Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

Негізгі құжаттағы 40 өзгеріс: III Съезд Әділет партиясының Жарғысын бекітті

Негізгі құжаттағы 40 өзгеріс: III Съезд Әділет партиясының Жарғысын бекітті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Фото: Әділет партиясы

«Әділет» партиясы кезектен тыс III Съезінің күн тәртібіне сайлауалды бағдарламаны, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту, партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мүшелік партиялық жарналардың мөлшерін бекіту, сондай-ақ Съездің қорытынды Қаулысын қабылдау мәселелері енгізілді.

Алдымен делегаттар Жарғыға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ партия мүшелерінің жарна мөлшері сынды партияның ұйымдық дамуына қатысты мәселелерді қарады.

Жарғының жаңа редакциясын таныстырған партия Саяси кеңесінің мүшелері Бекжан Әлімқұлов пен Гүлзира Атабаева құжат Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының ережелері мен қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді ескере отырып әзірленгенін атап өтті.

Олардың айтуынша, жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекеттік басқару ісінің барлық жүйесін терең жаңғыртуға жол ашты. 1 шілдеден бастап партия қызметінің басым бағыттарының бірі – жаңа конституциялық қағидаттарды іс жүзінде жүзеге асыру.

Жаңа есімдер мен танымал тұлғалар: «Әділет» партиясының сайлауалды тізіміне кімдер енді?

Жалпы алғанда, Жарғының 40 ережесіне өзгеріс енгізілді. Олар өзара байланысатын үш негізгі блокқа топтастырылған. Бірінші блок Жарғыны Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруге бағытталды. Екінші блок партияның басшылық органдары арасындағы өкілеттіктерді нақты айқындауды және заманауи әрі тиімді ұйымдастырушылық тетіктерді енгізуді қажет ететін партияішілік басқару жүйесін жетілдіруді көздейді. Үшінші блок құжатты редакциялық және жүйелік тұрғыдан жетілдіруге арналды. Соның нәтижесінде Жарғы мазмұны жағынан бірізді, қисынды және практикалық тұрғыда қолдануға барынша қолайлы болады.

«Заманауи Жарғы – бұл шешім қабылдау тәртібін, жауапкершілікті бөлуді, басқару тиімділігін және еліміздің барлық аумағында партия қызметінің бірыңғай стандарттарын айқындайтын құжат. Ұсынылып отырған өзгерістер партияны неғұрлым прогрессивті, мобильді әрі уақыт талабына тиімді жауап бере алатын саяси ұйымға айналдыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар партия өзінің негізгі құндылықтары мен басты қағидаттарын сақтап қалады», деді Гүлзира Атабаева.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына 186 кандидат ұсынды

Жарғының жаңартылған редакциясында партияішілік басқару жүйесін жетілдіру ісіне ерекше назар аударылды.

«Ұсынылып отырған өзгерістер партияның жоғары органдарының стратегиялық рөлін, шешім қабылдау барысының жеделдігін, басқарудың цифрлық құралдарын және ел аумағындағы жұмыстың бірыңғай стандарттарын өзара үйлестіретін заманауи партиялық басқару моделін қалыптастырады», деді Бекжан Әлімқұлов.

Сондай-ақ делегаттар мүшелік партиялық жарналардың мөлшерін бекітті. Жұмыс істейтін азаматтар үшін ай сайынғы жарна мөлшері – 0,1 АЕК, ал студенттер үшін – 0,01 АЕК. Сонымен қатар зейнеткерлер, мүгедектігі бар қазақстандықтар, бала күтімі бойынша демалыста жүрген ата-аналар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдері мүшелік жарна төлеуден толық босатылды.

Ұйымдық мәселелер қаралғаннан кейін делегаттар партияның Сайлауалды бағдарламасын талқылау, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту және «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінің қорытынды Қаулысын қабылдау жұмысына кірісті.

Еске сала кетейік бүгін елордада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Шілде 2026 15:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақтөбелік жігіт сайлау учаскесінің алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

23 Тамыз 2026 19:54see129

Гүлдана Әлмахан: Әр азаматтың таңдау жасауы елдің қоғамдық саяси өміріне деген жауапкершіліктің көрінісі

23 Тамыз 2026 15:55see121

Онлайн марафонда өңірдегі қандай мәселелер талқыланды?

23 Тамыз 2026 15:35see117

Әділет партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тарихи Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 Тамыз 2026 08:31see116

Біздің Шакирамыз! : Әйкерім Қалаубаеваның жаңа әні мен биі көпшілікті тәнті етті

23 Тамыз 2026 09:43see116

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see115

Қазіргі уақытқа дейін біз ешқандай заңбұзушылық байқаған жоқпыз ШЫҰ байқаушылары

23 Тамыз 2026 13:26see115

Үйленгендеріне бірнеше күн ғана болды: жас жұбайлар сайлауға бірге келді

23 Тамыз 2026 15:35see113

Қазақтың ұлттық киімі мен домбыра үні үйлескен Құрылтай сайлауы

23 Тамыз 2026 19:07see113

Президент Үкіметтің жаңаруы туралы: Кадрлық өзгерістер әрдайым болып тұрады

23 Тамыз 2026 13:47see113

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 100 ге жуық ана дауыс берді

23 Тамыз 2026 09:44see112

Құрылтайдың алғашқы сайлауында байқаушы болу біз үшін де тарихи сәт филиппиндік бақылаушы

23 Тамыз 2026 13:26see112

Бұл туралы айту әлі ерте Тоқаев келесі президенттік сайлауға қатысу туралы

23 Тамыз 2026 13:13see112

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see111

Алматыда сайлау учаскелері маңында азық түлік пен мектеп құралдары сатылады

23 Тамыз 2026 07:16see111

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see111

Бас прокуратура: Сайлау кезінде жеті азаматқа айыппұл салынды

23 Тамыз 2026 22:10see110

Смартфон TikTok қа телміретін құрал емес : Президент цифрландырудың пайдасы туралы айтты

23 Тамыз 2026 14:56see109

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

24 Тамыз 2026 14:53see109

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

24 Тамыз 2026 10:24see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары