Нұрай маған бірінші пышақ салды : Айыпталушы сотта жауап берді
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: justice_for_nuray
Сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймахан оқиға бойынша өз нұсқасын айтып, марқұмның өзіне бірінші болып пышақпен шабуыл жасағанын мәлімдеді.
«Екеуміз айырылысамыз» дегенімде, ол ашуланып, жүзікті көшеге лақтырып жіберді. Осыдан соң кеудемнен ұрып, былапыт сөздер айта бастады. Сол кезде қалтамдағы пышақтардың кішірегін алып оған бердім де: «Ұрғанша, пышақтап жібер» дедім. Нұрай пышақты алып, оң жақ бүйіріме сұқты... Одан кейін не болғаны есімде жоқ», деді айыпталушы.
Сотталушы 2025 жылдың жазынан бастап Нұраймен кездесіп жүргенін, оған сыйлықтар беріп, қаржылай көмектескенін және 2025 жылдың қазан айында үйленуге келіскендерін айтты.
Сонымен қатар ол Нұрайдың туыстары олардың қарым-қатынасы туралы білгенін және кездесулеріне келісім бергенін де айтты.
«Әр қадамын аңдыған». Шымкенттегі жас қыздың өліміне қатысты тың деректер мәлім болды
Айта кетейік, қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтар күні кешке Шымкентте болған. 21 жастағы студент Нұрай Серікбай пышақ жарақатынан көз жұмды. Қатыгездікпен жасалған қылмысқа қызбен таныс болған 28 жастағы Шерхан Аймахан күдікті ретінде танылған. Шерхан Аймаханға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, некеге тұруға мәжбүрлеу, сталкинг (қудалау) және аса қатыгездікпен адам өлтіру баптары бойынша іс қаралып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрай Серікбайдың қорғаушысы сот отырысында айыпталушыға ең қатаң жаза тағайындап, өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап ететінін айтқан еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:105
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Шілде 2026 13:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















