Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Мәскеуге жұмыс іздеп барған оннан астам Қазақстан мен Өзбекстан азаматы суық вагонда қамауда отыр

Мәскеуге жұмыс іздеп барған оннан астам Қазақстан мен Өзбекстан азаматы суық вагонда қамауда отыр

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәскеуде оннан астам Қазақстан мен Өзбекстан азаматы суық вагонда қамауда ұсталып, іс жүзінде тамақсыз қалған. Олардың құжаттары екі аптадан астам уақыт бойы қайтарылмай жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстандық Еркін Б. «Осторожно, новости» басылымына TikTok-тан құрылысшы бос жұмыс орнын көргенін айтып берген. 

Оның айтуынша, жарнама жариялаған қазақстандық агенттік айына 1,2 миллион теңге жалақысы бар ресми жұмысқа орналастыруға уәде берген. 20 қаңтарда Еркін Ресейге автобуспен келген: онымен бірге Қазақстанның тоғыз азаматы және Өзбекстанның екі азаматы болған. Ер адамның айтуынша, Мәскеуде олар «Ромспецстрой» ЖШҚ-мен шарт жасасқан, кейін жұмысшылардан банк шоттарын, сим-карталарды рәсімдеу және ІІМ-ге есепке қою үшін деген сылтаумен құжаттарын алып қойған. 23 қаңтарда оларды Красногорскідегі нысанда орналасқан құрылыс вагонына жайғастырған. 

«Жуынғыш болған жоқ, су әкелу үшін 500 метр жүру керек еді. Ол жер суық, өмір сүру мүмкін емес, жігіттер тұмаумен ауырып қалды. Бізді іс жүзінде тамақтандырмады, бір рет кешкі ас орнына екі-екіден самса сатып әперді. Ыстық тамақ болмады, біз суық түскі асты жеп жүрдік», — деді Еркін. 

Оның сөзінше, екі күннен кейін жұмысшылар өздерін хостелге көшіруді, азық-түлік, шәйнек пен мультиварка сатып алуды талап еткен. Ал бір ерлі-зайыптыға төлқұжаттарын қайтарып, құс фабрикасына жібергенін айтады.

«Екі апта ішінде Ресейде әрқайсымыз бар болғаны алты мың рубльден алдық, бізді арнайы киім (спецодежда) үшін ақша төлеуге мәжбүрледі тіпті өз киімі барларға да. Бізді Сахароводағы көші-қон орталығына апарамыз деп уәде берген, бірақ осы уақытқа дейін олай істемеді. Бізді заңсыз бостандығымыздан айырды, қанады, бұл 21-ғасырда ақылға сыйымсыз дүние», — дейді Еркін.

Ол 18 күн өтсе де Қазақстанның жеті азаматы құжаттарын әлі де ала алмай отырғанын айтты. Сонымен қатар, «Спарк» мәліметтері бойынша, «Ромспецстрой» компаниясы тарату процедурасын бастаған және ол жұмыс істемейтін заңды тұлға болып шықты. Ал оларды Мәскеуге жіберген қазақстандық агенттік өкілі Еркін оған фотосуреттерді жіберген кезде жазысқан хаттарды өшіріп тастаған. 2 ақпанда жұмысшылар полицияға алаяқтық туралы ұжымдық арыз жазып, Қазақстан елшілігіне жүгінген.
 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Ақпан 2026 10:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see172

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see171

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see156

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see125

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see116

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see115

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see93

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see93

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары