Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Өскеменде 15 жыл бұрын салына бастаған колледж қалай сақалды құрылысқа айналды

Өскеменде 15 жыл бұрын салына бастаған колледж қалай сақалды құрылысқа айналды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Колледж құрылысы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған.

Жоба бойынша Өскеменде машина жасау саласына арналған 700 орындық өңіраралық кәсіптік орталық салынуы тиіс еді. Тапсырыс беруші – ҚР Білім және ғылым министрлігі. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізілді.

30 516 шаршы метр аумақты алып жатқан жер телімінің жартысынан астамында, нақтырақ айтқанда 17 500,92 шаршы метрінде ғимараттар салына бастаған. Алайда 2012 жылы жағдай күрт өзгерді. Жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқулар анықталып, асхананың жеке тұрған ғимаратының еден плитасы құлады.

Сондай-ақ ҚР Білім және ғылым вице-министрі С.Б.Шаяхметовке, «ЗАК Сервис» ЖШС мердігер ұйымына, «Білім және ғылым объектілерінің салынып жатқан ғимараттар дирекциясы» ЖШС-ға және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша қылмыстық істердің қозғалуына байланысты құрылыс тоқтатылды. Сөйтіп, аяқталмаған нысан қараусыз қалды.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы

Тонауға түскен ғимарат

Құрылыс тоқтаған жылдар ішінде нысан бірнеше рет тоналған. Қоршаусыз, күзетсіз қалған ғимараттан құрылыс материалдары, металл конструкциялар қолды болғаны тұрғындарға да, жергілікті билікке де белгілі. 

Аяқталмай қалған колледж ғимараты тек мемлекеттік жоспардың сәтсіздігін ғана емес, осы маңда тұратын тұрғындардың күнделікті үрейін де айқын көрсетіп отыр. Қаңырап қалған құрылыс жылдар бойы қараусыз қалып, бірте-бірте заңсыз әрекеттердің ордасына айналған.

Нысанның дәл артындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұратын тұрғындардың айтуынша, ғимараттың тоналуы ашық түрде, еш жасырынусыз жүрген.

– Бұл жерді көз алдымызда тонады. Күндіз де, түнде де көліктер келіп-кетіп жататын. Біреулер кіреді, біреулер шығады. Біз оның құрылыс жұмыстары емес, тонау екенін анық көрдік, - дейді бес жылдан бері осы маңда тұратын азаматтардың бірі.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы

Оның сөзінше, құрылыс алаңы ешқашан тиісті түрде қоршалмаған. Қақпасы ашық, күзеті жоқ.

– Кейін бұл жер үйі жоқ адамдардың, жасөспірімдердің мекені болды. Балалар ішке кіріп, аралап жүретін. Бірдеңе құлап кетсе кім жауап береді деп қорқатынбыз, - дейді ол.

2018 жылы «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру» туралы шешіммен нысан Өскемен қаласының меншігіне өтті. Ал 2021 жылы облыстық коммуналдық меншікке берілді.

Колледж емес мектеп салынады

Облыс әкімінің тапсырмасымен бұл нысан кейіннен жекешелендіру тетігі арқылы сатылған. 2023 жылдың наурыз айында аяқталмаған ғимаратты «VK INVEST COMPANY» ЖШС сатып алды. 

– Сатып алушы нысанды 1000 орыннан асатын жалпы білім беретін мектепке айналдыру жөніндегі құжаттарды ресімдеді, - делінген ШҚО әкімдігінің ақпаратында.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Рустам Байырбековтың айтуынша, мектеп салу қажеттілігі өңірдегі нақты әлеуметтік сұраныстан туған.

– Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы мектептерде 1823 орын тапшы. Сондықтан нысанның бастапқы мақсатын өзгеріп, мектепке айналдыру туралы шешім қабылданды, - дейді ол.

Қолды болған құрылыстың қалпына келіп, жалпы білім беретін мектеп болатынына тұрғындар риза. 

– Осы қаңырап қалған құрылыстың маңында салынған үйге көшіп келгенімізге төрт жылдан асты. Балаларымыз осы жерде оқыса деп армандаймыз. Үйімізге өте жақын. Бұрындары дарынды балаларға арналған мектеп болады деді. Енді жалпы білім беретін мектеп болады екен. Бізге де керегі осы, - деді Әл-Фараби көшесінің тұрғыны Айнаш.

Фото: Ботакөз Кенжеханқызы

Құрылыс қай кезеңде

Мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының айтуынша, қазіргі уақытта құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілмейді. Дайындық басталып кеткен.

– ШҚО Қаржы басқармасы мектептің жобалық қуатын 880-ден 1000 орынға өзгерту туралы сатып алу-сату шартына қосымша келісімге қол қойды және ведомстводан тыс сараптама қорытындысын алған сәттен бастап 18 ай ішінде құрылыстың аяқталу кезеңі айқындалды, - деді Рустам Байырбеков.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде жаңа мектептер салынып жатқанына қарамастан орын тапшылығы әлі өзекті екенін жазған болатынбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 20:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары