Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуропа Одағы Украинадағы қақтығыста делдал бола алмайды Эстония СІМ басшысы

Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды

Қазақстандықтар БЖЗҚ ның жаңа жеткіліктілік шегін өз бетінше есептеуге тырысуда

Ресейліктердің өсіп өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметі ерекше Путин

Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау жолдауда

Ресей Президенті: Ресейлік инвесторлар Қазақстанда 70 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

Бала бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойды Ақтөбе облысында мектептегі төтенше жағдай тергелуде

Әсет Тұрысов: Біртұтас цифрлы жүйе барлық мемлекеттік қызметті біріктіреді

Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?

Кәсіпкерлікті дамытуға 14,2 млрд теңге: Қарағанды облысы бөлінген қаражатты белсенді іске асыруда

Әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы бой тасалаған: Қазақстан әуежайында Ресей азаматы ұсталды

Су саласындағы венгерлік тәжірибе: қазақ жастары не үйреніп жүр?

“Ел имиджіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасының жанындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

Бет әлпетті жабатын киім киген 1 100 ден астам адам жауапқа тартылды

Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Путиннің мақаласы жарияланды

Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

Ан 2 апаты: дәрігерлер екінші ұшқыштың жағдайы туралы айтты

Мамандандырылған күзет мектептерге қызмет көрсетуден бас тартып отыр

Мамандандырылған күзет мектептерге қызмет көрсетуден бас тартып отыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Заң не дейді?

Мектептердегі күзет қызметі ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР «Күзет қызметі туралы» Заңы аясында реттеледі. «Білім туралы» Заңның 45-бабында білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі қарастырылған. Яғни білім беру ұйымы білім алушылардың және тәрбиеленушілердің, қызметкерлердің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығына жауапты. Ал «Күзет қызметі туралы» Заңның 5-бабында күзет қызметін көрсететін компаниялардың міндетті түрде лицензиясы болуы шарт деп жазылған. Лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға күзет қызметтерін көрсетуге тыйым салынады.

Фото: Алтынай Сағындықова

ҚР Үкіметінің «Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптары» Қаулысына да мектептердегі қауіпсіздік ережесі енгізілген.

2025 жылдың мамыр айында Оқу-ағарту министрі №112 бұйрығын бекітті. Талап бойынша биылдан бастап күзет қызметін 25-50 жас аралығындағы адамдар ғана атқара алады. Бұрын сотталмаған, психологиялық және наркологиялық есепке алынбаған адамдар ғана еңбек ете алады. Сонымен бірге қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге рұқсаты болуы шарт. Күзетшінің әрқайсысы арнайы дайындықтан өтеді. Ал күзет агенттіктері күзетшінің сапалы әрі жедел жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Әсіресе дабыл түймесі орнатылуы тиіс.

Күзет қызметі кетіп, күзетші алды

Фото: Алтынай Сағындықова

Алайда қазір мектептерді күндіз кіші қызметкерлер қарап отыр. Ал түнде уақытша қызметке қабылданған күзетшілер күзетеді. Себебі күзет қызметі компанияларының басшылары тендерге қатысудан бас тартқан.

- Жыл соңында келісімшарт мерзімі аяқталды. Кейін қаңтар мен ақпан айларында сол күзет қызметтері жұмысын жалғастырды. Ал наурыз айынан бастап күзетшілерді жұмысқа алуға рұқсат бердік. Себебі күзет агенттіктері Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында көрсетілген талаптарға сай болмай шықты. Жыл басынан бері бірнеше рет мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланғанымен, ешкім қатыспады. Енді сәуір айында конкурс аяқталып, жеңімпаздар анықталады деп күтіп отырмыз. Конкурсты мектептер, білім бөлімдері, егер бекітілген қаржыдан жоғары болса Ақтөбе облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасы ұйымдастырады. Қазір аудандарда бұл мәселе толық шешілді,- деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Ақтөбе қаласы бойынша 93 мектептің 11-де ғана күзет қызметі бар. Қалған 82 мектепте конкурс жүріп жатыр.

Фото: Алтынай Сағындықова

- Осы 82 мектептің ішінде 12-і қажетті соманың азаюына байланысты конкурсты өздері жариялап жатыр. Қалған білім ордаларына конкурсты Ақтөбе облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасы жариялады. Бұл тек бір өңірде емес, елімізде бар мәселе. Күзет қызметіне қойылған міндет өзгерген кезде компания басшыларымен жиналыс өтті. Олар бөлінетін қаржы аз екенін айтты. Төмен жалақыға жұмысшы келмейді. Тіпті еден жуушыны табу қиын мектептерге,- деді Бұлбұл Күзембаева.

Ақтөбе облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде 164 жалпы орта білім беру ұйымы лицензияланған күзет қызметімен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа 871 млн теңге қарастырылған.

Фото: Алтынай Сағындықова

- Бұл білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары тұрақты бақылауда. Жекелеген мектептерде конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Алайда осы кезеңде де қауіпсіздік деңгейін төмендетпеу мақсатында қосымша келісімдер негізінде күзет қызметі үздіксіз ұйымдастырылып отыр. Қазіргі уақытта күзет қызметімен қамтылмаған жалпы орта білім беру ұйымдары анықталмады. Сонымен қатар күзет ұйымдарына қойылатын талаптар материалдық және еңбек ресурстарын толық қамтиды. Материалдық базаға бақылау және байланыс құралдары, орталықтандырылған күзет пункттері, жедел әрекет ету мобильді топтары кіреді.

Ал еңбек ресурстары бойынша күзет қызметкерлері кәсіби дайындықтан өткен, заң талаптарына толық сәйкес келетін мамандар қатарынан іріктеледі,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мектептер күзет қызмет атқаратын компания іздейді

Фото: Алтынай Сағындықова

Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Ақтөбе облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының хабарламаларын қарап шықтық. Мұнда шынында да мектептерде күзет қызметін атқаратын компания іздеп жатыр. Кейбірінде конкурс аяқталғанымен, жеңімпаз жоқ. Ал кейбірінде әлі күнге дейін құжат қабылдау рәсімі өтіп жатыр. Мектептер күзет қызметі үшін қандай талап қойды?

Мәселен №55 орта мектептің құжаттарында тәулік бойы мамандандырылған күзет қызметін ұйымдастыру қажет екені жазылған. Келісімшарт бірден үш жылға жасалады. Күзет қызметінің міндеті:

- тапсырыс берушінің объектісі мен мүлкін күзетуді жүзеге асыру;

- объектідегі барлық құқыққа қайшы әрекеттің жолын кесу, олар туындаған жағдайда полиция нарядын шақыру;

- спирттік ішімдік ішуге және темекі шегуге жол бермеу;

- мүліктің қасақана бүлінуіне және ұрлануына жол бермеу;

- террористік актілердің алдын алу;

- жанжалдың белгілерін уақтылы тану және оның алдын алу мүмкіндігі;

- өрт дабылы түймелерінің, өрт сөндіргіштердің, ғимарат жоспарының орналасуын білу;

- мектеп оқушыларының, сондай - ақ әкімшілік персоналдың өмірі мен денсаулығын қорғау;

- персоналды эвакуациялауға және төтенше жағдайлар туындаған кезде көмек көрсету және т.б. Бұл тізімдегі ең негізгі талаптар. Қазіргі кезде Ақтөбедегі мектептерге күзет қызметін іздеп жатқан облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасы 17 500 000 – 18 720 000 теңгемен қатар 20 280 000 – 31 500 000 теңге аралығындағы келісімшартты ұсынып отыр. Наурыз айында өткен конкурстың көбінің жеңімпазы анықталмады. Ал ақпан айындағы конкурстың нәтижесі әзірге шықпады.

Kazinform мектептерде күзет қызметін ұйымдастырған ЖШС басшысымен де сөйлесті. Аты-жөні мен компания атауын жасырын қалдыруды жөн көрген басшылық әкімдік ұсынған бағаның тым төмен екенін алға тартты. Мұндай бағаға келісім берген компания шығынға батады.

Фото: Алтынай Сағындықова

- Күзет қызметіне қойылған талап өзгерген кезде жергілікті әкімдікте жиын өтті. Сол кезде тарифтің төмен екені айтылды. Негізі мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізбес бұрын ұйымдастырушы үш компанияның коммерциялық ұсынысын сұрайды. Ең төмен тарифті таңдап, конкурсқа шығарады. Төмен ұсыныс айтқан компанияның иесі кім болғанын білмеймін. Жыл басында біздің компания 25-50 жас аралығындағы адамдар ғана күзет қызметін атқара алады деген талапты білмеді. Сөйтіп конкурсқа қатысып, бір мектеппен арада келісімшарт жасалды. Келісімнен кейін жұмысшы іздедік, бірақ таппадық. Бұған дейін ең төменгі жалақы 85 000 теңге төленсе, енді кем дегенде 150 мың теңге болуы тиіс. Қазір үш адамды жұмысқа алдым. Кәсіпкер ретінде табысынан шығыны асып кетіп тұр. Жосықсыз деп танылмас үшін келісімшарт талабын түгел орындауға мәжбүрміз,- деді нарықта 10 жылдан астам тәжірибесі бар компания басшысы.

Оның айтуынша, бұған дейін күзет қызметін зейнеткерлер атқарса, енді отбасын асырап отырған ер адамдар жүр. Ал олар аз айлыққа жұмыс істемейді.

- Қазір орта есеппен 3 жылға 17 млн теңге ұсынып тұр. Айына 500 мың теңге шығады. Сол ақшаны үш күзетшіге бөлгенде 166 мың теңге болады. Одан салықты, зейнетақы аударымы мен медициналық жарнаны да аламыз. Күзет қызметін талапқа сай ұйымдастыру үшін кем дегенде әр күзетшіге 250 мың теңге, бір мектепке 750 мың теңге бөлінуі тиіс. Қазір мен күзетшінің қолына 150 000 теңге беріп отырмын. Жетпегенін компания қаржысынан бөлеміз,- деді ол. Бұл есепке сүйенсек, үш жылдық келісімшарт үшін әр мектепке 27 000 000 теңге бөлінуі тиіс.

Қазіргі кезде күзет қызметі компанияларында тәулік бойы жұмыс істейтін операторлар бар. Мектептердегі дабыл түймесі басылса алдымен сол операторлар қабылдап, полицияға хабар береді. Мектеп күзетшісінде қару болмайды. Қару тек шұғыл шақыртуға баратын арнайы топқа беріледі.

Мектептерді күндіз кезекші мұғалімдер мен кіші қызметкерлер қарайды

Фото: Алтынай Сағындықова

Ақтөбе қаласындағы мектептерді аралау кезінде есік алдында кіші қызметкерлер мен мектеп мұғалімдерінің отырғанын көрдік. Ал директорлар болса ашық сұхбат беруге қарсы. Алғашында мән-жайды баяндағанымен, кейін өзі туралы ақпарат жарияламауды сұрады. Сөз арасында ұққанымыз, кіші қызметкерлер күндіз есік алдында алма-кезек отырып, келушілерді арнайы журналға тіркейді. Онда адамның аты-жөні, қызметі мен телефон нөмірі жазылуы тиіс. Ал мектеп директорлары кабинеттегі үлкен экраннан бейнебақылау камераларының жазбасын бақылап отырады. Түнде күзетшілер жұмысқа кіріседі. Көбі сол мектепте аула сыпыратын қызметкерлер.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті мектептерде, колледжде рейдтік іс-шаралар да ұйымдастырады. Жасөспірімдердің сөмкесін қарап, ұстап жүруге тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексерді. Әрі рейд кезінде бірнеше зат табылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Polisia AQTOBE (@polisia_aqtobe)

Ашық дереккөздегі прокуратураның статистикасына сүйенсек, 2023 жылы кәмелетке толмағандар 123, 2024 жылы 100, 2025 жылы 140 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Былтыр 140 қылмыстық құқықбұзушылықтың 137-ін оқушылар жасаған.

Кейінгі жылдары мектептегі күзет мәселесі Үкіметте, Парламент отырыстарында жиі көтерілді. Төрт жыл бұрын Асхат Аймағамбетов мектептерді күзету үшін арнайы оқу-жаттығу өткізуді ұсынды.

2023 жылы білім ордаларына дабыл түймесі қондырылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Сәуір 2026 15:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуропа Одағы Украинадағы қақтығыста делдал бола алмайды Эстония СІМ басшысы

26 Мамыр 2026 20:45see117

Астанада жүк көлігі қаққан бала оқиға орнында көз жұмды

27 Мамыр 2026 16:21see112

Қазақстандықтар БЖЗҚ ның жаңа жеткіліктілік шегін өз бетінше есептеуге тырысуда

26 Мамыр 2026 17:52see110

Ресейліктердің өсіп өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметі ерекше Путин

27 Мамыр 2026 00:22see110

Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі

27 Мамыр 2026 13:40see110

Бұршақ, жаңбыр және найзағай: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

28 Мамыр 2026 00:01see109

Ақтау емханасындағы жанжал: пациент өз нұсқасын айтты

28 Мамыр 2026 10:53see109

Мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Тоқаевқа құттықтау жолдауда

27 Мамыр 2026 18:07see108

Ресей Президенті: Ресейлік инвесторлар Қазақстанда 70 ірі жобаны жүзеге асырып жатыр

27 Мамыр 2026 12:15see107

Бала бензин иісі бар сұйықтық ішіп қойды Ақтөбе облысында мектептегі төтенше жағдай тергелуде

27 Мамыр 2026 19:09see106

Әсет Тұрысов: Біртұтас цифрлы жүйе барлық мемлекеттік қызметті біріктіреді

27 Мамыр 2026 13:16see104

Балаларды сақтандыру неліктен маңызды?

28 Мамыр 2026 12:08see104

Кәсіпкерлікті дамытуға 14,2 млрд теңге: Қарағанды облысы бөлінген қаражатты белсенді іске асыруда

26 Мамыр 2026 22:29see103

Әйелді өлтіріп, 14 жыл бойы бой тасалаған: Қазақстан әуежайында Ресей азаматы ұсталды

28 Мамыр 2026 10:55see102

Су саласындағы венгерлік тәжірибе: қазақ жастары не үйреніп жүр?

28 Мамыр 2026 11:14see101

“Ел имиджіне нұқсан келтіреді“. СІМ Эйфель мұнарасының жанындағы граффитиге қатысты пікір білдірді

28 Мамыр 2026 13:44see101

Бет әлпетті жабатын киім киген 1 100 ден астам адам жауапқа тартылды

28 Мамыр 2026 11:14see100

Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында Путиннің мақаласы жарияланды

27 Мамыр 2026 00:20see100

Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

28 Мамыр 2026 12:32see100

Ан 2 апаты: дәрігерлер екінші ұшқыштың жағдайы туралы айтты

27 Мамыр 2026 15:31see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары