Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

Тәуелсіздікке бастар жол

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

новости на сайте Ак Жайык

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Ол жерде балық бар деп ойламаппын Есентайдан ауланған балық алматылықтарды таңғалдырды

Ол жерде балық бар деп ойламаппын Есентайдан ауланған балық алматылықтарды таңғалдырды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алматы арқылы ағып өтетін Есентай өзенінде балық бары көптеген қала тұрғыны үшін тосын сый болды. Жергілікті тұрғынның аулаған балығы түсірілген фото әлеуметтік желілерде танымалдылыққа ие болды: пайдаланушылар қала өзенінде қандай балық аулауға болатынын, онда балық аулауға рұқсат етілген-етілмегенін және мұндай олжаны жеу қауіпсіз бе деген мәселені талқылай бастады. Tengri Life мамандардан жауап алды.

Бәрі қалай басталды?

Алматы тұрғындарының бірі өзеннен балық аулағаны туралы әлеуметтік желілерде айтып берді.

"Біздің Алматы қаласы қандай керемет! Ал қаланың қақ ортасынан ағып жатқан Весновка өзенінде балық бар. Тіпті таныстарым оны аулап жүр. Шынымды айтсам, мен өте таңғалдым. Өзім балық аулауды жақсы көремін - бұл қызығушылықты маған бала кезімде атам сіңірген болатын. Ал қармаққа ілінген балықты көру балаша қуантады! Оны аулаған кездегі қуаныш сезімі - бір бөлек дүние. Керемет!", - деп атап өтті ол жазбасында.

Скриншот: Threads

Бұл жарияланым ондаған мың қаралым жинап, қызу талқылау тудырды. Кейбір пайдаланушылар өзенде балық бар екенін тіпті білмегенін мойындаса, басқалары оны қала ішінде аулаудың қаншалықты дұрыс екеніне күмән келтірді.

"Осы өзеннің бойында көп жыл тұрсам да, онда балық барын білмеппін", "Бұл балық қала жағдайында онсыз да әрең тіршілік етіп жүр. Оны қала өзендерінде шағалалар мен құтан үшін қалдырыңыздар - олар адамдар сияқты дүкенге азық-түлікке бара алмайды", "Мұндай ірі османды бірінші рет көріп тұрмын. Бағыңыз жанды!", "Ол жерде жалпы балық аулауға бола ма?", - деп жазды желі қолданушылары.

Есентайда қандай балық мекендейді?

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мәліметінше, видеодағы - жалаңаш осман. Бұл балық таулы және тау бөктеріндегі өзендерде тіршілік етеді. Ол суық суды, жылдам ағысты және тасты түбін ұнатады, сондықтан Алматы өзендерінде өмір сүре алады.

"Алматы қаласының маңындағы және іргелес аумақтардағы Іле Алатауының тауларынан бастау алатын өзендерде жалаңаш осман (Gymnodiptychus dybowskii Kessler, 1874) кездеседі. Біздің мәліметтеріміз, сондай-ақ басқа авторлардың зерттеу нәтижелері бойынша, бұл түр Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Есентай (Весновка), Ақсай және Іле өзенінің бассейніне жататын өңірдегі басқа да өзендерде байқалады", - деп атап өтті орталықтағылар.

Есентайда балық аулауға рұқсат па?

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Есентай (Весновка) өзенінде әуесқойлық балық аулауға тікелей тыйым салынбағанын хабарлады. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының 2025 жылғы 7 тамыздағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы ортақ су пайдалану қағидаларында айтылған.

Бұл ретте Есентай және қаланың басқа да кіші өзендері әуесқойлық балық аулау үшін арнайы жабдықталған немесе бөлінген орындар ретінде белгіленбеген.

Басқарма бұл жағдайды мұндай су қоймаларының ерекшеліктерімен түсіндірді: балықтың кейбір түрлері онда маусымдық түрде болады, олардың саны аз, ал тұрақты балық қоры жүйелі балық аулауды ұйымдастыру үшін жеткіліксіз.

Өзендегі балық саны маусымға байланысты өзгеруі мүмкін. Жылы мезгілде кейбір түрлер тауға жақынырақ көтерілсе, күн суыта бастағанда ағыс бойымен төмен қайтады.

Ведомство тікелей тыйым салынбағанның өзінде балықшылар балық ресурстарын қорғау ережелерін сақтауы қажет екенін еске салды.

Қала өзендерінен ауланған балықты жеуге бола ма?

Ал мұндай олжаны азыққа пайдалану мәселесіне келгенде, мамандар асықпауға кеңес береді.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы зертханалық зерттеулерсіз Есентайдан ауланған балықтың қауіпсіздігін нақты анықтау мүмкін емес екенін атап өтті.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, басқарма тұрғындарға тиісті зертханалық зерттеу нәтижелерін алғанға дейін Есентай өзенінен ауланған балықты жеуден бас тартуды ұсынады", - деп ескертті ведомство.

Басқаша айтқанда, әуесқойлық балық аулауға тікелей тыйымның болмауы қала өзенінен ауланған балықты еш қорықпай әзірлеп, жеуге болады дегенді білдірмейді.

Айта кетейік, Балқаш көлі - Қазақстандағы балық аулауға арналған танымал орындардың бірі. Мұнда демалыс базасында тынығу немесе Іле атырауында балық аулау үшін бірнеше сағатқа да, бірнеше күнге де келеді. Біз Балқашта қандай балық аулауға болатыны, өзіңізбен бірге қандай құрал-сайман алу керектігі және 2026 жылы қандай ережелер мен шектеулерді ескеру қажеттігі туралы егжей-тегжейлі материал жазған едік.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:40
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2026 22:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қауіпті үйлерден көшу жоспары кешеуілдеп тұр

22 Қазан 2026 06:33see144

Атырауда 50 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынған Atyrau Open 2026 мәресіне жетті

21 Қазан 2026 11:52see141

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатының ширек финалына өтті

21 Қазан 2026 14:45see138

Украина үшжақты кездесу өткізуге дайын Зеленский

21 Қазан 2026 14:49see136

Алматыда көшеде жалаңаш жүрген кішкентай қыздың ата анасы табылды

21 Қазан 2026 20:04see135

Астаналықтар балалар алаңындағы әскери суреттерге наразы болды: әкімдік жауап берді

21 Қазан 2026 19:20see134

Әлемнің 900 ден астам палуаны Астана төрінде белдеседі

21 Қазан 2026 20:15see133

Авиациялық қауіпсіздік апталығы ашылды

22 Қазан 2026 04:10see127

Алматыда алғашқы қар жауып, күн 4°C қа дейін суытады

21 Қазан 2026 16:58see125

Хромтау шахтасының төбесі опырылып түсті бір кенші қаза тапты

21 Қазан 2026 15:58see123

Тәуелсіздікке бастар жол

22 Қазан 2026 04:49see122

Норвегияда қоқыстың 98 пайызы қайта өңделіп, кәдеге жаратылады Еділ Жаңбыршин

21 Қазан 2026 16:12see122

Грант бар, ақша жоқ: Атырауда 50 болашақ дәрігер стипендиясыз қалды

21 Қазан 2026 14:36see120

Тәуелсіздіктің тарихи маңызы талқыланды

22 Қазан 2026 04:24see119

Әділет партиясы Менің Елім Менің Туым акциясын бастады

22 Қазан 2026 22:28see119

БҚО да пациенттің унитаздан су ішкен видеосына қатысты тексеру басталды

22 Қазан 2026 23:05see119

Екі ел байланысын бекемдеген бастама

22 Қазан 2026 05:02see117

новости на сайте Ак Жайык

21 Қазан 2026 13:58see116

Тоқаев әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

21 Қазан 2026 22:46see112

​Қазақстандық оқушы Испанияда шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

22 Қазан 2026 23:05see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары