Тексерістен өтпеген дүниені емге мүлдем қолданбаймыз. Түрлі ББК-тар соның қатарында. Сондықтан дәрігердің кеңесінсіз, ештеңе алмаңыз.

– Ақпараттың көптігінен ата-аналарға шындық пен мифті ажыратуы қиындатып кетті. Кей ата-ана «көзілдірік тақса, көздің көруі нашарлай түседі» дегенге сүйеніп, баласына көзілдірік тақтыртпайды. Сол қаншалықты дұрыс?

– Бұл – қате түсінік. Көзілдірік көру қабілетін жақсартпаса, төмендетпейді. Көруі нашар бала көзілдірік тағып, оны шешкенде ғана айырмашылығын байқайды. Бұған дейін ол нашар көру қабілетімен жүріп, бойы үйреніп кеткендіктен бұл күйін қалыпты дүние деп қараған.  

Негізі баланың көруіне байланысты плюс-минус болса да көзілдірік уақытылы ауыстырылды. Өйткені бала өскен сайын көз де өседі, осыны ұмытпаған жөн. Олар ересектер секілді бір көзілдірікті 5-6 жыл бойы кимейді. Көздің көлемі өскен сайын оның параметрі де өзгереді. Сол себепті көздің параметрінің өзгеруіне қарай көзілдірік те ауысады. Мысалы, баланың көруі алғашқыда +8 болып, кейін 5,3-ке түсуі мүмкін. Кейде көздің көлемі өспесе, жаңағы + 8-бен қала береді. Көздің бұлшық еттері алыс-жақынды көрі қабілетіне жауап береді. Баланың кішкентай кезінде жаңағы бұлшық ет қаттырақ жұмыс істейді. Өсе келе әлгі бұлшық ет сәл әлсірейді. Кейде +8 киген бала алыс-жақынды жақсы көреді, кейін есейген шағында көзілдірікпен жақынды жақсы көрсе де, алысты көре алмауы мүмкін. Сондай кезде жақынды да, алысты да жақсы көретін көзілдірікке ауыстырамыз. Ондай табылмаса, екі түрлі өлшемдегі көзілдірік беріледі. Осының бәрі әр баланың көзіне байланысты қарастырылады.

Не болмаса бұлшық етке бекіп тұратын көз ішіндегі көз бұршағы (хрусталик) пішінін өзгертеді. Соған байланысты біз алыс-жақынды жақсы көреміз. Уақыт өте келе жаңағы бұлшық еттер әлсіреп, пішінін өзгертіп тұратын көз бұршағы (хрусталик)  қатая түсіп, жақынға көруі нашарлайды. Бүгінде жақын арақашықтағы қарауы көбейгендіктен, көру қабілеті төмендеп, миопияға шалдығуы бүкіл әлем бойынша ең жиі таралған сырқат боп есептеледі.

Қазір көзді қарататын жеке емханалар күрт көбейгені сонша бизнестің көзіне айналған. Олардың емі қаншалықты дұрыс? Ондай жерге барғанда неге мән берген жөн?

– Баланың көзі мен ересектердің жанарын қарауы –  екеуі екі бөлек дүние. Біз балаларға қарашығын кеңейтетін тамшыларды тамызамыз, бұлшық етін босатамыз, қараймыз. Бір құрылғыда баланың жанарын +2, +3 деп көрсетеді.  Біз балаға + 1 деп көзілдірік тағамыз, бірақ көруі жақсармады делік. Ал тамшы тамызған соң +1 емес, + 6 болуы мүмкін. Бағанағы құрылғы ол байқалмауы мүмкін. Мәселен, церебралді сал ауру немесе даун синдромымен ауыратын балаларда көзінің бұлшық еті нашар дамиды. Оларға көзіне тамшы тамызып,  жібере салу дұрыс емес. Баланың сырқатын ескере отырып, тексеру керек. Оның құрылғыға дұрыс отырмауы не болмаса баланың көңіл күйі болмауы да әсер етеді. Балаға қандайда диагноз қоймас бұрын бір емес, бірнеше рет тексеру қажет. Қандай емханаға қаралса да білікті дәрігердің бақлауында болғаны жақсы. Содан кейін дәрігер белгілеген уақыттан кешікпеген дұрыс. Бір келіп, артынан ізін суытып кететін ата-ана жоқ емес.

Лазерлік отаның жиілеп кеткені соншалық, соңғы кезде сәнге айналып кеткен секілді. Оның келешекте балаға кесірі тимей ме? Қай кезде, неше жаста ондай отаны жасаған дұрыс?

– Лазерлік отаны ересектерге жасағанымен, балаларға жасамайды. Жалпы, 18 жасқа дейінгі балаларға жасамағаны дұрыс. Әзірге баланың көруі қалыптасу үстінде, сол себепті көзі әлі өседі. Оған жастайынан ота жасап тастаса, кейін баланың көзі өсіп, стандарты өзгереді. Тіпті, бала 18 жасқа толды деп бұл отаны бірден жасатудың қажеті жоқ.

Әуелі хирург ота жасамай тұрып баланы тексеріп, ағзасы тұрақтылығын сақтап, белгілі бір уақыттың ішінде өзгеріссіз қалса ғана келісуі мүмкін. Бірақ әр отаның өзінің белгілі бір критерийі бар, хирург соған сүйенеді. Дәрігердің кеңесіне сүйенген дұрыс.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:46
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қ. Тоқаев Индонезия президенті мен Таиландтың премьер министріне көңіл айтты

29 Қараша 2025 20:57see111

Каспий құбыр Консорциумына қарасты нысанға шабуыл жасалды

29 Қараша 2025 23:22see111

Семейде полицейді қағып кете жаздаған жүк көлігі жүргізушісі ұсталды

29 Қараша 2025 21:18see110

Қазақстандағы Airbus ұшақтарының кешігуі: мәселе бүгін шешілетіні айтылды

29 Қараша 2025 12:09see107

“Құдай жазалады“: мүгедек жандар туралы ауыр сөз айтқан шенеунік кешірім сұрады

29 Қараша 2025 15:14see107

Абу Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!

30 Қараша 2025 18:05see105

Қытайда тоқ өндірудің тың тәсілін тапты

29 Қараша 2025 23:22see105

Елімізде таяқ тарту ойыны дамып келеді

29 Қараша 2025 14:55see105

Елімізде Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды

30 Қараша 2025 03:20see103

ЖАСҰО өкілі “Назарбаев“ университеті студенттерімен кездесті

29 Қараша 2025 19:14see103

Волейбол: Жетісу клубы Ақтөбені камбэкпен жеңді

30 Қараша 2025 18:48see103

Дәстүрлі әншілер сайысы

29 Қараша 2025 12:44see102

Қатал күйеу Алланың сыйы : белгілі коучтың сөзі қызу талқыға түсті

29 Қараша 2025 14:39see102

UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе жексіз қалғанын айтты

29 Қараша 2025 13:09see102

Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері

29 Қараша 2025 14:06see101

Қазақстан Швейцария: әйгілі сағаттар, ірімшік пен шоколадтың отаны Астанаға несімен қызық

29 Қараша 2025 10:08see101

Арнаулы салық режиміне енгендер ЖК тіркемей ақ 4 пайыздық төлем арқылы жұмыс істейді

29 Қараша 2025 10:09see101

Калифорниядағы балалар мерекесінде болған атыстан төрт адам қаза тапты

30 Қараша 2025 18:49see100

Шұғыл хабар! Енді Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыра алмайды

29 Қараша 2025 18:03see100

Airbus рейстерінің кешегуі: бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қашан аяқталады

29 Қараша 2025 13:01see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары