Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Мәнті саттым : рекордтар кітабына енген түйеші қиындықты қалай жеңгенін айтып берді

Мәнті саттым : рекордтар кітабына енген түйеші қиындықты қалай жеңгенін айтып берді

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Түйе керуенімен Гиннесс рекордтар кітабына енген Сыдық Дәулетов болашақта ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Шетелге шұбат экспорттайтын түйеші арман-мақсаты туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтты.

© Sputnik / Айдана ДайыроваСыдық Дәулетов түйе керуенімен Гиннесс рекордтар кітабына енді

Сыдық Дәулетов түйе керуенімен Гиннесс рекордтар кітабына енді

© Sputnik / Айдана Дайырова

Сыдық Дәулетовтың өмірі Ойсыл қарамен байланысты. Ол қазақ жеріне 1990 жылы Қарақалпақ жерінен қоныс аударды.

"Алғаш көшіп келгенімде біраз қиындыққа тап болдым. Әкем ол кезде сексеннен асқан еді. Мен үйдің кенжесімін, анам мені түйе қорада босаныпты. 61 жыл өмірім түйемен байланысты, көзімді ашқаннан түйенің сүтін ішіп өстім", - дейді ол.

"Барахолкада" мәнті сатқан

Сыдық Дәулетов қазақ жеріне 26 жасында көшіп келген. Бар-жиған тергеніне баспана алып, Қарасай ауданында жол тазалайтын мекемеде дәнекерлеуші болады. 1993 жылы қысқартуға ұшырайды. Жас жігіт әке-шеше мен шиеттей үш баланы бағу керек, амалсыз "Барахолкада" тамақ сатуға кіріседі.

"Әкем Алматы жақсы екен, бірақ түйенің сүтін ішкім келеді деді. Екі жыл "Барахолкада" мәнті сатып, бір түйе алдым. Онда да бірден алуға қайдан жағдай болсын, араға екі жыл салып әрең сатып алдым. Өзім Бекет атаның жетінші ұрпағымын. Содан бір күні баба рухына тағзым етіп, "Ата, сізді әулие дейді. Бір балаңыз Алматыға келіп, нанын таба алмай жүр. Әкем хәл үстінде жатыр. Ең болмаса сіздікі сияқты аса таяғым да жоқ екен. Бекет ата, әулиелігіңізді көрсетіңізші" деп жылап сұрадым. Әрине бірден бәрі жақсы бола қойған жоқ. Әкем қайтыс болды. Әкемді халық арулап қойды", - дейді Сыдық аға.

Өмірмен қош айтысарда қария бала-келініне ұрпағының аузын ақтан айырмауын аманат еткен. Бүгінде ақсақалдың аманаты орындалып, Сыдық Дәулетов баққан түйенің шұбаты бір бала-шаға, бір Қазақстан емес, шетелге экспортталып жатыр.

"Бекет атаның аса таяғы түсіме кірді"

Бекет атаға жалынған күннен біраз уақыт өткен соң Сыдық аға түс көреді. Түсінде әулиенің аса таяғы келіп, омыртқасына енеді. Түсін жорыған адам оған төрт түлік малдың иесі боласың деген екен. Біртіндеп тірлік түзеле бастайды. Сыдық аға әлі күнге Бекет атаны түсінде көреді.

"Қарызға бір көлік алып, соны әрең төлеп жүрген кезім. Бекет ата түсіме кіріп, "балам, жаңа көлік аласың" деді. "Ой ата, қайдам, өзім мына көліктің қарызын төлеп әрең жүрмін, қайдағы жаңа көлік" деп қоямын. Ертесі бір компания су жаңа көлікті тегін сыйлады", - дейді ол.

Түйе керуенінен кейін денсаулығы күрт нашарлаған

Алматыда мыңдаған түйе керуені болып, Гиннесс рекордтар кітабына еніп, қазақтың атын тағы бір мәрте шығарды. Алайда Сыдық Дәулетов осы маңызды шарадан кейін төсек тартып жатып қалады.

"Өмірімнің ақыры осы екен, бірақ арманым жоқ деп ойладым. Тіпті төсекке жетуім қиындап кетті. Содан демім таусылғанша барып, түйе жүрген, сахна қойылған жерде әруақтарға құран бағыштап, жердің киесі үшін құран оқығым келді. Мың түйемен дүбірлетіп, жерді мазалап жібердім бе деп те ойладым. Түйе керуені деген жалпы бір ғасырдан бері тоқтап қалған екен. Бұл керуен біраз сөз болды, біраз адам батасын беріп, біраз адам көзіне жас алды. Бірақ осы керуеннен кейін менің денсаулығым нашарлап кетті. Сөйтіп керуен жүрген Өтеген тауының баурайына барып, құран оқыдым", - дейді түйеші.

Төсек тартып жатқан Сыдық ағаға тылсым күш тоқ соққандай әсер етеді. Жеті рет соққан тоқтан ол жүрексініп те қалады. Сол күннен бастап Сыдық Дәулетов сырқатынан айығады.

Түйе шаруашылығы – екінің бірі бара бермейтін кәсіп. Екі жылда бір төлдейтін түйенің көбеюі де қиын. Алғашқы ботасын 4-5 жаста ғана төлдейтін түліктің бабын келтіру оңай шаруа емес.

"Жертөледе де тұрдым. Ол кезде 4-5 түйеміз болды. Соның шұбатын сата бастадық. Әйелім екеуміз көше жағалап бөтелке жинаймыз, соған құйып сатамыз. Сөйтіп бөтелке жинап жол бойында жүрсек, бір қымбат көлік келіп тоқтады. Не істеп жүрсіңдер дейді, содан жағдайды түсіндірдік. Сонда ана жігіт "қалада не көп, дәмхана көп, сол жерге апарып өткізсеңдерші" деді.

Сөйтіп жұбайымыз екеуміз шұбат өткізіп, таңға дейін дәмхананың арт жағындағы есігін күзетіп отырған кезіміз болды", - дейді Гиннес рекордтар кітабына енген түйеші.

Кісі алдына түсіп, несібесіне таласпаған

Жасы қырыққа келгенше ел алдына шығып сөйлемеген, сөйлеуді жөн көрмеген түйеші қазір де жалғыздықты ұнатады. Көбіне оңаша қалып, ой үстінде жүргенді жаратады.

"Алайда бұл жетістікке халықтың, биліктің арқасында жеттім. Кісі алдына түсіп, несібесіне таласпадым, байлық та сұрамадым. Шамам жеткенше қарапайым киініп, қарапайым тірлік жасаймын", - дейді ол.

Тіпті дәулетім асса да, көзімді өзгеге салмаппын деген Сыдық Дәулетов осы бір өмірінде жұбайының да үлесі зор екенін айтады. Бір сыныпта оқып, бір партада отырған жұбайы екеуі шұбат құятын бөтелкені бірге жинап, "Барахолкада" мәнтіні бірге сатқан.

© Sputnik / Айдана ДайыроваСыдық Дәулетов түйе керуенімен Гиннесс рекордтар кітабына енді

Сыдық Дәулетов түйе керуенімен Гиннесс рекордтар кітабына енді

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Артымнан жаман сөз ергенін қаламаймын. Бар еңбегімді тек адал атқарамын, әрине біздің еңбек – қара жұмыс. Гиннесс кітабы менің қара басымның еңбегі емес, ауылымның, ауданның, облыстың, республиканың еңбегі. Арманым көп әрине, "келесі жылы тыныш отырайық" дейді әйелім", - дейді түйеші аға.

Әлемде жоқ түйе өнімінің кластерін құрғысы келеді

Кәсіпкердің арманы көп. Еңбек етсем өзім үшін, игілігі халқыма деген ол Sputnik Қазақстан тілшісіне алдағы жоспарын айтты.

"Келесі жылы ғашықтар күніне шұбат фестивалін өткіземіз деп жоспарлап жатырмыз. Тағы бір үлкен арманым – әлемде теңдесі жоқ түйе сүтінің кластаренін жасау. Мемлекетке жүк артпай, өз қаражатымызға саламыз деген жоспар бар. Өз қаражатымыз дегенім, екінші деңгейлі банктерден несие алу. Түйенің сүтін, етін, терісін, жүнін терең өңдеу, осы бірнеше жұмысты бір мезетте орындайтын кластер орындайтын зауыттар салсақ деп отырмын. Бұған 30 млрд теңге керек", - дейді Сыдық Дәулетов.

Түйешінің өзегін өртейтін өкініш

Сыдық Дәулетовты 61 жыл ғұмырында қатты қайғыртқан жағдай – ат жалын тартып мінген ұлынан қапыда айырылуы.

"Алла адамның төрт дүниесін түгел түгендеп тастамайды-ау. 24 жастағы балам дүние салды. Сол кезде қатты күйзеліске түсіп кеттім. Жұбайым жанталасып, қамқорлық жасады. Аяғымнан тұрып, тірлікке араластым. Сол ұлымнан немерем бар, бүгінде жақсы азамат болып өсті. Ал кенже ұлым әйелім екеуміздің 56 жасымызда дүниеге келді. Есімін Бекет ата рухына бағыштап, Бекет деп қойдым", - деген түйеші бізбен сөйлесіп отырып 9 жастағы Бекетке тапсырма беріп жатты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 17:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары