Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ош қаласында Тоқаевтың қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті

Ош қаласында Тоқаевтың қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өтті

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған, елдік пен ерлік жолында қалам тербеген көрнекті жазушы, қайраткер тұлға Кемел Тоқаевқа арналған.

Іс-шара Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің конференция залында өтті. Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Ош қаласының мэры Женишбек Токторбаев, ОшМУ ректоры Қудайберди Кожобеков, Қырғызстан Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нурланбек Калыбеков және Қырғызстанның шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева екі ел президенттерінің достық пен сенімге негізделген тығыз қарым-қатынасы саяси және экономикалық салалармен қатар, мәдени-гуманитарлық байланыстарға да тың серпін беріп келетінін атап өтті.

"Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әке туралы ой-толғау" атты терең мағыналы еңбегінің қырғыз тіліндегі таныстырылымы – екі ел арасындағы әдеби байланыстарды жаңа белеске көтеретін мәні зор қадам. Туындының қазақ тілінен қырғыз тіліне аударылуы – біздің ортақ тарихи-мәдени кеңістігіміздің табиғи жалғасы және рухани сабақтастығымыздың көрінісі. Бұл кітаптың оқырманға қуат, тәрбие, ой және жүрек жылуын сыйлайтынына сенім білдіремін", – деді министр.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл кітап ғұмыры жиырмасыншы ғасырдың барлық ауыртпалығын арқалаған барша қазақтың тағдырымен астасып жат халқымыздың көрнекті жазушысы Кемел Тоқаев жайында. Майдан жылдарының қасіреті, соғыстан кейінгі жаңару кезеңі, адамдық пен адалдық туралы түсінік – осының бәрі кітапта шынайы бейнеленеді.

"Бұл кітап қырғыз және қазақ халықтарының достығын нығайтуда зор маңызға ие. Қазақ тілінен қырғыз тіліне аударылып, қырғыз оқырмандарына ұсынылуы — екі ел арасындағы рухани байланыстың белгісі. Бұл – халықтарымыздың мәдени бірлігі мен бауырластығының айқын дәлелі" – деді Аскаралы Мадаминов.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тұсаукесерге жиналған көпшілікке президент кітабының желісі бойынша түсірілген "Бауыр" атты деректі фильм көрсетілді. Айта кетейік, "Әке туралы ой-толғау" кітабы румын, араб, моңғол, түрік және қырғыз тілдеріне аударылды.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 18:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see144

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see137

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see132

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see132

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see129

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see129

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see125

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see118

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see118

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see117

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see115

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары