Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Коллажды жасаған – Жаннұр АБСӘМЕТ, ЕҰУ студенті

Осы ретте өзіміз еңбек жолын өткен кезеңнен бастай отырып, бұрынғы мемлекеттік қызмет жүйесіне қысқаша тоқталғым келеді. Біз кеңес одағы жүйесі орныққан, тәртібі қатаң кезеңде қызметке араластық.

Сол уақытта маман даярлау жүйесі бірізді жолға қойылған еді. Мектепте пионер, комсомол ұйымдары арқылы жастар ұжыммен жұмыс істеуді, жиналыс өткізу мен жауапкершілік алуды үйренетін. Бұл болашақ басшының ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыратын алғашқы мектеп болатын.

Мектеп бітірген соң техникум немесе жоғары оқу орнын аяқ­таған жас маман жолдамамен еңбекке араласып, қызметін тө­менгі сатыдан бастайтын. «Ең бас­тысы – адал еңбек ету» деген ұста­ным басым еді. «Қызметімді неге өсірмейді?» деген ой ол кезде көптің санасына келе бермейтін. Әр қадамың, әр ісің тұрақты бақылауда болатын.

Тәжірибелі басшылар жас ма­манның біліміне ғана емес, тәртібі мен мінез-құлқына да мән беретін. Қызметтік өсу бірден емес, сатылап жүзеге асатын. Әр басқышта өзіңді дәлелдеген жағдайда ғана келесі деңгейге көтерілу мүмкін еді. Бұл жүйе адамды шыңдап, тәжірибесін тереңдететін. Сол кезеңде отбасылық құндылық та жоғары бағаланатын. Отбасын сақтай алмаған немесе тәртіп бұзған азаматтың қызметтік өсуі шектелетін. Әрбір әрекет еңбек пен жауапкершілік өлшемімен бағаланатын.

Бүгінгі күнге келсек, кейбір жағ­дайда қызметке тағайын­дау үдерісінде олқылық кез­десіп жатады. Кейбір азаматтар тәжірибесіз күйде бірден жо­ға­ры лауазымға тағайындалады. Мұндай жағдайда олар жүйені толық меңгеріп үлгермей жатып, күрделі мәселелермен бетпе-бет келеді. Бұл өз кезегінде басқару сапасына әсер етуі мүмкін.

Сондықтан жас маманның еңбек жолы төменнен басталып, тәжірибе арқылы қалыптасқаны дұрыс. Университетте алған білім мен нақты өндірістік тәжірибе – екі бөлек дүние. 25 жасында депутат болғандар бар, алайда өмірлік тәжірибе мен кәсіби кемелдік көбіне уақытпен қалыптасады.

Кей жағдайларда қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану немесе жауапкершіліктен тыс әрекеттер де байқалып қалады. Мұндай құбылыс қоғам тарапынан сынға ұшырайды. Бұл ретте ұлы Абайдың «Болыс болдым мінекей» өлеңіндегі билікке сын көзбен қарау, әділетсіздікті әшкерелеу идеяларының мәні бүгін де өзекті.

Әрбір мемлекеттік қызметші қандай лауазымда болса да, халыққа қызмет ету – басты міндет екенін ұмытпауға тиіс.

2026 жылы 19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңға қол қойды. Бұл құжатта мемлекеттік қызметшінің құқықтары мен міндеттері нақты айқындалған. Қызметке қабылдау кезінде үміткердің білімі, тәжірибесі, кәсіби білігі мен этикалық ұстанымы жан-жақты ескеріледі.

Жалпы, мемлекеттік қызметке орналасу – үлкен жауапкершілік жүктейтін жаңа кезең. Ол әр азаматтан тәртіп пен кәсібилікті талап етеді. Алдағы уақытта іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіріп, білікті мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінуі қажет.

Мемлекеттік қызметші елге үлгі болар азамат болуға тиіс. Оның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, қоғамдық мінезі – бәрі де назарда. Ол қоғамға жат әрекеттен аулақ болуы керек. Құмар ойын, зиянды әдеттерге әуестік қызметтік беделге ғана емес, заң алдындағы жауапкершілікке де әсер етеді.

Сыбайлас жемқорлық немесе заң бұзушылыққа жол берген мемлекеттік қызметші қатаң жауапкершілікке тартылады. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші тек өз міндетін орындаумен шектелмей, ел ішінде мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, оның абыройын көтеруге үлес қосуға тиіс. Халық сенімін ақтау – ең үлкен жауапкершілік.

Құрманғали УӘЛИ,

қоғам қайраткері

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:186
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Маусым 2026 08:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары