Маркетплейс жүргізуді үйретемін деп, бес адамды 15,6 млн теңгеге алдап кеткен
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Астанада маркетплейс арқылы сауда жасауды үйретуді ұсынған әйел бес азаматтың сеніміне кіріп, олардан жалпы сомасы 15,6 млн теңге алған. Сот оны алаяқтық жасағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырды.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, әйел әлеуметтік желілер арқылы маркетплейс жүргізуді үйрету қызметін ұсынған. Оқыту барысында ол азаматтардың сеніміне кіріп, салған ақшаларын пайдасымен бірге қайтаруға уәде берген.
Ол жәбірленушілерге маркетплейс арқылы тауар сатып алып, кейін қайта сату үшін қаражат салуды ұсынған. Алайда алынған ақшаны уәде етілген мақсатқа жұмсамай, өз қалауынша пайдаланған.
Соның салдарынан бес адамға жалпы сомасы 15,6 млн теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.
Сот үкімімен әйел алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Бұрын сотталғаны ескеріліп, оған алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.
Прокуратураның ескертуінше, жоғары табысқа кепілдік беру, бизнесті дамытуды ұсыну немесе әлеуметтік желілер арқылы инвестиция салуға үгіттеу алаяқтықтың бір тәсілі болуы мүмкін.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 12:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















