Найзағайдың кесірінен елімізде жеті орманда от тұтанды
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Өрт ошақтары орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы дер кезінде анықталып, қажетті күштер мен құралдар жедел жұмылдырылды. Қабылданған үйлесімді әрі жедел шаралардың нәтижесінде өрттер қысқа мерзімде оқшауланып, толық сөндірілді.
Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, РМҚК "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе өрт сөндіру десантшылары мен тікұшақтары қатысты.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің шығу себебі – найзағай разрядтары.
"Соңғы уақытта елімізде найзағайлы фронттардың сақталуына байланысты орман өрттерінің туындау қаупі жоғары деңгейде қалып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен РМҚК "Қазавиаорманқорғау" күштері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әуе патрульдеуі мен орман алқаптарын бақылау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде". ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Өскеменде табиғат ерекше мінез танытып, дүлей дауыл соққанын, көлемі жұмыртқадай болатын ірі бұршақ түскенін жазған болатынбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Елімізде су үнемдеуге жеті жыл берілді
19 Желтоқсан 2025 17:37
Астанадағы шаруашылық корпустардың бірінде алапат өрт тұтанды
27 Қазан 2025 09:29
Милан және Кортина қалаларында Олимпиада алауы тұтанды
07 Ақпан 2026 05:06
Таразда пескоблок өндіретін цехта алапат өрт тұтанды
07 Шілде 2026 09:48
Семейде найзағай салдарынан төрт орманда өрт шықты
05 Шілде 2026 13:41
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Тамыз 2026 21:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















