Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Оңай олжа орға жықты

Оңай олжа орға жықты

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бөтеннің мүлкі мен қаржысын жымқырып, қалтаға басу – ауыр қылмыс. Ал бұны қоғамдағы заң мен тәртіпті сақтауға жауапты лауазымды тұлғалардың өздері жасап жатса, балықтың басынан шірігені. Өкінішке қарай, мұндай жайсыз жаңалықтан кенде емеспіз.

Жетісу облысында жеңіл жолмен баю­ды көздеген жеке сот орындаушысы басқа емес, балалардың қаржысына қол салып, қылмысты болғаны жаға ұстатып отыр. Алаяқтыққа бейімі бар сабазың алдымен отбасын тастап қашқандардан алимент өндіріп алу үшін атқарушылық құжат дайындап, борышкерлердің жалақыларынан қаржы ұстап қалу туралы қаулы шығарып, жұмыс берушілерге жіберген. Көп өтпей қазынасына қомақты қаражат түскен соң, оның көп бөлігін өзіне қалдырып, алимент өндіріп алушыларға тиын-тебен ғана ұстата салған.

Мысалы, бір жағдайға тоқ­талсақ. Жеке сот орындаушысы биыл сәуір айында борышкердің жалақысынан алимент өндіріп алуды бастайды. Оның жұмыс берушісі сәуірден маусымға дейін жеке сот орындаушысының шотына 570 мың теңге алимент қаржысын аударған. Ал бұл болса, ақшаның шын иелері – балаларға 170 мың теңгесін ғана жіберіп, қалғанын өз қалтасына басады.

Құқық қорғау қызметкерлері жеке сот орындаушысының қи­тұрқы әрекеттерін тексере келе, оның дәл осылай басқа да алимент қаражаттарын жым­қырғанын, жалпы сомасы 2 млн теңгеден аса ақшаны қолды қылғанын дәлелдеді. Бүгінде Талдықорған қаласының прокуратурасы Қыл­мыстық кодекстің 251-бабы бойынша өкілеттігін асыра пайдаланған жеке сот орындаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Ұлытау облысында да осыған ұқсас бір қылмыс орын алған болатын. Бұл жолы оқиғаның басты кейіпкері – кәдімгі мектеп есепшісі. Жезқазған қалалық сотының дерегінше, Сәтбаев қаласы білім бөліміне қарасты №2 балалар музыка мектебінің қаражатына жауапты қызметкері 28 млн теңгеден аса бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып отыр.

Белгілі болғандай, ісім із-түзсіз кетеді деп ойлады ма екен, мектеп есепшісі былтырдан бастап өзіне заңсыз түрде артық жалақы тағайындап отырыпты. Бірақ бұған да қанағаттанбаған ол мекемеде іс жүзінде жұмыс істемейтін «өлі жандарға» да жалақы төлеп келген. Ал бұл қаржының бәрі айналып келіп өзінің қалтасына түскені бесенеден белгілі.

Қылмысы бүге-шігесіне дейін дәлелденген соң, сот үкімімен оған 5 жыл 4 ай мерзімге бас бос­тандығынан айыру және дәл осы мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бүгінде қоғамның қай саласында болмасын, бюджеттің де, бөтеннің де қаражатына қол салу оқиғалары тыйылмай тұр. Мәселен, Маңғыстау облысында мұнай-газ саласынан осындай бір шу шықты. Жергілікті про­куратура жүргізген тексерулер барысында «West Oil Software» ЖШС қызметінде заңға қайшы қылмыстық әрекеттер болып жатқаны анықталып, тергеу жұмыстары аясында басшылық лауазымдағы 3 адам қамаққа алынды.

Соттың мәліметіне қарағанда, олар бюджеттен бөлінген қара­жатты қолды еткен. Біреуі 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылып, бұған қоса үшеуі бірлесіп 261 мың теңге көлеміндегі шығынды өтеп берді.

Ал Бас прокуратура өкілеттігін асыра пайдаланып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген айыппен ұсталған тағы бір лауазымды тұлғаның Түркиядан елге экстрадицияланғаны туралы мәлімет таратты. Ол – құқық қорғау органының бұрынғы қыз­меткері. Тағылып отырған айып – трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқан, ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған және билігін асыра пайдаланған.

Тарқатып айтсақ, күдікті 2015–2016 жылдары Шығыс Қа­зақстан облысының мемлекеттік органдарының бірінде басшылық қызметті атқара отырып, ойын бизнесі саласындағы заңсыз әрекеттерге «қамқорлық» жаса­ғаны үшін жүйелі түрде ақшалай сыйақы алып отырыпты. Яғни өзі де сол заңсыз бизнестің гүл­денуіне тікелей қолғабыс етіп, барынша атсалысқан. Алайда қылмысы ашыла бастағанын байқаған ол дереу шетелге тайып тұрады. Сол кезден бері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрді. 2024 жылдың қаңтарында Түркия Республикасының Измир қаласында ұсталып, Қазақ­стан Республикасы Бас прокура­ту­расының сұрауы бойынша қылмыстық жауапқа тарту үшін елге жеткізіліп отыр. Қазіргі уақытта тергеу изоляторында.

Ал осы қылмыстық топтың басқа мүшелері бұған дейін ұста­лып, түрлі мерзімге бас бос­тан­­дығынан айырылғанын айта кетейік. Тек араларын­дағы серке­сі ғана ұстатпай келген еді. Егер та­ғылып отырған айып­­тар түгелдей расталған жағдай­да, қылмыстық заңнамаға сай мүлкі тәркіленіп, 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бос­тандығынан айыру жазасына кесілмек.

Кез келген қылмыс уақыты келгенде ашылады. Заңға қайшы әрекет жасағандар жауапсыз қалмайды. Өмірдің заңы мен құқықтық мемлекеттің қағида­ты – осындай. Біз баяндаған қыл­мыстық оқиғалар желісі – әр ісіміздің сұрауы болатынының айқын дәлелі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары