Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі

Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері желтоқсанда мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға келісті. Келісім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осылайша, отандық нарықтағы отын бағасы ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердегі бағалармен теңестіріледі, деп жазады Egemen.kz. 

фото: ашық дереккөз

Бұл шешім қағаз жүзінде «бірегей ереже», «бағаны тұрақтандыру» деп сипатталса да, іс жүзінде бағаны  теңестіруге міндеттеліп отыр.

Қазақстанның Энергетика министрлігі әлеуметтік желілерде бензин бағасының ықтимал өсуі туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Бұл процесс кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Әңгіме басқа елдермен бағаны бірден және автоматты түрде теңестіру туралы емес, заңнаманы үйлестіру туралы болып отыр. Кез келген интеграциялық үдерістерде Қазақстан азаматтарының ұлттық мүдделері мен әлеуметтік көңіл-күйі басты басымдық болып қала береді»,  деп мәлімдеді министрлік.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, көршілес мемлекеттермен бағаның үлкен айырмашылығы елден заңсыз әкетілетін арзан отынның «сұр» экспорт тәуекелін тудырады. Бұл ішкі нарықта жасанды тапшылық қаупін арттырады.

Бұдан басқа, ағымдағы төмен бағалар инвестициялар үшін мүмкіндіктерді шектейді, ал салаларға Шымкент, Атырау және Павлодар зауыттарын кеңейту, сондай-ақ жаңа, төртінші МӨЗ салу үшін қаражат қажет.

«Мораторий аяқталғаннан кейін нарықтық баға белгілеуге көшу біртіндеп жүргізіледі. Барлық шешімдер нақты экономикалық жағдайды және халықтың табысын ескере отырып, тұтынушылар үшін күйзеліс сценарийлерін болдырмау үшін қабылданады»,  деп атап өтті ведомствода.

Бұған дейін журналист Олег Червинский өзінің телеграм-арнасында бұл іс жүзінде бағаны мәжбүрлі теңестіруді білдіретінін айтқан болатын. Оның айтуынша, нарық «біртұтас және ашық» болуы үшін Астана мен Алматыдағы литр бағасы Мәскеу мен Бішкек деңгейіне көтерілуі тиіс. Қазір еліміздегі бензин бағасы Ресей мен Қырғызстандағыдан екі есе арзан.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жақында ғана «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Қазақстанның көршілері үшін еріксіз «көлеңкелі донор» болғанын, ішкі нарыққа арналған арзан отын ұлттық мүддеге жұмыс істеудің орнына шекаралас елдердің экономикаларын қолдай отырып, шетелге жаппай жұтылатынын айтқан болатын», деп жазды Олег Червинский.

Реформаны алға жылжыту үшін қатал  ережелер керек

Арзан бензин аралы болып қала алмайтынымыз өткен жылдардың тәжірибесінен белгілі болды. Бірақ «Нарық кімнің мүддесіне қызмет етіп отыр?» деген өткір сұраққа  жауап біржақты. Ресми пікір бағаны көтеру шиеленіс те емес, дау да емес, жай ғана «ерікті түрде бағаны үйлестіру» дегенге басымдық беріп отыр.

Мұнай-газ сарапшысы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, бастапқыда бірыңғай отын нарығы 2025 жылы іске қосылады деп болжанған болатын, бірақ Қазақстан мерзімді 2027 жылға дейін кейінге қалдырды.

«Егер біздегі бензин бағасы Ресеймен немесе Қырғызстанмен теңесетін болса, бұл елеулі әлеуметтік шиеленіс туғызады», деп есептейді Жұмағұлов.

Біздің ел үшін  басты сын-қатер – мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі мен нарықтық экономика қағидаттары арасындағы теңгерімді табу. Онсыз әрбір жаңа мораторий тұрақтылыққа қадам емес, ескі қателіктердің қайталау болады.

Келесі сарапшы Әсет Наурызбаевтың айтуынша, елде бір тонна мұнайдан 300-350 литр ғана бензин немесе дизель аламыз. Себебі технология тозған. Салыстырсақ, АҚШ-та бұл көр­сет­кіш 800 литрден айналса, Ресейде 600 литр. Сондай-ақ  тапшылық мұнай-газ секто­рындағы қазақстандық үлестің азды­ғы­мен байланысты деген пікір бар. Сарапшының айтуынша, біз үшін дәл қазір ЕАЭО аясында ортақ нарық  емес, сыртқа экспортталып жатқан мұнай көлемі туралы  толыққанды ақпаратты жарыққа шығару маңызды.

«Халық сол  кезде ғана нарықтағы мүмкіндігімізді саралайды. Бензиннің шекті бағасы мәселені шешпейді. Біздің экономика  шағын және ашық.  Дайын өнімдер жағынан ықпал ете алатын жағдайда емеспіз», дейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар

Атырау облысына қанша сұйытылған мұнай газы қажет?

Аймақтар • Бүгін, 14:26

Шекара шебіндегі Шіліктіге интернет жетті

Аймақтар • Бүгін, 14:08

Ғалымжан Кенжебек ресейлік «Ахматтың» ойыншысы атанды

Футбол • Бүгін, 14:01

Блогер Қайсар Қамза өзіне іздеу салынғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді

Қоғам • Бүгін, 13:05

Астанада жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жылдар бойы қаржы жымқырған

Қылмыс • Бүгін, 13:00

Нобель комитеті: Бейбітшілік сыйлығын Трампқа беру мүмкін емес

Әлем • Бүгін, 12:50

Қостанайда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды

Өшпес даңқ • Бүгін, 12:48

Еліміздің 2025 жылғы ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Экономика • Бүгін, 12:32

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады

Аймақтар • Бүгін, 12:21

Астанада Ұлттық ұланның мерекелік концерті өтті

Әскер • Бүгін, 12:10

Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек

Әлем • Бүгін, 12:07

Түркістан облысында 469 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталды

Аймақтар • Бүгін, 11:57

Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды

Білім • Бүгін, 11:40

Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 11:23

«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады

Футбол • Бүгін, 11:18

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қаңтар 2026 15:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары