Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге Қазақстанның Еңбек Ері атағын тапсырды

Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге Қазақстанның Еңбек Ері атағын тапсырды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.

«Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған тәжірибелі шыңға өрмелеуші, халықаралық турнирлердің жеңімпазы ретінде дүние жүзіне даңқыңыз жайылды. Эверестке шығып, беделді «Жеті шың» клубына мүше болған алғашқы қазақстандық атандыңыз. Сізді елімізде альпинизм мектебінің негізін қалаушы ретінде құрметтейді. Отандық мектеп Қазақстанның жаһандық брендіне айналды. Талап мен тәртіпті қатар қоятын талантты бапкерден бір шоғыр альпинист-спортшылар тәлім алды. Олардың қатарында әлем рекордын жаңартқан, чемпион атанған, халықаралық альпинизм қозғалысының элитасына кірген мықтылар баршылық. Бапкерлікпен шұғылданған уақыт ішінде жүзден астам спорт шеберін даярладыңыз. Шәкірттеріңіздің арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, тіпті, еңбек сіңірген спорт шеберлері де бар. Сіздің жетекшілігіңізбен Қазақстан құрамасы әлемде бірінші болып биіктігі 8 мың метрден асатын барлық 14 шыңға шықты. Мұның өзі бірегей жетістік саналады. Спортшыларымыз альпинизмнің сіз қалыптастырған даңқты дәстүрін жалғастырып, көптеген халықаралық сайыстан табысты оралып жүр», деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің асыл қасиеттері мен адамдарға, әсіресе, альпинистерге деген шынайы қамқорлығын жоғары бағалады.

«Адам өмірі ең жоғары спорттық жетістіктерден құнды» деген теңеуіңіз альпинистер арасында қанатты сөзге айналып кетті. «Альпинизм – адам мен табиғат арасындағы шахмат ойыны» деп дәл айтқансыз. К2 (Чогори) шыңын бетке алған командаңыздың алай-түлей боранға тап болғаны мәлім. Сол сәтте шыңның ұшар басына қол созым жер қалғанына қарамастан, кері қайттыңыз. Мұндай шешім қабылдау оңай емес. Осыдан-ақ дана, мейірбан жан екеніңізді аңғарамыз. Жетістік пен жеңіске ешқашан масаттанған емессіз. Бәріне белгілі, үйреншікті бағыттармен жүргенде де сақтықты ұмытпадыңыз. Кез келген жорыққа осылай тыңғылықты дайындалу даңқты альпинист, спортшы, тәлімгер ретінде сіздің «төлқұжатыңызға» айналды», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан альпинизмінің аңызы: Ерванд Ильинскийдің еңбек жолы

Президент елімізде альпинизмді насихаттауда Ерванд Ильинскийдің орасан жұмыс атқарғанын атап өтті.

«Асқар шыңдарға құштарлық, тауға шығу – әуестік қана емес, қоршаған ортаны қастерлеп, ластамауға үндейтін айрықша экологиялық өмір салты. Жаңа Конституцияда көрініс тапқан табиғатты аялау, экологиялық мәдениет және тазалық қағидаттары ұлттық болмысымызбен біте қайнасып кетуге тиіс. Тау табандылыққа, тәртіп пен жанашырлыққа үйретеді. Биікке көтерілген адам рухтанады. Дәл осы себепті альпинизм мен тау туризмін нағыз өмір мектебі деп атауға болады. Ол мықтыларды шыңдайды, өз ортаңда жауапты болуға баулиды. Бұл мәдени әрі психологиялық феноменді барынша қолдап, оны жастар тәрбиесінде пайдалануымыз керек. Үкіметтің, салалық министрліктің алдында альпинизмді спорт және заманауи тау туризмінің бір түрі ретінде жан-жақты дәріптеу міндеті тұр. Мемлекет пен демеушілердің қаржысын тарта отырып, нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажет. Мемлекет бұл өзекті міндетті шешуді қолға алады, оған тиісті назар аударылады», деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Тихоновичтің ғұмыр жолын жасампаз патриотизмнің, айрықша жанқиярлық пен аса жоғары кәсібиліктің жарқын үлгісі деп санайды.

«Жастар табанды әрі өнімді еңбек әрдайым лайықты бағасын алатынын көруге тиіс. Табыстың оңай келмейтінін түсінгені жөн. Еңбек – бәрін жеңбек. Мейлі, спортта, бизнесте, білімде, ғылымда, далалық жұмыста не зауытта болсын, өз ісіне шын берілген, көздеген мақсаты айқын адамдар өмірлік мұратына жетеді. Құрметті Ерванд Тихонович Ильинский сияқты азаматтар – қоғамның тірегі, ерлік пен еңбекқорлықтың, төзімділіктің жарқын үлгісі. Сондықтан мен сізге альпинизмдегі аса үздік жетістіктеріңіз, сондай-ақ ел спортының дамуына қосқан елеулі үлесіңіз және белсенді қоғамдық қызметіңіз үшін жоғары ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Бүгін осы награданы өзіңізге зор құрметпен тапсырамын. Ерванд Тихонович, сізге мықты денсаулық, бақ-береке, мол табыс тілеймін! Альпинистер арасында «Өзіңізді сақтаңыз!» деген сөз жиі айтылады. Сізге және жаныңызда жүріп, серік болған шәкірттеріңізге осы тілекті арнағым келеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ерванд Ильинский атқарған қызметіне жоғары баға беріп, отандық альпинизмге айрықша көңіл бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

«Мұны Қазақстан альпинистер қауымы жеткен жетістіктердің мемлекет деңгейінде танылуы деп түсінемін. Шын мәнінде, біздің табысымызды шетелдік альпинистер де мойындайды. Осыған куә болғаныма қуаныштымын», деді ұлттық құраманың тәлімгері.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Президент • Бүгін, 12:37

Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Заң • Бүгін, 12:34

Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр

Қазақстан • Бүгін, 12:24

С.Сейфуллин атындағы университет алғаш рет QS WUR by Subject 2026 рейтингіне енді

Білім • Бүгін, 12:10

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды

Қаржы • Бүгін, 11:55

Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: Дипфейк видеолар мен жалған сауалнамаларға сенбеңіз

Қоғам • Бүгін, 11:43

Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:42

Алатау қаласы жаңа мәртебеге ие болды: Мәжіліс тиісті заңды қабылдады

Заң • Бүгін, 11:24

Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

Спорт • Бүгін, 11:15

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды

Жемқорлық • Бүгін, 11:08

Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады

Логистика • Бүгін, 10:45

АҚШ тарихында алғаш рет: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады

Әлем • Бүгін, 10:26

Ламин Ямаль «Алтын доп» иегері атануы мүмкін бе? Жаңартылған рейтинг жарияланды

Футбол • Бүгін, 10:23

Театр көрермені көбейді: Былтыр 2 миллионнан астам адам қойылым тамашалаған

Театр • Бүгін, 10:12

Тестілеу кезінде ережелерді бұзған 82 талапкердің нәтижелері жойылды

Білім • Бүгін, 10:09

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Наурыз 2026 12:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see202

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see182

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see176

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see167

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see165

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see153

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see153

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see152

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see148

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see141

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see138

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see137

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see132

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see125

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see120

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see119

Нұрсаядағы жасөспірімдер төбелесі: қылмыстық іс қозғалды

22 Қыркүйек 2026 02:21see117

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see113

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары