Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Шатдаунның салдары АҚШ қа оңай тимеді

Шатдаунның салдары АҚШ қа оңай тимеді

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаунның жыры әзірге бітетін түрі жоқ. Конгрестің төменгі палатасы Үкімет бюджетін ақыры бекітіп, құжатқа Дональд Трамп қол қойды. Бірақ үкіметтің 43 күн бойы қаржыландырылмай, толық жұмыс істемеуі себепті мемлекеттің ес жиюына бірнеше апта қажет. Оның үстіне қабылданған заң жобасы қаңтар айының соңына дейін ғана жарамды.

Ал демократтардың дегені болмады, талаптары орындамады. Бұдан бөлек, Үкіметтің жұмысы тоқтап тұрған кезде АҚШ-тың сыртқы қарызы рекордық деңгейге жетті.

Дональд Трамп бұл күнді «ұлы күн» деп атады. Иә, олай айтуы орынды шығар. Республикашылар мен демократтардың тартысты таласынан кейін көптен күткен заң жобасы қабылданып, 328 беттік құжатқа қол қойылды. Бір айдан астам уақыт үзілістен соң Үкімет жұмысын қайта жалғастырды. Биылғы шатдаунның салдары елге оңай тимеді. Бір жарым миллионға жуық федералды қызметкер айлықсыз қалды. Ал көмекке мұқтаж отбасылар азық-түліктен тарықты. Мыңдаған әуе рейсі тоқтатылды. Әуе сапары демекші, ұшақтардың ұшпауынан конгрессмендердің өзі зардап шекті. Заң жобасына дауыс беру үшін республикашыл Деррик Ван Орден Вашингтонға 1600 шақырым жерден мотоциклмен келуге мәжбүр болды. 

Деррик Ван Орден, АҚШ Конгресінің өкілі, республикашы:

- Мен Миссисипи өзенінің жағасында келе жатырмын. Демократтардың кесірінен шатдаун орнап, әуе рейстеріне сенуден қалдық. Күн райының суықтығына қарамастан өз парызымды орындау үшін Вашингтонға мотоциклмен барғалы отырмын.

Конгресменнің күш-жігері зая кетпеді. Өкілдер палатасы бюджет туралы жаңа заң жобасын мақұлдады. 222 адам Үкіметтің жұмысын жалғастыруы үшін дауыс берген. Олардың қатарында 6 демократ бар. Ал палатаның 209 мүшесі қарсы пікір білдірді. Айта кету керек, шатдаун орнағалы демократтар Үкімет жұмысының жалғасуына 15 рет қарсы дауыс берген. Даудың басы – денсаулық сақтау жүйесіндегі жеңілдіктер. Олар жыл соңында мерзімі аяқталатын медициналық сақтандыруға салықтық субсидияларды созуды сұраған еді. Бұл қолдау тоқтаса, аз қамтылған америкалықтардың денсаулық сақтау жүйесіне бөлетін шығыны күрт артады. Алайда демократтардың талабы ақыры ескерусіз қалды. Жаңа заң жобасына өзгерістер енгізілмеді.

Хаким Джеффрис, АҚШ Өкілдер палатасының демократтар лидері:

- Өкілдер палатасының демократтары Капитолийге бюджет туралы заң жобасына қарсы екенін айту үшін жиналды. Өйткені бұл құжат денсаулық сақтау жүйесіндегі дағдарысты ретке келтіре алмайды. Салықтық жеңілдіктерді созу қарастырылмаған. Саладағы дағдарыс – республикашылар мен Дональд Трамптың таңдауы.

Құжатта аз қамтылған азаматтарға арналған азық-түлік көмегі бағдарламасы келесі жылдың қыркүйегіне дейін қаржыландырылатыны айтылған. Ал жалақыдан айырылған федералды қызметкерлерге өтемақы төленеді. Қысқартуға іліккен қызметкерлер жұмысқа қайта оралады. Алайда федералды қызметкерлердің жарасы жеңіл болғанымен, кіші бизнес өкілдері біраз қиындыққа тап болады. Тұрғындарға несие беру шектеледі. Жалпы шатдаунның ел экономикасына кері әсері көп.

Мысалы, қазан айында АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 38 трлн доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 триллион далларға көп. Экономистердің бағалауынша, биылғы шатдауннан экономикалық өсім 90 млрд долларға төмендеген. 

Майкл Петерсон, Питер Г. Петерсон қорының төрағасы:

- Мемлекеттік қарыз шатдаун кезінде 38 триллион долларға жетті. Бұл заң шығарушы орган өкілдері өздерінің негізгі қаржылық міндеттерін орындамауының кезекті бір белгісі. Қарыздың өсуімен проценттік шығындар да жоғарылайды. Соңғы 10 жылда қарызға қызмет көрсетуге 4 трлн доллар жұмсасақ, келесі 10 жылда 14 трлн доллар төлейміз.

Қабылданған бюджет заңы қаңтардың 30-на дейін жарамды. Одан кейін заң шығарушылар мәселеге қайта оралады. Ал денсаулық сақтау жүйесіндегі салықтық жеңілдіктер үшін дауыс беруді сенаторлар желтоқсан айында ұйымдастырамыз деп уағдаласты. АҚШ тарихында 22 шатдаун болған. Ең ұзақ екі шатдаун да Дональд Трамптың Президенттік қызметі кезінде жарияланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары