Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Моңғолияда Марстағы өмір жағдайын имитациялайтын лагерь пайда болады

Моңғолияда Марстағы өмір жағдайын имитациялайтын лагерь пайда болады

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Моңғолияның Гоби шөлінде ерекше туристік лагерь - Марс базасының имитациясы пайда болады. Мұнда келушілер Қызыл ғаламшарда отарлаушылар сияқты бір ай өмір сүріп, жұмыс істей алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Вокруг света" басылымына сілтеме жасап.

MARS-V деп аталатын жобаны Ұланбатырдағы аттас үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Алғашқы "турист-ғарышкерлерді" 2029 жылы қабылдау жоспарланған.

"Марстағы" өмір қандай?

Ұйымдастырушылар лагерьдегі болмыс барынша ғарыш миссиясына ұқсатып жасалғанын айтты. Қатысушылар зертхана мен жылыжайы бар капсулалық модульдерде тұрады, сублимацияланған өнімдермен қоректенеді және Жермен "жасанды кідіріс" арқылы сөйлеседі. Бұл планеталар арасындағы қашықтықты имитациялайды.

Күн тәртібі минутына дейін жоспарланған: медитация, жаттығу, таңғы ас, брифинг және тапсырмалар - геологиялық зерттеулерден бастап жабдықтың тосын істен шығуын модельдеуге дейін.

"Мақсат - оқшауланған ортада тірі қалу. Өзіңді басқа планетада жүрмін деп елестету керек. Протоколды бұзсаң, көз жұмасың", - дейді MARS-V басшысы Энхтувшин Дойодхуу.

Сапарға дейін қатаң іріктеу өтеді: физикалық және психологиялық тесттер, кейін үш айлық онлайн дайындық (астробиология негіздері, изоляция, қауіпсіздік протоколдары). Одан соң алты адамнан тұратын топ Ұланбатырда жиналып, телефондарын тапсырып, шөлдің ішіне 10 сағаттық жолсыз сапарға шығады.

Неге дәл Моңғолия?

Ғалымдардың пікірінше, Жер бетінде Марсқа Гоби шөлі сияқты ұқсайтын жер жоқ: +45-тен –40°С-қа дейінгі күрт температура айырмасы, құрғақтық, құнарсыз топырақ және темір тотығынан қызғылт тартқан құм.

"Бұл шексіздік пен бос кеңістіктің әсері - дәл "Mad Max" фильміндегідей. Жер бедері бір жағынан баурайды, бір жағынан үрей ұялатады", - дейді Дойодхуу.

MARS-V ұлттық дәстүрлерді де пайдаланады: күмбез пішінді модульдер моңғол киіз үйлерінің формасынан шабыт алған.

"Біз, моңғолдар, ғасырлар бойы шектеулі ресурспен оқшау өмір сүрдік. Енді сол тәжірибені басқа планетаға көшіреміз", - дейді Энхтувшин.

"Марстағы" бір ай 6 мың доллар тұрмақ

SpaceX не Blue Origin секілді компаниялар миллиондаған долларлық ұшу ұсынса, MARS-V "ғарыштық тәжірибенің бюджеттік нұсқасын" уәде етеді. Бір айлық бағдарлама шамамен 6 000 долларға (шамамен 3,3 млн теңге) түседі, оған дайындық пен тұрмыс кіреді.

Бағдарлама қазаннан наурызға дейін өтеді - Гобиде аяз –30°С-қа түсетін кезең. Ұйымдастырушылар жоба толық қауіпсіз екенін, бірақ оқшаулану мен суықтың "жағаңды ұстатардай шынайы" сезілетінін айтады.

"Адамдарды нақты қауіпке салмаймыз, бірақ симуляция мен шындық арасындағы шекараны барынша бұлдырлатуға тырысамыз", - дейді жоба басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2025 15:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары