Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Астанадағы орыс театры ерекше қойылым ұсынды

Астанадағы орыс театры ерекше қойылым ұсынды

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Кедергілерді жеңген жан. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры астаналық көрерменге ерекше қойылым ұсынды, деп хабарлайды 24KZ. Мүгедектігі бар жанның өмірге деген құштарлығын оятқан ұстаз бен шәкірттің табандылығы тұрғындарды тәнті етті.

Ешкімге бағынбай, өз-өзімен аласұрған қаршадай қыздың тағдыры аянышты. Бақуатты ортадан шыққанымен, қоғамға араласа алмай арпалысқан жан. Бәрі оған соқыр-мылқау деп аянышпен қарайды. Бұл қойылым да шынайы оқиғаға негізделген. Жанары семіп, құлағы мүкіс болғанына қарамастан алдынан шыққан кедергілердің бәрін жеңген Хелен Келлердің шынайы өмірін бейнеледі. Қойылымның ерекшелігі сол, мұндағы басты рөлді сомдаған әртіс те сондай жан. Мүмкіндігі шектеулі жанның рөлін «Қанаттылар» инклюзивті театрының әртісі Гүлнар Есентаева ойнап шықты.

Айболат Жәудір, М. Горкий атындағы орыс драма театрының директоры:

- Бұл спектакльдің елге берері өте көп, қазіргі қазақ қоғамындағы мүмкіндігі шектеулі жандарды кемсітпей, тең қоғам құру мақсатында жасалып отыр. Біз ойлаған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Спактакліміз мүмкіндігі шектеулі балаларымызды бағып отырған ата-аналарға, оларға тәлім-тәрбие беретін ұстаздарға арналады.

Музыкалық драманың премьерасына жиылған жұрттың қарасы қалың. Орыс драма театры мен «Қанаттылар» инклюзивті театрының бірлесе ұсынған алғашқы туындысын көрермен де жылы қабылдаған. Тағдыр тезіне сынбайтын төзімділікті, сүйіспеншілік пен сенімді қос театр әртістері ерекше жеткізе білді. Ал ерекше жандарға арнайы сурдоаударма да болды.

Арнұр Ысқақ, «Қанаттылар» инклюзивті театрының жетекшісі:

- Бұл қойылымда біздің Гүлнар деген қызымыз ойнап жатыр. Бұл қызымыз Тараз қаласынан осы «Қанаттылар» театрының алғаш іргетасы қаланып жатқанда шақырылған болатын. Негізінде біздің театрдағы ерекше жандардың барлығында актерлік дипломы жоқ. Бірақ осы төрт жыл ішінде оларды сахна дайындады.

Ал төзім мен махаббатты бейнелейтін қойылымға қоюшы режиссер ретінде Ресейден отандасымыз Гүлназ Балпейісова шақыртылған. Режиссер бұл қойылым арқылы мүмкіндігі шектеулі жанның күресі мен үмітін айырықша жеткізгенін айтады.

Гүлназ Балпейісова, режиссер:

- Жаңа қойылым мен үшін кәсіби шыңдалуыма сеп болды десем артық емес.  Максим Горький атындағы театр мен «Қанаттылар» театының әртістерімен жұмыс істеу мен үшін шығармашылықтың жаңа көкжиегін ашқандай болды.  Бұл жай ғана қойылым емес, бұл махаббат пен шыдамдылықтың көпірі іспетті.

Айта кетейік, биыл Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының құрылғанына 125 жыл. Ал «бұл қойылым театр мерейтойына ерекше сый болды», – дейді мамандар.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Марат Диханбаев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 10:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see153

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see145

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see142

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see141

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see138

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see120

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see119

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see118

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see117

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see114

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see111

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see110

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see109

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see108

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары