Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Мәжіліс тақтатас мұнайын өндіруді ынталандыратын заңды қабылдады

Мәжіліс тақтатас мұнайын өндіруді ынталандыратын заңды қабылдады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл заң 2025 жылдың 8 қазанында Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда мақұлданды. Оның негізгі мақсаты – аз зерттелген провинцияларда көмірсутектерді барлауға инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін барлау мен өндіруге басым құқық беру, сондай-ақ уран саласында мемлекеттің мүддесін қорғау.

- Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар мүдделі министрліктер мен ұлттық компания басшыларымен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, минералдық-шикізат базасын ұлғайтуға және геологиялық барлау жұмыстарын, соның ішінде аз зерттелген, бірақ перспективалы аумақтарды жандандыруға бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерісті егжей-тегжейлі талқылады. Мәселен, игеріліп жатқан аумақтар шегінде қосымша барлауды ынталандыру мақсатында келісімшарттық аумақтардың ауданы сақталған жағдайда, қолданыстағы кен өндіру учаскелерін тереңдетуге мүмкіндік беру ұсынылады. Қазіргі кезде қолданыстағы өндіру учаскесінің шегінде терең көкжиектерді барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын тек аукцион арқылы алуға болады. Бұл норманың өзіндік қиын тұстары бар. Егер аукцион нәтижесі бойынша терең барлауды жаңа жер қойнауын пайдаланушы ұтып алса, онда оған, сол кен орында жұмыс жасап отырған жер қойнауын пайдаланушының инфрақұрылымын пайдалану қиынға соғады, - деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Осыған орай жаңа норма мұнай-газ кен орындарын игеріп отырған жер қойнауын пайдаланушыларға пайдаланып отырған учаскелерін (тау-кен алаңдарын) 5000 метрге дейін тереңдетуге құқық беру жаңа кен орындарын іздеуге ынталандырады, қорлардың өсімін қамтамасыз етеді, жер қойнауын пайдаланушының инвестиция тартуға қызығушылығын арттырады және мемлекетке жаңа геологиялық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

- Заңның тағы бір жаңалығы – ауыр және тақтатас мұнайы сияқты өндіруі қиын көмірсутектерді игеруді ынталандыру. Мұндай кендерді игеру қымбат технологиялар мен арнайы экономикалық жағдайларды талап етеді. Депутаттар осындай жобалар үшін жетілдірілген үлгілік келісімшарттың критерийлерін кеңейтуді ұсынды, өйткені тиісті қолдау шараларынсыз бұл жобаларды іске асыру экономикалық жағынан тиімсіз болады. Үкімет бұл бастаманы қолдады. Бұл орта мерзімді перспективада Шығыс Қазақстан облысындағы Сарыбұлақ (ауыр мұнай) және Қызылорда облысындағы Қарағансай (тақтатас мұнайы) кен орындарын игеруге мүмкіндік береді. Олардың жиынтық алынатын мұнай қоры А,В,С1 + С2 санаты бойынша – 18,7 млн тонна, - деді депутат.

Маңызды заңнамалық бастамалардың бірі – газ және газконденсат кен орындары бойынша күрделі жобаларға үлгілік келісімшарт шарттарына көшу процесін жеңілдету. Бұл шектеулі газ ресурстары мен мұндай кен орындарындағы төмен рентабельділікті ескерсек, өзекті мәселе саналады.

- Атап айтқанда, барлау кезеңінде бұрғылау жұмыстарын орындамаған жер қойнауын пайдаланушыларға күрделі жоба шарттарын алуға тыйым салудың орнына, бұл міндеттемелерді дайындық немесе өндіру кезеңдерінде орындау мүмкіндігін беру ұсынылады. Бұл өзгеріс жаңа кен орнын игеруге мүмкіндік береді. Мысалы, Атырау облысындағы Шығыс Мұнайбай кен орнындағы жиынтық еркін газдың алынатын қоры А,В,С1 + С2 санаты бойынша шамамен 14 млрд текше метр, - деді ол.

Бұған дейін уран саласындағы ұлттық компанияға жаңа кен орындарын игеруде басым құқық берілетінін жазған едік. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2025 10:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары