Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Мерекелік барокко кеші

Мерекелік барокко кеші

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қысқы мерекелер қарсаңында «Астана Опера» театры елордалық көрерменді асқақ әуендер мен рухани жылылыққа бөлеп, ерекше музыкалық кеш ұсынды. К.Байсейітова атындағы Камералық залда «Рождество сиқыры» концерті көне музыка жауһарларынан шашу шашты.

Мерекелік кеште театр­дың жетекші солис­­тері, камералық ор­кестр мен балалар хоры бір сах­нада өнер көрсетті. Атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, меццо-сопрано Татьяна Вицинская, сопранолар Әсем Сембина мен Лейла Аламанова, тенор Әлихан Зейнолла, баритон Сұлтан Бақытжан тыңдарманын қуантты. Сондай-ақ сирек кезде­се­тін контртенор дауысының иесі Батыржан Смақов, скрипкашы Мәдина Капеу мен альтшы Гүлнар Тілеуғабылова шақырылған әртіс­тер ре­тінде кештің көркемдік бо­яуын байытты.

Тыңдарман назарына барокко дәуірінің ұлы композиторлары – Антонио Вивальди, Георг Фридрих Гендель, Франческо Дуранте, Джулио Каччини шығар­ма­­ларымен қатар Вольфганг Амадей Моцарт, Жюль Массне, Джакомо Пуччинидің таңдаулы туындылары ұсыны­лды. «Астана Операның» каме­ра­лық ор­кестрін дирижер, «Құрмет» ор­дені­нің кавалері Руслан Баймурзин басқарса, фортепианода Қазақ­­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Раушан Бескембирова ойнады.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі – Ф.Грубердің әлемге әйгілі «Тым-тырыс түн» композициясын Алтынғаным Ахметова мен Шырын Ахмеджанова жетекшілік ететін «Астана Опера» балалар театрлық студиясы хорының орындауы болды. Жас вокалистердің балғын да­уысы концертке ерекше нәзіктік пен шынайылық дарытып, мерекелік атмосфераны тереңдете түсті.

Мерекелік концерт көрермен тарапынан зор ықыласқа ие болған «Bel Canto музыкалық салоны» топтамасы аясында өтті. Жобаның авторы әрі идеялық шабыт берушісі Раушан Бескемпірова бұл формат Камералық залды шығармашылық еркіндік пен көркемдік ізденіске жетелейтінін айтады.

– «Bel Canto музыкалық салоны» – әртістер үшін де, тыңдарман үшін де ерекше сұхбат алаңы. Мұнда біз әр дәуірдің вокалдық және аспаптық жауһарларын еркін ұсы­на аламыз. Камералық зал – нағыз шығар­ма­шылық зертхана, – дейді пианист.

Биылғы мерекелік кештің репертуарынан Антонио Виваль­ди­дің терең лирика мен салтанатты рухты тоғыстырған «Nisi Dominus» туындысы айрықша орын алды. Бұл шығарма Камералық зал сахнасында алғаш рет толық, тоғыз бөлімнен тұратын нұсқада орындалып, оны контртенор Батыржан Смақов орындады.

Соңғы жаңалықтар

Астанада тұрғын үйден өрт шықты: ТЖМ 9 адамды эвакуациялады

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:21

Мемлекетке миллиард теңгеден астам шығын келтірген күдікті Грузияда ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 11:06

Қазақстан онлайн-қызметтер бойынша әлемнің ТОП-10 еліне кірді

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:47

27 желтоқсанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелді?

Ауа райы • Бүгін, 10:25

Керек дерек

Digital • Бүгін, 10:17

Сезімтал сенсор

Ғылым • Бүгін, 10:15

Мамандыққа адал әулет

Қоғам • Бүгін, 10:10

«Қырық батыр» қамқорлыққа зәру

Мирас • Бүгін, 10:00

Мерекелік барокко кеші

Өнер • Бүгін, 09:55

Сармат әйелдің жұмбақ қобдишасы

Жәдігер • Бүгін, 09:50

Ғарышты әнімен тербеген

Өнер • Бүгін, 09:45

Лудомания: Заңның жауапкершілігі бәрімізге ортақ

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:43

Тобыл-Торғай күйлерінің топтамасы

Басылым • Бүгін, 09:40

«Қуырдақтың көкесіндей» қаржылық қитұрқы

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:38

Сәдірқызының сәулелі белесі

Руханият • Бүгін, 09:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 11:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары