Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Маңғыстау облысы прокуратурасының актісі бойынша пробация бақылауында тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу кезінде жіберілген бұзушылықтар жойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген мониторинг барысында облыс әкімдігінің қаулысымен (25.12.2025 ж. №280) бекітілген  жұмыс орындарын квоталауға жататын жұмыс берушілер тізбесіне күзет қызметін жүзеге асыратын ұйымның енгізілгені анықталды.

Бірақ заңнамада азаматтардың жекелеген санаттары үшін белгілі бір қызмет түрлерімен, оның ішінде күзет саласында жұмыс істеуге шектеулер көзделген.

Осыған байланысты мұндай ұйымдарды жұмыс берушілер тізбесіне енгізу жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етпей, жұмысқа орналасуға қатысты негізсіз үміт қалыптастырды.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында облыс прокуратурасы әкімдіктің қаулысына наразылық енгізді.

Наразылықты қарау нәтижесінде прокуратура актісі толық көлемде қанағаттандырылып, әкімдік қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді және нормативтік құқықтық акт заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see172

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see171

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see156

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see125

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see116

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see115

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see93

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see93

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары