Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Мәжіліс төртінші сессияны қорытындылады

Мәжіліс төртінші сессияны қорытындылады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Өткізу бекеттерінің мүмкіндігі артады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бо-йынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Сенат жаңа редакцияда ұсынған баппен келісті.

Заңда экологиялық саланы цифр­ландыру, қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды қайта өңдеу жүйесін жетілдіру, климаттық реттеу тетіктері мен көміртегі офсетін дамыту, Ұлттық гидрометеорологиялық қы­зметтің жұмысын жетілдіру, сон­дай-ақ экологиялық реттеу мен бақы­лаудың тиімділігін арттыру жөнін­дегі шаралар ескерілген. Заң­мен мемлекеттік экологиялық сарап­тама  және қоғамдық тыңдаулар өткізу­ге қатысты жекелеген ережелер нақты­ланады.

– Осы жылғы 25 маусымда Сенат Мәжіліс қабылдаған заңның жеке бабын жаңа редакцияда ұсынды. Бұл түзету еліміз ратификациялаған Париж келісімінің 6-бабын іске асы­руға бағытталған. Аталған түзету­дің қабылдануы елімізге инвестициялар мен заманауи технологиялар­ды тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, экономиканы декарбонизациялауға және эколо­гиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді, – деді депутат Еділ Жаңбыршин.

Өзбекстанмен шекарадағы бірқатар өткізу пункттері тәулік бойы жұмыс режіміне көшеді. Отырыста бұған қатысты «Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң қаралды.

– Бұл құжат автокөлік пункттерін екіжақтыдан көпжақтыға өзгертеді. Сондай-ақ жұмыс істеу тәртібін жарық уақыттан тәулік бойына ­ауыстырады. Аталған шара өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және туризм­нің дамуына оң әсерін тигізе­ді. Бұл өзгерістер арасындағы көлік-тран­зиттік қатынасты одан әрі дамытуға өз үлесін қосады деп есептейміз,– деді Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Талқылау барысында депутат Қайрат Балабиев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өткізу пункт­терінің мәртебесі мен жұмыс режімін өзгерту қажеттігі неден туындағанын сұрады.

– «Сырдария – Малик» және «Целин­ный – Ок олтин» өткізу пункт­терінің мәртебесі мен жұмыс режі­мін «екіжақты» мәртебеден «халық­аралық (көпжақты)» мәртебеге ­ауыстыру, сондай-ақ жұмыс режімін «күндізгі уақыттан» «тәулік бойы» режімге өзгерту көзделген. Бұл өткізу пункттеріне қалай әсер етпек? – деді ол.

Депутаттың сауалына жауап берген Нұрлан Сауранбаев бұл азаматтардың уақытын мейлінше үнемдеуге септігін тигізетінін айтты.

– Өткен жылы 920 мың адам, 85 мың көлік осы екі пункт арқылы өтті. Осы режім өзгерген соң, адам­ның күту уақыты төмендейді деп тұжы­рымдап отырмыз. Яғни бұл өзгеріс­тер бекеттердің өткізу қабілетін артты­рады, жүк және жолаушылар ағынын жеделдетеді, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті дамытады, – деді министр. 

Заң үстемдігі – ел игілігі

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралған соң, Мәжіліс төрағасы Е.Қошанов VIII сайланған Парламенттің төртінші сессиясындағы палатаның жұмысын қорытындылады. Спикер өз сөзінде бұл ел парламентаризмінің жаңа тарихындағы ең маңызды кезеңнің біріне айналғанын атап өтті. 

– Парламент жұмысын 30 маусым күні Мемлекет басшысы қоры­тындылайды. Сондықтан қалып­тасқан дәстүр бойынша мен тек Мәжілістің осы сессиядағы қызметіне ғана қысқаша тоқталып өтсем деймін. Сессияның ашылуын­да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылдардағы еліміздің страте­гиялық даму бағдарын айқын­дап берді. Мемлекетімізде бұрын-соңды болмаған ауқымды өзгеріс­тер мен түбегейлі жаңғыру жолы, әсіресе заң шығару процесіне тың сер­пін әкелді. Осы сессия Қазақ­стан парламентаризмінің жаңа тарихын­дағы ең маңызды кезеңнің біріне айналды деуге болады. Президентіміз атап өткендей, 1 шілдеде Қазақстан жаңа дәуірге қадам басады. Бұл – тұтас ұлтымыздың, Мемлекет басшысының ұлы жетістігі. Ал депутаттар сол тарихи бетбұрыстың заманауи заңнамалық негізін қалауға атсалысты, – деді Е.Қошанов.

Осы ретте ол Парламент жаңа ­Конс­титуцияны іске асыру үшін бірқатар конституциялық заң қабылдағанын еске салды. «Президент», «Астана­ның мәртебесі», «Әкімшілік-аумақ­тық құрылыс» туралы заңдар жаңа­рып, «Құрылтай және оның депу­тат­тарының мәртебесі», «Халық Кеңесі» туралы мүлдем жаңа заңдар қабылданды. Осылайша, Ата заңның күшіне енуі үшін барлық жұмыс сапалы әрі уақытылы атқарылды.

Сондай-ақ депутаттар «Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң қабылдады. Елімізде қылмыстық рақымшылықпен бірге, алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалды.

– Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлы мемлекетке айналдыру жөнінде ауқымды міндет қойды. Бұл бағытта жаңа «Цифрлық кодекс» пен «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды. Аталған екі маңызды құжат та депутаттардың бастамасымен әзірленді. Ол еліміздің цифрлық дамуын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Қазақстан әлемде мұндай заң қабылдаған алғашқы елдердің қатарында. Айта кетерлік жайт, біз осы тақырыпқа арнап парламенттік тыңдау ұйымдастырдық. Оған отандық және шетелдік сарапшы-мамандар шақырылды, – дей келе Мәжіліс төрағасы заң мен тәртіп бағытындағы атқарылған шаруаларға тоқталды.

Қылмыстық кодекс пен Қылмыс­тық-процестік кодекске маңызды өзгерістер енгізілді. Осылайша, медицина қызметкерлерін, жедел жәрдем жүргізушілерін қорғау үшін оларға жасалған зорлық-зомбылыққа қылмыстық жауапкершілік қарас­тырылды. Бұдан бөлек «Құқық бұзу­шы­лық профилактикасы туралы» заң да қабылданды. Е.Қошанов кейінгі уақытта қоғамда заң мен тәртіпке деген сұраныс артып, бұл принцип берік орнығып келетінін айтты. Мәжіліс төрағасы әрі қарай жаңа экономикалық саясат жөнінде пікірін білдірді.

– Мемлекет алдында тұрған тағы бір ауқымды міндет – жаңа экономикалық саясат. Бұл жұмыс осы сессия барысында да қарқынды жалғасты. Біз жаңа «Құрылыс кодексін», «Банктер және банк қызметі» туралы заңды қабылдап, «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске өзгерістер енгіздік. Сондай-ақ елдің экономикалық дамуына ерекше серпін беретін маңызды құжаттың бірі – «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заң. Алатау – болашақтың қаласы, Қазақстандағы қалалардың келешек келбетін айшық­тайтын бірегей шаһар. Сондықтан бұл қадам тұтас ел дамуына септігін тигізері анық, – деді ол.

Президент 110 заңға қол қойды

Халыққа қамқорлық таныту депутаттардың басты назарында болды. Бұл бағытта да бірқатар заң қабылданды. Азаматтарды жалған психологтардан қорғау үшін жаңадан «Психологиялық қызмет туралы» заң қабылданды. Бұдан бөлек, педагогтердің құқықтарын қорғау мен мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жалғасын тапты. Мұғалімдерді өздеріне тән емес функциялардан басы бүтін арылту үшін тиісті нормалар бекітілді. Сонымен бірге талантты жастарды ынталандыру, қолдау шаралары да кеңейтілді. Мұның бәрі – жұртшылықтың талап-тілегінен, мұң-мұқтажынан туындаған бастамалар. Яғни «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының іс жүзіндегі көрінісі.

Жалпы, төртінші сессияда 40 жалпы отырыс өтіп, 334 мәселе қаралды. 190 заң жобасы палата қарауында болды. Соның әрбір үшінші заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленді. Мемлекет басшысы 110 заңға қол қойды.

– Сессия барысында Жоғары аудиторлық палатаның есебін тыңда­дық. Отырыс жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шараларының тиімділігіне арналды. Екі Үкімет сағаты өтті. Бұдан бөлек, депутаттық сауал секілді маңызды тетіктер де белсенді түрде жүзеге асты. Мемлекеттік органдарға 419 депутаттық сауал жолданып, азаматтарды толғандырып жүрген ең өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен бірге біз қалыптасқан дәстүр бойынша өңірлердегі кездесулер барысында сайлаушылар көтерген түйткілдерді шешу жолдары жөнінде Үкіметтің жауабын тыңдадық. Биылдың өзінде депутаттар 500 елді мекенді аралап, 1 200 кездесу өткізді. Жұртшылықты қабылдау бөлмесіне 2 327 адам жүгініп, депутаттардың қабылдауында болды. Мәселенің басым бөлігі сол жерде шешімін тапты. Депутаттар азаматтық қоғаммен де бірлескен жұмысты жалғастырды. Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның өткен 7 отырысында халықты толғандырған ең өзекті мәселелер талқыланды, – деді Е.Қошанов.

Мәжіліс төрағасы сөзінің аяғында депутаттар мен Үкімет мүшелеріне, аппаратқа ризашылығын білдірді. Бұған қоса, журналистер қауымына да алғыс айтты.

– 2026 жыл ел шежіресіне алтын әріппен жазылады. Әр фракция, бір мандатты округтен сайланған әр депутат «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы жұмысына зор үлес қосты. Осы жа-уапты миссияны абыроймен атқарған барша депутаттық корпусқа зор алғыс айтамын. Сіздер мемлекеттік органдармен қоян-қолтық жұмыс істеп, барлық заңның уақтылы әрі сапалы қабылдануын қамтамасыз еттіңіздер. Осы орайда Үкімет мүшелеріне де рахмет айтып қояйық. Біз ел мүддесі жолында жұмылдық. Мемлекет басшысының «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» формуласы іс жүзінде тиімді іске асқанының куәсі болдық. Депутаттармен бірге тізе қосып қызмет атқарған Мәжіліс Аппаратына да ризашылық білдіремін. Ал осы іс-шаралардың, қабылданған заңдардың бәрін халыққа кеңінен насихаттаған – әрине, бұқаралық ақпарат құралдары. Мәжілістен хабар таратып жүрген журналистер қауымына да алғысымыз шексіз. Баршаңызға мемлекетіміздің болашағы жолындағы жауапты істе зор денсаулық, толайым табыс тілеймін, – деді Мәжіліс төрағасы.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Маусым 2026 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары