Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Астанада Си Цзиньпин Ел басқару жөнінде кітабының V томының таныстырылымы өтті

Астанада Си Цзиньпин Ел басқару жөнінде кітабының V томының таныстырылымы өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

15 шілде күні Астанада «Си Цзиньпин Ел басқару жөнінде» кітабының бесінші томының таныстырылымы өтті. Іс-шараны ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Баспасөз-канцеляриясы, Қытайдың халықаралық баспа тобы және Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі бірлесіп ұйымдастырды. Салтанатты жиынға Қытай мен Қазақстанның саяси партиялары мен сараптамалық орталықтарының өкілдері, сондай-ақ өзге де салалардың өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қатысушылар Қытай мен Қазақстан, сондай-ақ Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты, гуманитарлық және сарапшылық алмасуды тереңдету тұрғысынан бұл кітаптың маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

Қазақстандағы Қытай елшілігінің уақытша сенімді өкілі Чэн Кэфаньнің айтуынша, Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі социализм туралы идеялары маркстік теорияны Қытайдың нақты болмысымен және дәстүрлі қытай мәдениетінің озық құндылықтарымен ұштастырады. 

– Бұл – XXI ғасырдағы заманауи марксизмнің көрінісі әрі марксизмді қытайландыру процесіндегі жаңа белес. Аталған еңбек осы идеялардың қалыптасу, даму және толығу процесін жан-жақты ашып көрсететін құнды дереккөз. Нақтырақ айтсам, Қытай Коммунистік партиясының мемлекеттік басқару философиясын, елдің даму стратегиясын, құндылықтар жүйесі мен жаһандық жауапкершілік қағидаттарын түсінуге мүмкіндік беретін «алтын кілт», - деді ол.

Сондай-ақ Чэн Кэфань Қытай тарапы осы бесінші томның жарық көруін мемлекеттік басқару саласында тәжірибе алмасуды тереңдетуге, даму стратегияларын өзара үйлестіруге, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын одан әрі дамытуға және екіжақты ынтымақтастықты жаңа белеске көтеруге мүмкіндік ретінде қарастыратынын айтты. 

– Мұның бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа «алтын отыз жылдығын» қалыптастыруға және тағдыры ортақ қоғамдастықты одан әрі нығайтуға бағытталған, - деді ол.

«Си Цзиньпиннің мемлекеттік басқару туралы» кітабының бесінші томына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің 2022 жылғы мамырдан 2024 жылғы желтоқсанға дейінгі аралықта жарияланған 91 маңызды еңбегі енген. Бұл туралы Шетел тілдеріндегі әдебиеттер баспасының бас редакторы Мо Гаои айтып берді.

 – Бұл еңбектерде Қытайды жаңғыртудың жаңа даму кезеңіндегі теориясы мен практикасы жүйелі түрде баяндалып, адамзаттың тағдыры ортақ қоғамдастығын құру жөніндегі Қытайдың көзқарасы мен ұстанымы жан-жақты көрсетілген. Сондай-ақ халықаралық қауымдастыққа жаңа дәуірдегі Қытайды және Қытай Коммунистік партиясын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кітапта «халық бәрінен биік, барлық іс халық игілігі үшін жасалуы тиіс» деген қағидатқа негізделген Қытайдың даму тұжырымдамасы кеңінен түсіндірілген, - деп нақтылады Мо Гаои.

Сонымен қатар жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Елнұр Бейсенбаев қатысты. Ол да бұл еңбектің қазақстандық оқырмандар үшін мән-маңызы зор екеніне тоқталды. 

– Бұл көлемді кітап – Қытай мемлекетінің саяси даму бағытын, мемлекеттік басқару тәжірибесін, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ұстанымдарын, сондай-ақ ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарын тереңірек түсінуге ұмтылатын қазақстандық оқырмандар үшін маңызды әрі құнды дереккөз.

Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік даму модельдерінің өзіндік ерекшеліктері болғанымен, екі елді жақындастыратын ортақ қағидаттар да аз емес. Екі мемлекет те реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жаңғыру және орнықты дамуды қамтамасыз ету қағидаттарын ұстанады, - деді ол.

Осы ретте Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға, заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен есептілігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

– Вице-президент, Қазақстан халық кеңесі институттарының енгізілуі, Құрылтайдың жаңғыртылуы сияқты саяси реформалар, сондай-ақ терең саяси трансформация мен халық бірлігін нығайтуға бағытталған ортақ ұстанымдар екі елдің тәжірибесін жақындастыра түседі.  Бұл тұрғыда Қазақстан мен Қытай арасында мемлекеттік басқару тәжірибесі, цифрлық трансформация, мемлекеттік қызметтің тиімділігі және басқару мәдениеті салаларындағы өзара тәжірибе алмасудың маңызы арта түсуде. Бүгінгі «Мемлекеттік басқару туралы» кітабының бесінші томының жарық көруі саясаттанушылар, халықаралық қатынастар саласының мамандары, ғылыми қауымдастық, студенттер, сондай-ақ Қытайдың тілі, мәдениеті мен қоғамдық-саяси дамуын зерттеушілер үшін маңызды оқиға екеніне сенімдімін, - деді Елнұр Бейсенбаев.

Шара соңында Қытай тарапының өкілдері Қазақстан өкілдеріне «Си Цзиньпин Ел басқару жөнінде» кітабының бесінші томын салтанатты түрде табыстады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 17:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары