Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Орыс ұлттық бас киіміндегі айтыскер: Қостанайлық Ирина Новицкая

Орыс ұлттық бас киіміндегі айтыскер: Қостанайлық Ирина Новицкая

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Ирина Новицкая Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында аудармашы болып қызмет етеді. Сондай-ақ облыс әкімдігі қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінде бас сарапшы қызметін атқарады. Негізгі жұмысымен қатар «Мәміле» курстары аясында қазақ тілін үйретеді. Бұл сабақтар Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен бес жылдан астам уақыт бойы тұрақты өткізіліп келеді.

Жуырда Астанада өткен «Алтын шаңырақ» республикалық айтысында жеңімпаз атанып, Қостанай өңірінің намысын қорғады.

Фото: Ирина Новицкаяның жеке архивінен

— Балалық шағыңыз қалай өтті?

— Балалық шағым отбасымның қолдауы мен мейіріміне толы болды. Қай іспен айналыссам да, ата-анам әрдайым жанымнан табылды. Біз ауылдың қарапайым тұрмысын көріп өстік: бау-бақша күтіп, шаруашылыққа араластық. Сол күндердің бәрі ерекше естелікке толы.

— Отбасыңыздағы екі мәдениет сізге қалай әсер етті?

— Отбасымызда қазақ және орыс дәстүрі қатар сақталды. Дегенмен күнделікті өмірде қазақы тәрбие басым болды. Анам бізге тілді, үлкенге құрмет көрсетуді, салт-дәстүрді үйретті. Әкемнен өзге мәдениетке құрметпен қарауды, ашық болуды үйрендім. Соның нәтижесінде екі мәдениет бойымда үйлесім тапты.

Фото: Ирина Новицкаяның жеке архивінен

— Бұл бағытты таңдауыңызға не әсер етті?

— Ең алдымен анамның ықпалы зор болды. Сонымен қатар түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысуға деген қызығушылығым да әсер етті. Домбыраны да өз қалауыммен үйрене бастадым.

— Неліктен қазақ филологиясын таңдадыңыз?

— Журналистика мен филологияның арасында таңдау болды. Филологияның мүмкіндігі кең екенін түсіндім. Оның үстіне 11 жыл қазақ мектебінде оқыдым. Уақыт өте келе қызығушылық артып, осы саланы таңдадым.

Фото: Ирина Новицкаяның жеке архивінен

— Бұл таңдаудың дұрыс екенін қашан түсіндіңіз?

— «Абай оқулары» байқауынан кейін. Сол кезде бұл бағыттың маған жақын екенін анық түсіндім. Өз жолымды дұрыс таңдағаныма көзім жетті.

Фото: Ирина Новицкаяның жеке архивінен

— Жұмысыңызда сізді не жігерлендіреді?

— Маған адамдардың қазақша сөйлеуге талпынысы қатты әсер етеді. Тіпті бір сөз үйренсе де, соның өзі қуантады. Ешқашан сын айтпаймын, керісінше сабақты еркін, жайлы өткізуге тырысамын. Бір-бірімен қазақша сөйлесе бастағанда, қатты қуанамын.

— Есте қалған ерекше оқиға бар ма?

— Иә, бір оқушым ұзақ уақыт сөйлеуге ұялатын, қателесуден қорқатын. Бір күні қазақ тілінде өз отбасы туралы айтып берді. Қателері болғанымен, өз ойын сенімді айтты. Сол кезде оның қорқынышын жеңгенін көріп, мен де қуандым.

Фото: Ирина Новицкаяның жеке архивінен

— Барлығына қалай үлгересіз?

— Кейде өзім де таңғаламын. Бірақ «үлгерем деген адам үлгереді» деген сөз бар. Бала кезден оқу мен түрлі үйірмеге қатысып өстім, содан да болар. Қазір де сол әдетім көмектеседі. Ең бастысы — өз ісіңді жақсы көру. Әрине, жұбайымның қолдауы да маңызды, ол әрдайым жанымнан табылады.

— Отбасыңыздағы дәстүрлер қандай?

— Біз қалада тұрамыз, ал анам ауылда. Әр демалыс сайын бәріміз анамның үйіне жиналамыз. Бірге ас ішіп, әңгімелесеміз. Бұл — біз үшін ең қымбат уақыт. Үйдің іші әрдайым жылы, жайлы.

— Үйде қай тілде сөйлесесіздер?

— Бала кезден қазақша сөйлесеміз. Әкем де қазақша сөйлейтін. Кейде өзіміздің орыс екенімізді де ұмытып кетеміз.

Фото: Ирина Новицкаяның жеке архивінен

— Музыка өміріңізде қандай орын алады?

— Домбыра тартып жүргеніме 14 жыл болды. Қазір сирек болса да, үйде ойнап, ән айтамын. Кейде гитара мен пианинода да ойнаймын.

— Көпұлтты Қазақстанда өмір сүру сіз үшін нені білдіреді?

— Бұл — өзара құрмет пен бірлікте өмір сүру. Мұнда әр мәдениет пен тілдің өзіндік орны бар. Осындай ортада өмір сүріп жатқанымды бағалаймын. Қазақтың мәдениеті мен дәстүрін ерекше құрметтеймін.

Айта кетейік, қазақ тілі алғаш рет халықаралық олимпиадада жұмыс тілі ретінде бекітілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Мамыр 2026 14:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары