Маңғыстауда үрлемелі шеңберде отырған бойжеткенді ағыс алып кетті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Құтқарушылар теңізде үрлемелі шеңбермен жағалаудан алыстап кеткен қызды құтқарды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан 71 шақырым жерде орналасқан "Кендерлі" демалыс базасы маңында жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2004 жылы туған қызға көмек көрсетті.
Демалыс кезінде оны үрлемелі жүзу шеңберімен жағалаудан шамамен 200 метр қашықтыққа теңізге ағыс алып кеткен. Хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қызды жағаға жеткізді.
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
Құтқарушылар желді ауа райында ашық су айдындарында үрлемелі шеңберлер мен матрастарды пайдалану өте қауіпті екенін ескертті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:32
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 17:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















