Наурыз ипотекасына өтінім қабылдау бірнеше күнге тоқтатылады
Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Отбасы банк мәліметінше, 21-25 наурыз аралығында «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады.
Бұл шешім Наурыз мейрамы мерекесіне байланысты қабылданған. Банк өкілдері азаматтарға өтінім беру процесін алдын ала жоспарлап, жұмыс күндері өтінім беруге кеңес берді. Сонымен қатар өтінімді алғаш рет беретіндер үшін банк әлеуметтік желідегі парақшаларында қадамдық нұсқаулық жариялаған.
«Наурыз» ипотекасы – Қазақстан азаматтарына алғашқы тұрғын үйді сатып алуға арналған мемлекеттік бағдарлама. Биыл өтінімдер 10–31 наурыз аралығында, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін қабылданады.
Өтінім беру Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында онлайн түрде жүзеге асырылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:65
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 11:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















