Министр биыл 1 сыныпқа қабылдау қызметінен не себепті ақау шықпағанын түсіндірді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев биыл 1-сыныпқа қабылдау қызметінің не себепті ақаусыз жұмыс істеп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл сәуір айында QazTech платформасы іске қосылған болатын. Үкімет қолданыстағы жүйелерді QazTech платформасына көшірудің екі жылдық жоспарын бекітті. Бүгінде барлық мемлекеттік орган QazTech платформасымен жұмыс істейді. QazTech-тен тыс жаңа жүйелер құруға рұқсат жоқ.
Министрдің айтуынша, QazTech платформасына көшкеннен кейін цифрлық сервистердің жұмысында іркілістер тіркелмеген.
"Бұған нақты мысал – жыл сайын халық үшін ашылатын бірінші сыныпқа қабылдау қызметі. Бұрынғы инфрақұрылым жүктемені көтере алмай, қызмет іске қосылған алғашқы күні-ақ істен шығатын. Мұндай жағдай төрт жыл қатарынан қоғамда теріс резонанс туғызды. Биыл бұл қызмет QazTech платформасында қайта жасақталды. Екінші ай қатарынан бірде-бір ақаусыз жұмыс істеп тұр", – деді Мәдиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы уақытқа дейін 365 мыңнан астам өтінім сәтті өңделді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 14:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















