Мәслихат депутаттығына кандидаттарға 500 ден 700 мың теңгеге дейін бөлінеді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстанда мәслихат депутаттығына кандидаттарға БАҚ-та сайлауалды бағдарламаларын таныстыру үшін қаржы бөлінеді. Қолдау көлемі мәслихат деңгейіне байланысты 500-ден 700 мың теңгеге дейін болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кімге қанша қаражат бөлінеді?
Ең көп сома – 700 мың теңге – облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттарға қарастырылған. Астана мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына үміткерлер 650 мың теңгеден, ал аудандық мәслихаттарға үміткерлер 500 мың теңгеден алады.
Бұл қаражатты теледидар мен радиода сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспасөз бен желілік басылымдарда жарияланымдар шығаруға бағыттауға болады. Кандидаттар бөлінген соманы аталған бағыттар бойынша қалай бөлуді өздері шешеді.
Михаил Бортник төлем мөлшері БАҚ қызметтеріне бағаның өзгеруі, инфляция және ҚҚС-ның көтерілуі ескеріле отырып қайта қаралғанын түсіндірді.
"Мысалы, өткен 2023 жылғы сайлау науқанында кандидаттарды қолдау мөлшері мынадай болған: облыстық мәслихат үшін - 550 мың теңге, қалалық - 350 мың теңге және аудандық - 350 мың теңге. Айырмашылық айтарлықтай екенін және экономикада болған өзгерістер барынша ескерілгенін көріп отырсыздар", – деді Бортник.
Сайлауға 35,8 миллиард теңге бөлінеді: ОСК бұл қаражат қайда жұмсалатынын түсіндірді
Сайлау қорлары қалай жұмыс істейді?Мемлекеттік қолдаудан бөлек, кандидаттар мен партиялар өздерінің сайлау қорларын құра алады. Олардың шекті мөлшері қазіргі уақытта 85 мың теңгені құрайтын ең төменгі жалақы негізінде есептеледі.
Партия үшін қордың ең жоғары мөлшері - 255 миллион теңге (3 мың ең төменгі жалақы - ЕТЖ). Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін - 25,5 миллион теңге (300 ЕТЖ), ал аудандық және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін - 12,7 миллион теңге (150 ЕТЖ).
Сайлау қорлары партиялар мен кандидаттардың өз қаражаты, сондай-ақ қайырымдылық жарналар есебінен толықтырылуы мүмкін.
29 қарашадағы мәслихат сайлауыБұған дейін Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіледі. Барлығы 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайлануы тиіс: оның ішінде 20 облыстық, 38 қалалық және 170 аудандық мәслихат бар.
24 қыркүйекте Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын жариялады. 12 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Мәслихат сайлауы қалай өтеді және негізгі күндер – мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Мәслихаттар сайлауы: Қазақстанда бір депутаттық орынға қанша үміткер тіркелді?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 14:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















