Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Өңір өркендесе, елге сеп

Өңір өркендесе, елге сеп

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Түркістан облысында цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу басым бағыт ретінде белгіленіп отыр. Осы мақсатта «Қазақтелеком» және «Транстелеком» компанияларымен бірлесіп, елді мекендерді интернетпен қамту жұмыстары күшейтіледі. Әр сала бойынша цифрландыруға арналған нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді. Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздікке бағытталған жасанды интеллектіге негізделген бақылау жүйесін енгізу көзделіп отыр. IT мамандарын даярлау үшін «Woosong Kazakhstan» IT университетін ашу да – өңірдегі елеулі жаңалықтың бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интел­лект дәуіріндегі Қазақстан: өзек­ті мәселелер және оны түбе­­гейлі цифрлық өзгерістер арқы­лы шешу» атты Жолдауын жүзе­ге асыру тетіктері қаралған кеңес­те об­лыс әкімі Нұралхан Көшеров инвестициялық ахуалды жақсарту, инвестор үшін қолайлы жағдай жасау, жергі­лікті кәсіпкерлікті жүйелі қолдау бүгінде ел алдын­дағы басты мін­деттердің бірі екенін атап өтті. Жер­гілікті кәсіп­керлер қатысқан жиын­да Президент Жолдауы нақты істер­дің бағдары, еліміздің әлеу­меттік-экономикалық дамуының жаңа кезеңі екені айтылды.

– Мемлекет басшысы Жолдау­да шикізаттық емес секторды дамыту – стратегиялық басымдық екенін қа­дап айтты. Әсіресе өңдеу өнеркәсі­бін ілгерілету арқылы біз ұлтт­ық экономиканың тұрақтылығын қам­тамасыз ете аламыз. Осы мақсатта об­лысымызда арнайы экономика­лық аймақтарды дамыту, инвес­тор­ларға жағдай жасау, жаңа кәсіп­орын­дар ашу бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз әр салада ­бел­­­сенділік танытып, бірлесе әре­кет етуіміз керек. Президент тапсырмаларын сапалы жүзеге асыру – біздің ортақ міндетіміз, – деді Н.Көшеров.

Жолдаудан туындайтын мін­деттерді сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында өңірлік арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Сондай-ақ облыста инвесторлармен тікелей әрі кәсіби жұмыс жүргізу мақсатында жаңа инвестициялық басқарма құрыл­ған. Бұл құрылым инвесторларға толыққанды сүйемелдеу қызметін ұсынып, әкімшілік кедергілерді азайту, жобаларды жедел іске асы­ру, бизнес ортаны жақсарту бағы­тында жүйелі жұмыс атқарады. Арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын жаңа форматта ұйым­дастыру, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды даму институтына айналдыру мәселелері күн тәртібіне шығып отыр. Өңірде индустрия­лық аймақтарды тиімді пайдалану, жергілікті шикізатқа негізделген өндірістерді іске қосу, техникалық мамандықтарға сұранысты арттырып, кадрлық әлеуетті көтеру – бас­ты назарда. Облыс әкімінің айтуынша, 2025–2028 жылдар аралығында жалпы құны 2,5 триллион теңге бола­тын 111 инвестициялық жоба жүзеге ­асырылады. Бұл жобалар нәтижесінде 23 766 жаңа жұмыс орны ашылады. Биылдың өзінде 57 жоба іске асырылып, 8 163 жұмыс орны ашылмақ, ал бүгінге дейін 124,1 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске қосылып, 3 457 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жыл басынан бергі 7 айда негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 695 млрд теңгеден асып, жоспар артығымен орындалды. Сонымен қатар «Turan» арнайы экономикалық аймағында шетелдік «Hanya» компаниясымен бірлесіп, өндірістік парк салу жұмыстары басталды. Бүгінде облыста бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, Созақ ауданында жылына 1,6 млн тонна фосфорит кенін өңдейтін «Созақ Фосфат» зауыты мен жылына 100 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын «Taiqonyr qyshqyl» зауыты салынуда. Түлкібас ауданында жылдық қуаты 1,8 млн тоннаны құрайтын каустикалық сода, цемент, ПВХ, әк пен карбид өндіретін «Састөбе Инновациялық кешені» іске қосылуға тиіс. Сонымен қатар Түркістан қаласында мақта кластерін дамытатын «Kazakhstan Lihua», Шар­дара ауданында жүгеріні терең өң­дейтін «Казкрахмал», Ордабасы ­ауданында желатин мен май өнді­ретін «Huating biotechnology» зауыттары бой көтеріп келеді. Облыс әкімі өз сөзінде бұл жобалардың өңір­дің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып қана қоймай, шикізаттық емес сектор­дағы Түркістанның үлесін еселей­тінін атап өтті.

Өңірде ішкі, сыртқы нарық­та бәсекеге қабілетті, терең өңдел­ген өнім шығаруға басымдық бері­леді. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы ­60,7 млрд теңгенің 18 жобасын жү­зе­ге асыру жұмыстары жанданады. Сондай-ақ облыста су үнемдеу тех­но­логиялары 114 мың гектарға енгізілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл көрсет­кіш­ті 2030 жылға дейін 216 мың гек­тар­ға жеткізу көзделіп отыр. Су ресурс­тары және ирригация министр­лі­гіне берілген жаңа функциялар ­аясында 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер есебі­нен алдағы үш жылда Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізу мен суармалы су беру қызметтерін инвестициялық субсидиялау үшін шамамен 90 млрд теңге қарастырылған.

Президент Жолдауда өңір­лердің көлік байланысына қатыс­ты мәселемен мықтап айна­лысу керектігін айтты. Осы орай­да кеңесте облыстың көлік-логис­тикалық әлеуетін арттыру мәселесі де талқыланып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойында сервистік инфрақұрылымды дамыту, жол сапасын жақсарту, көлік дәліздерінен қосымша табыс көздерін қалыптастыру тапсырылды. Сонымен қатар «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісі­нің құрылысын мерзімінде аяқтау – ерекше бақылауға алынған. Энергетика саласында облыстың тұтынатын электр қуатының 75%-ы сырттан тасымалданады. Бұл мәселені шешу үшін жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын 6 ірі жоба іске асырылып жатыр. Қосымша энергия көздерін тарту міндеті де қойылып отыр. Ауызсу мәселесі де кеңінен талқыланды. Бүгінде облыстағы 801 елді мекеннің 763-і немесе 98,1%-ы орталықтандырылған ауызсумен қам­­тылған. Орталықтандырылған ауызсу құбыры тартылмаған 38 елді мекен бар, 192 елді мекенде ауыз­су кес­те бойынша беріледі. Кейбір елді мекендерде су көздерінің дебеті азайған, су жүйелері тозған. Бұл мәселелерді шешу үшін кешенді шаралар қабылданып жатыр. Президенттің биыл елді мекендерді 100% ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы – басты міндеттердің бірі.

Сонымен қатар адам капита­лын дамытуға байланысты жо­ғары оқу орындары мен колледж­дерде білікті кадр даярлау жұмыстары жүйеленіп жатыр. Жасанды интеллектіге негіз­дел­ген бағдарламалар мектеп бағ­дар­­ламасына енгізіледі. Ал ден­сау­лық сақтау саласында Орда­басы, Сары­ағаш аудандарында пери­натал­дық орталықтар салу үшін жобалық-сметалық құжаттарды жедел әзірленуге тиіс.

Кәсіпкерлерге көрсетілетін мем­­лекеттік қызметтер толықтай цифр­лық форматқа көшіріледі. Бұл ретте жасанды интеллект пен зама­науи технологияларды тиімді пайдалану қажет. Биылғы сегіз айда облыс кәсіпкерлеріне 18 мыңға жуық кеңес беріліп, 1 770 бизнес-­жос­пар әзірленген. Бұл жұмыс­тарға «Túr­kistan» кәсіпкерлерге қызмет көр­сету орталығы мұрындық болып отыр. Орталықтың тікелей сүйе­мел­деуімен жалпы құны 8,8 млрд теңгені құрайтын 735 жоба іске асып, соның нәтижесінде 205 жоба нақты жүзеге асқан. Осы арқылы өңірде 2 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Мемлекет басшысы Жолдауда ішкі, сыртқы нарықта бәсе­кеге қабілетті, терең өңделген өнім шы­ғаруға басымдық беруді міндеттеді. Бұл орайда биыл өңірде күріш өнім­дерін өңдеу жобасы, қымыз, сүт өнімдері цехы, мақта тұқымын өң­деу және мия тамырын қайта өңдеу зауыттары, сұйық мақта майын өнді­ру, металл және ауыл шаруашылығы техникасына арналған бөлшектер шығару, жоңышқа өндірісі, вагондарды жөндеу жобалары іске қосылуға тиіс. Облыс аумағында 214 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Кәсіпкерлік үдерісін толық автоматтандыру үшін арнайы CRM-платформа енгізіліп жатыр. Бұл жүйе арқылы әр кәсіпкердің жеке базасы жасалып, қызмет сапасы нақты көрсеткіштермен өлшенеді. Сонымен қатар есеп берулер автоматты түрде құрастырылатын болады.

Түркістан қаласында ашылған Woosong IT университеті, яғни 2 300 студентке арналған оқу ордасы өңірдің цифрлық серпілісінің негізі болады. Университет жасанды интеллект, Big Data, киберқауіпсіздік, бағдарламалау, IT-инженерия сынды бағыттарда жоғары білікті мамандар даярлап, Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі білім хабына айналады.

Түркістан облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 08:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see182

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see165

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see162

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see160

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see159

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see159

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see159

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see158

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see158

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see157

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see156

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see155

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see154

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see153

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see153

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see153

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see152
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары