Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Өңір әлеуетінің мүмкіндігі

Өңір әлеуетінің мүмкіндігі

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті. Сондай-ақ ол мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және бірінші өңірлік «Талдау мектебінің» тыңдаушыларымен жүздесті. Іс-шаралар барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жолындағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары айқындалып, палатаның мәслихаттармен және сарапшылармен өзара іс-қимыл форматтары талқыланды.

Сенат төрағасы атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауында айтылған бастамаларды сапалы іске асыру үшін барлық мүдделі тараптың кешенді әрі жүйелі бірлескен жұмысы қажет. Осыған байланысты мәслихат депутаттарымен және ҚХА мүшелерімен кездесуде жергілікті өкілді органдар мен сараптамалық-талдау қоғамдастығын заң шығару қызметіне белсенді тарту мәселесіне баса мән берілді. Мұндай формат Қазақстанның сапалы экономикалық өсуіне, Құрылыс, Цифрлық кодекстерді, Банктер мен банк қызметі туралы заңды, басқа да қажетті заңдарды уақтылы қабылдауға және Парламент қызметін одан әрі жетілдіруге тың серпін береді. Мәулен Әшімбаев өз сөзінде заң шығару үдерісі мен шешім қабылдаудың тиімділігін арттыруға арналған және саяси реформаларды біртұтас институционалдық жүйеге біріктіруді көздейтін парламенттік реформаға да назар аударды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту бағытына ерекше назар аударып, еліміздің стратегиялық даму бағдарын айқындап берді. Оны сапалы іске асыруға үлес қосу – бәріміздің маңызды міндетіміз. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бір палаталы Парламентке көшу мәселесін қоғамдық және сараптамалық талқылауға шығарды. Парламенттік реформаның нәтижесінде мәслихаттардың да рөлі артады. Өйткені сіздер жергілікті жерлерде халықпен тікелей жұмыс істеп келесіздер. Қорытынды шешім азаматтардың пікірі ескеріле отырып, жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады», деді Сенат спикері.

Сонымен қатар М.Әшімбаев Қарағанды облысының әлеуетін одан әрі арттыру үшін күш біріктірудің маңызы зор екенін айтты. Бұл өңір ірі индустриалды орталық ретінде елдің экономикалық дамуы жолында ерекше мәнге ие. Қазіргі таңда бірқатар басым бағытта жоғары көрсеткіштер байқалады. Бұл үрдіс жаңа экономикалық модельге көшуге және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға айтарлықтай ықпалын тигізіп отыр.

«Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыруға, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөліп келеді. Соның нәтижесінде өңірлерде жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жұмыс орындары ашылуда. Сенат депутаттары өт­кен аптада алдағы үш жылға арналған респуб­ликалық бюджетті қарап, облысқа қосымша қомақты қаржы бөлуге қолдау білдірді. Палата алдағы уақытта да өңірді дамыту бағы­тындағы жұмысты жалғастыра береді», деп М.Әшімбаев облыстың әлеуетін арттыру жолындағы маңызды міндеттерге тоқталды.

Машина жасау саласындағы сын-қатерлер мен басым бағыттарға арналған дөңгелек үстелде де аталған мәселе кеңінен талқыланды. М.Әшімбаев Қарағанды облысы қуатты индустриялық базаның және металлургия саласымен тығыз интеграция­ның арқасында еліміздегі машина жасау кешенінде көшбасшы орынға ие екенін атап өтті. Ол соған қарамастан, бірқатар өзекті мәселелер де бар екенін тілге тиек етті. Бұл қатарда импортқа тәуелділік, кадр тапшылығы, техникалық және цифрлық олқылықтар сияқты түйткілдер бар.

«Бүгінде елімізде машина жасау саласы белсенді дамып келеді. Сонымен қатар бұл секторда көптеген проблема бар екені жасырын емес. Олардың ең маңыздыларының бірі – қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету және инвестиция тарту. Сенат осы және басқа да мәселелерді шешу үшін Машина жасау саласын қолдау туралы жеке заң жобасын әзірледі. Жалпы, Қазақстандағы машина жасау саласының әлеуеті зор. Оны іске асыру үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылымның және білім беру жүйесінің тиімді бірлескен жұмысы қажет. Мұндай ынтымақтастық бәсекеге қабілетті өндіріс қалыптастыруға, оқшаулауды арттыруға және заманауи, тиімді, экспортқа бағдарланған машина жасау саласын құруды ілгерілетуге мүмкіндік береді», деді Сенат төрағасы.

М.Әшімбаев облыстың белсенді жастары – бірінші өңірлік «Қарағанды Талдау мектебінің» қатысушыларымен кездесуде жас буынның еліміздің дамуы және реформаларды іске асыру жолындағы рөліне кеңінен тоқталды. Сенат төрағасы сарапшыларға Taldau Community-дің құндылықтары және жобаның негізгі мәні жөнінде айтып берді. Ол Мемлекет басшысы еліміздің тұрақты дамуында аналитикалық тәсілдер маңызды рөл атқаратынына үнемі көңіл бөліп келе жатқанын тілге тиек етті. Осыған байланысты Талдау мектебі бірнеше жыл бойы мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, білім және ғылым мекемелерінің және басқа да саладағы жас мамандардың талдау қабілетін шыңдауға қолдау көрсетіп келеді.

Сапар аясында сенаторлар Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Сондай-ақ олар боччадан жолдастық матчты тамашалады. Бұған қоса депутаттар өңірдегі бірқатар кәсіпорынға арнайы барып, өнім өндіру технологиясымен танысты.

Сенаторлар алдымен Qarmet диспет­черлік-талдау орталығына барды. Бұл нысан – компанияның цифрлық өзгерісінің орталық элементтерінің бірі. Орталық 2024 жылы ашылған және бүгінде Qarmet-тің барлық көмір өндіру нысандарына кешенді мониторинг жүргізеді. Оның көмегімен жабдықтар мен персоналдың жай-күйі, өндіру және қайта өңдеу параметрлері, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейі, сондай-ақ көлік және энергетикалық жүйелердің жұмысы тәулік бойы бақылауда болады.

Палата депутаттары барған келесі нысан – Саран қаласының индустриялық аймағында орналасқан автомобиль шиналарын шығаратын «Tengri Tyres KZ» ЖШС зауыты. «Attar» брендімен шиналар шығара­тын кәсіпорын 2024 жылы іске қосылды. Оның жобалық қуаты жылына 3,5 млн жеңіл, жеңіл жүк және жүк шиналарын құрайды. Нысанда резеңке қоспасын дайындаудан бастап құрастыруға, вулканизациялауға және дайын өнімнің сапасын көпсатылы бақылауға дейінгі өндірістің толық циклі жүзеге асырылады. Бүгінде зауытта 600-ге жуық адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар сенаторлар автобус және коммерциялық техника шығаратын «QazTehna» ЖШС зауытына барды. Кәсіпорынның құрылысы 2019 жылы бас­талды. Жоба аясында бұрынғы резеңке-техникалық бұйымдар зауытының өндірістік және қойма алаңдарының 40,5 мың шаршы метр аумағы жаңғыртылды. Бүгінде кәсіпорынның қуаты жылына 1 200 автобус пен 10 мың коммерциялық техника бірлігін құрайды. Зауыт жұмысшылары өндірісті оқшаулау деңгейінің артқанын айтты. Кәсіпорында автобус шанақтарына қажетті металл элементтерінің кең спектрін шығаруға арналған Қазақстандағы алғашқы гидравликалық штамптау пресі орнатылған. Өндірісте Qarmet металлургиялық комбинатында шығарылатын отандық мырышталған болат пайдаланылады. Ол халықаралық сапа сертификатынан өткен және техниканың сериялық шығарылымында қолданылған.

Сондай-ақ М.Әшімбаев тұрмыстық техника мен электроника өндірісіне маманданған «Silk Road Electronics» ЖШС зауытының қызметімен танысты. Кәсіпорын 2023 жылдың соңында пайдалануға берілген. Бүгінде мұнда тұрмыстық техниканың жеті санаты шығарылады. Олар: теледидарлар, кір жуу машиналары, су жылытқыштар, асүй плиталары, ауасорғыштар, шаңсорғыштар және шағын пештер. Өнімдер Artel, Shivaki, Royal және басқа да серіктестердің брендтерімен өндіріледі. Зауыт 2025 жылы Samsung маркалы 26 мың теледидар мен кір жуғыш машиналарын шығарған. Олардың ішінде қазақ тіліндегі ЖИ және интерфейспен жабдықталған модельдер де бар. Қазірдің өзінде 2026 жылғы сериямен Samsung теледидарлары, сондай-ақ Artel брендімен жаңа асүй плиталары шығарыла бастады. Өндірісте жергілікті материалдар, соның ішінде Qarmet металы белсенді қолданылады. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қараша 2025 10:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see166

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see158

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see151

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see150

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see147

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see145

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see143

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see141

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see140

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see139

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see136

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see121

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see118

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see117

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see117

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see115

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see112

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары