Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Аудандық аурухананың облыс көлемінде ауқымды жабдықталуы өз септігін тигізді Темірхан Бегісбаев

Аудандық аурухананың облыс көлемінде ауқымды жабдықталуы өз септігін тигізді Темірхан Бегісбаев

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Елімізде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қайырымдық қорлар жоқ емес бар. Десе де әрқайсының бағыты әртүрлі. Соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік инфрақұрылым салаларына басымдық беріп келе жатқан Болат Өтемұратов қорын атауға болады.

Халқының денсаулығына мән беріп, медициналық жағдайын да барынша жақсартуға тырысқан. Әсіресе, еліміздің шалғай ауыл-аймағындағы емханалар мен аурухананың жабдықталуына, жаңартылуына көңіл бөлген. Оның бастамасы сонау 2013 жылы «Burabike Fest» фестивальден басталады. Өйткені бұл фестиваль қордың ұйымдастыруымен өтеді. Ал одан түскен қаржыны облыстық қана емес, аудан мен ауылдық жерлердегі ауруханаларға аса қажетті жабдықтарды алуға жұмсалды.

Жеті жыл ішінде еліміз бойынша шалғайдағы 28-ге жуық медициналық мекемелер жаңартылып қана қоймай, замануаи  жабдықтармен жабдықталды. Нақтырақ атап айтар болсақ, Ақмола облысы бойынша жетеу, Солтүстік Қазақстан облысында – үшеу,  Қарағанды облысында – 1, Қызылорда облысында – үшеу, Жамбыл облысында – біреу, Алматы облысында – бесеу, Батыс Қазақстан облысында үшеу және Ақтөбе облысында біреу. Олар үшін реанимобильдер, өкпені жасанды желдету аппараттары, наркозды-тыныс алу аппараттары және тағы басқалары.

Қостанай облысындағы Әулиекөл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігер міндетін атқарушы Темірхан Бегісбаев сол жылдары енгізілген жаңартудың игі жақсылығын әлі күнге дейін көріп отырғанын сөз етті.

– Аудандық аурухананың облыс көлемінде ауқымды жабдықталуы бірінші рет. Сондықтан оның жергілікті тұрғындарға ғана емес, көрші аудандарға да септугін тигізіп жатыр. Негізі біздің аурухана 22 мың  халыққа қызмет етеді, 120-ға жуық төсек орны бар. Жолдың бойында орналасқандықтан қосымша Қарасу ауданы, Наурыз ауданынан түскен ауыр науқастарды да қабылдаймыз. Инсульт бөлімшесі қосылғалы халыққа көрсету қызметінің сапасы ғана емес, оның түрлері де арта түсті. Бұрын-сонды біз инсультті науқастарды, яғни жүрек талмасы және инфарктпен түскендерді жедел қалаға жеткізуге тырыссақ. Қазір бұл көмекті өзімізде атқаратын халге жеттік. «Көш жүре түзеледі» демекші, алғашқы жылдары біздің орталықта жүрекке байланысты 50-ге жуық ота жасасақ, бүгінде 300-ге тарта ота жасалады, – дейді Темірхан Бегісбаев.

Оның айтуынша, ауданда Инсульт орталығы қосылғалы жұмыс кестесі өзгеріп, жұмыс істейтін мамандардың саны арта түскен. «Нейрохирург, кардиолог, ангиолог дәрігерлер мен КТ құрылғысымен істейтін мамандар  алынды» деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Болат Өтемұратов қоры Қостанай облысының Әулиекөл орталық аудандық ауруханасы базасында инсульт орталығын құруға және жабдықтауға 1 млрд теңге бөлінген. Бұ қаражатқа диагностикалық зерттеулер жүргізуге арналған медициналық жабдықтар сатып алынып, ғимараттарға жөндеу жұмысы жүргізіліп, үй-жайларды техникалық даярлау жүргізілген.

Соның арқасында Инсульт орталығы ми қан айналымының жіті бұзылыстары бар науқастарға дер кезінде көмек көрсетіп, көпшілікке қолжетімді етеді. Енді жедел көмекпен қамту ауқымы облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандарды да қамтиды.

Одан екі жыл бұрын қор Алматы облысының Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартқан. Сол кезде оның құны – 14 миллион теңге. 180 төсек-орынға есептелген аурухана Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 50 мыңға жуық тұрғынына медициналық қызмет көрсетіп жатыр.

2019 жылы «Burabike Fest» фестивальдің өткізілуі тоқтаған соң шалғайдағы елді мекендердегі емхананың жабдықталуы да саябырсыды. Бұл бағыттағы жұмыс толығымен тоқтиатылды деуге де келмейді. Себебі, қордың соңғы ірі көлемдегі көмегі – пандемия кезі. Астана мен Алматы қаласының  әкімдіктеріне 4 миллион доллар тұратын коронавирусты анықтауға арналған автоматтандырылған зертханалық комплексін сыйға тартқан болатын.

Әрине, қор денсаулық бағыты бойынша жұмысын тоқтатқан емес. Қор аутизмі бар балалар мен олардың отбасыларына кешенді қолдау көрсетуімен ел ішінде белгілі. Өйткені «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы бойынша Қазақстанның 12 қаласында «Асыл Мирас» аутизм орталығының 13-ін ашты. Соның арқасында осы жылдар ішінде 20 мыңнан астам бала толыққанды көмек ала алды.

Осындай үздіксіз жұмыстың нәтижесінде қор 2025 жылы Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ-тің қолдауымен Қатар қоры және Autism Speaks ұйымы бастамашысы болған Аутизмді қолдау жөніндегі жаһандық коалицияға құрылтайшы мүше ретінде қосылды. 2026 жылдан бастап Қор аутизмі бар ересектерге арналған сүйемелденген жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын қосты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 18:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see144

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see119

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары