Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Медбикелерге клиникалық жағдайда шешім қабылдау құқығын беру керек Ботагөз Ағабекова

Медбикелерге клиникалық жағдайда шешім қабылдау құқығын беру керек Ботагөз Ағабекова

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Медицинада бір қағида бар. Әрбір уақыт – науқастың өмірі. Кей жағдайларда шешімнің бірнеше минутқа кешігуі ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Алайда мейіргер жағдайды ерте көріп тұрса да, әрекет ету үшін рұқсат күтуі керек.

Елімізде  мейіргерлік білім жыл өткен  сайын дамып келеді. Бакалавриат бағдарламалары бар, магистратуралар  ашыла бастады. Алайда басты мәселе – жоғары білім алған мейіргердің кәсіби статусы. 

Мейіргер науқастың жағдайын бірінші байқайды, өзгерісті ерте анықтайды, қауіпті жағдайды алдын ала сезеді. Бірақ шешім қабылдау құқығы дәрігерге тиесілі. Мейіргер негізінен дәрігердің тапсырмасын орындаушы маман болып отыр. Елімізде тәжірибелі мейіргерлердің клиникалық білімі жоғары болғанымен, заңдық өкілеттігі шектеулі деп ойлаймын.

Реанимациядан бастап хирургия мен кардиологияда 12 жылдан астам еңбек етіп жүрген мейіргер ретінде шетелдегі жағдайды зерделеп қарадым. Мәселен, АҚШ-та ол – клиникалық шешім қабылдай алатын дербес кәсіби тұлға. Nurse Practitioner деңгейіндегі мейіргер науқасты жеке қабылдайды, диагноз қоюға қатысады, ем тағайындайды, кей штаттарда рецепт жазады, дәрігерсіз жұмыс істей алады. Жауапкершілік пен өкілеттік деңгейі басқа. 

Білім мен өкілеттік артқан сайын жалақы да өседі. Қазіргі әлемдік тәжірибеде мейіргердің рөлі кеңейіп келеді. АҚШ-та олар тек клиникада емес, медициналық ақпарат жүйесі,  телемедицина,  сапа және қауіпсіздік бақылау саласында және пациентпен ұзақ мерзімді жұмыс істей алады. Мысалы, Nurse Informaticist мамандары медициналық деректерді талдайды, электрондық жүйелерді енгізеді. Осыған қарап бізде  мейіргердің әлеуеті толық пайдаланылмайтынын түсінуге болады. 

Шетелде білім алып,  ол жақтың тәжірибесін  еліміздің даму бағытына пайдаланушы маман  ретінде ұсынысым бар.  Мейіргердің заңды мәртебесін  кеңейту туралы бастамалар  елімізде қолға алынып жатқанымен, әлі бүкіл аурухана, емханалар жүйесіне енгізілмеген. Демек, біздегі медбикелерге клиникалық жағдайларда шешім қабылдау құқығын  беру керек деп есептеймін.  Жоғары білім алған  мейіргердің еңбегі нақты бағаланып,  білім мен  жалақының байланысы болуы тиіс.  

Әлемдік озық тәжірибені  енгізу, телемедицина арқылы ауыл медицинасын күшейту, шалғай аймақтарда мейіргерлердің рөлін арттыру маңызды.  Сондай-ақ жаңа  кәсіби бағыттарды дамыту үшін  мейіргерді тек клиникалық емес, технологиялық және аналитикалық бағыттарға тартудың тиімділігі зор. 

Медбикенің кәсіби статусы туралы менің алғашқы көзқарасымды Назарбаев университетінде бакалавр дәрежесінде білім алып  жүргенде Америкадан  келген  оқытушым өзгерткен болатын. Бұл көзқарас менің  өз еліміздің денсаулық сақтау саласын  ілгерілетуге құлшынысымды арттырып,  білімге деген  қызығушылығымды оятты.  Осылайша шетелде магистрант дәрежесінде білім алуды мақсат тұттым. Шымкенттегі медициналық колледжді,  Назарбаев университетін мемлекеттік  грант негізінде   қызыл дипломмен  аяқтап, Америкадағы Индиана университетіне оқуға түстім.  Бұдан кейін  Тілдер мектебінде ағылшын тілін үйреніп, NCLEX RN емтиханға  дайындық кезеңіндемін. 

Қазір шетелде   осы дамыған  елдердің тәжірибесіне сүйене отырып,  жаңа бағытта жұмыс істейтін  мейірбикелерді даярлайтын  оқу бағдарламасын  әзірлеудемін. Кейде Америкада оқи жүріп,  сол баяғы түнгі ауысымды жиі еске аламын. Реанимация. Қиын жағдай. Дайын шешім. Бірақ әрекет ету мүмкіндігім шектеулі болды. Сол күннен  бастап  мені үнемі бір сұрақ мазалайды. Егер маман жағдайды түсініп тұрса, бірақ әрекет ете алмаса, жүйе толық жұмыс істей ме? Қазақстан мен АҚШ тәжірибесін салыстырғанда негізгі айырмашылық білімде емес, сенімде. Бір жүйе мейіргерге сенім артады. Екіншісінде ол тек орындаушы рөлінде. Бірақ шындығында мейіргер – пациентке ең жақын маман. Оған сенім артылған күні медицина да өзгереді деп ойлаймын. Ал медицина өзгерсе қоғам да өзгереді.

Ботагөз АҒАБЕКОВА,

мейіргер

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары