Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

МӘМС жүйесінде жаңа кезең: тегін тексерулер мен әлеуметтік әділеттілік

МӘМС жүйесінде жаңа кезең: тегін тексерулер мен әлеуметтік әділеттілік

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қаңтар айынан бастап Бірыңғай медициналық көмек пакетіне кезең-кезеңімен көшу басталды.

Бұл жаңа пакет халыққа медициналық көмекті бұрынғыдан да қолжетімді әрі түсінікті етеді. Атап айтқанда:

– Қай қызметтің мемлекет есебінен, ал қайсысының медициналық сақтандыру арқылы көрсетілетіні нақты ажыратылады. Соның арқасында бір қызметтің екі рет қаржыландырылуына жол берілмейді;

– Аурудың алдын алу шараларына, яғни тексерулер мен кеңестерге бару жеңілдейді, адамдар дертті асқындырмай ерте анықтай алады;

– Қатерлі ісік, қан қысымының жоғарылауы, жүрек аурулары, глаукома және қант диабеті сияқты қауіпті ауруларды ерте анықтауға арналған тексерулер МӘМС жүйесіне тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан барлық азаматтарға тегін әрі қолжетімді болады;

– Қоғам үшін аса маңызды ауруларға күдік туындаса, қажетті тексерулер тегін жүргізіледі;

– Қаржы тиімді бөлініп, медициналық жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалады;

– Нәтижесінде медициналық сақтандыру жүйесі шынайы сақтандыру қағидаттарына жақындай түседі.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар деп саналатын 13 аурудың тізімі қайта қаралды.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың төртеуі – қант диабеті, балалардың церебралды сал ауруы, дәнекер тіндердің жүйелі зақымдануы және ревматизм – ұдайы бақылауды қажет ететін аурулар тізіміне ауыстырылды. Демек, биылдан бастап аталған аурулар бойынша медициналық көмек МӘМС жүйесі аясында толық көлемде көрсетіледі.

Бірыңғай медициналық көмек пакеті қауіпті ауруларды ерте анықтау үшін халыққа тегін медициналық тексерулердің аясын кеңейтеді.

Мәселен, биылдан бастап онкологиялық скринингтер барлық қазақстандықтар үшін сақтандыру мәртебесіне қарамастан қолжетімді.

Онкоскринингтердің ТМККК аясында жалпыға бірдей жүргізілуі қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауға, дер кезінде тиімді ем тағайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы және қант диабетін ерте анықтау арқылы ауру асқынуларының алдын алып, мүгедектікке әкелу қаупін азайтуға жол ашылады. 2025 жылы елімізде 1 142 331 азамат онкологиялық скринингтен тегін өтуге мүмкіндік алды. Олардың 918 949-ы тексеруге қатысып, 5772 адамнан ауру анықталған.

Өткен жылы шілде айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған еді. Жаңа заңнамаға сай жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін жалақыдан МӘМС жарнасы үшін алынатын ең көп сома өзгертілді.

Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) аспайтын табыс көлемінен, ал қызметкерлер 20 ЕТЖ-ге дейінгі табыстан төлейтін болады.

Бұл шешім бір мезгілде бірнеше міндетті орындауға мүмкіндік береді:

– бизнес пен азаматтарға түсетін қаржылық жүктемені азайтуға;

– міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуін сақтауға;

– сақтандыру моделінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге.

Бұл жаңашылдық жүйенің әділдігін арттырып, МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайтады. Жауаптылар 2026 жылы науқастарды емдеуге қосымша 200 млрд теңге түседі деп болжап отыр. Айта кетейік, МӘМС-ке төлейтін жарна мөлшері жалақысы 3 млн 400 мың теңгеден жоғары 20 мың қызметкер үшін ғана өседі. Бұл – елдегі барлық жалдамалы жұмысшылардың тек 0,3%-ы. Бұл норма жалақысы 850 мың теңгеден жоғары 9% жұмысшыға да қатысты. Ал қалған 91% қызметкер үшін жарна мөлшері еш өзгеріссіз қалады.

Демек, 2026 жылдан бастап:

– Қызметкерлер үшін жарна есептелетін ең жоғарғы жалақы – 1,7 млн теңге. Ал ең көп жарна айына 34 мың теңге;

– Жұмыс берушілер үшін ең жоғарғы жалақы – 3,4 млн теңге болса, ең көп жарна айына 102 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Айта кету керек, қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін жарнаның пайыздық мөлшері өзгермейді. Тек жалақыдан МӘМС-ке алынатын ең көп сома ұлғаяды.

2026 жылдың тағы бір жаңалығы – енді D және Е санатындағы әлеуметтік жағдайы қиын азаматтар МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек ала алады.

Биылдан бастап жергілікті әкімдіктердің бюджеті есебінен шамамен 1 миллион адам (қиын және экстремалды деңгейдегі тұрмыс жағдайы бар азаматтар) МӘМС-пен қосымша қамтылады. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы төмен табысты азаматтардың тағы 5%-ы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізеді деген сөз.

Осы санаттағы азаматтар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдар төлейді. Бірақ ол үшін азаматтар медициналық көмекке жүгіну қажет. Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге де жергілікті билік жауапты болғандықтан, ресми тіркелген жұмыссыздардың МӘМС жарналарын жергілікті бюджет төлейді. Егер уақытша қиындықтар туындаса, азамат МӘМС жүйесіндегі мәртебесін 6 айға сақтай алады.

Сонымен қатар, енді қазақстандықтар бес жыл бойы үздіксіз өздері МӘМС-ке жарна төлеп отырса, уақытша төлем жасай алмаған жағдайда 6 ай бойы “сақтандырылған” мәртебесінде қала алады.

Бұрын бұл мерзім тек 3 ай болатын. Денсаулық сақтау министрлігі бұл әділ әрі маңызды шешім – жүйеге тұрақты қатысатын адамдарды, уақытша қиындыққа тап болған жағдайда да қорғауға бағытталған деп түсіндірді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша МӘМС жүйесінде 16,9 млн адам (82,6%) сақтандырылған, олардың ішінде шамамен 12 млн адам (59,5%) жеңілдігі бар санатқа жатады. Олардың жарналары мемлекет есебінен төленеді. Шамамен 3,4 млн адам МӘМС жүйесінде қамтылмаған, олардың ішінде 2,4 млн адам – қолайлы және қанағаттанарлық тұрмыстық деңгейдегі азаматтар, ал 1 млн адам – қиын (D) және экстремалды (Е) тұрмыстық деңгейдегі адамдар.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қаңтар 2026 18:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары