Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Отандық өндірушілер сортқа бөлінеді

Отандық өндірушілер сортқа бөлінеді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Шенеуніктердің дәйектеуінше, палата өтініш берушінің өндіріс орнына барып тексермей, сертификатты оңды-солды таратыпты. Салдарынан қытайлық, ресейлік өнімдерді таситын делдалдар тендерге отандық өнім өндіруші ретінде қатысып, артықшылық иеленген. Алайда мұны алмастыратын «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» де кәсіпкерлердің алаңдаушылығын және наразылығын туғызды. Неге?

Тізілім несімен бизнесті шошытты?

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының түсіндіруінше, кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап жаңа реестрдің іске қосылуымен бірге жүйелі сын-тегеуріндер бас көтереді деп үрейленеді. Жаңа тетік кәсіпорындарға қойылатын талапты күрт күшейтеді, бұрын-соңды болмаған шарттарды қояды және реттеуші жүктемені арттырады. 

Оның кез келгеніне сәйкес келе алмаған компания басынан бақайшағына дейін «100% отандық» болса да, отандық өнім өндіруші ретінде ресми танылмайды. Тиісінше, мем­лекеттік сатып алудың барлық «есігі» алдынан тарс жабылады немесе тіпті жіберілгеннің өзінде балдары аз болып, бәрібір жеңе алмайды. 

Бизнес қауымдастықты не мазалап отыр? Біріншіден, бұрын СТ-KZ сертификатын адал жолмен алған, соның жоғары талаптарына сәйкес келу үшін қаншама шығын шығарған, өндірісін жаңғыртуға, жабдық алуға мол инвестиция салған компаниялар сол сертификатынан жаппай айырылып қалмақ. Яғни, бәрін басынан бастауға тура келуі ықтимал. Сондықтан олар индустриалдық сертификаты бар кәсіпорындар жаңа тізілімге автоматты түрде енгізілуі қажет деп санайды. Бірақ онда жаңа реестрге сертификатты айналма, көлеңкелі жолдармен алған алаяқтар да қоса кіріп кетеді.

Екіншіден, кәсіпкерлер палатасының түсіндіруінше, жаңа тізілімге бұған дейін өндірілген өнімнің бәрін енгізу мүмкін бол­май қалады. Себебі олардың қалай дайындал­ғанын паш ететін видеоматериалдар жоқ. Жаңа талап бойынша отандық өнім өндіруші мәртебесін алғысы келетін кәсіпорын өндіріс орнында жаппай бейнекамералар орнатып, өнім жасау процесін бастан-аяқ бейнежазбаға түсіруге тиіс. Бұрын мұндай талап болмаған.  

Үшіншіден, жаңа тәсіл диірменнен тартылған ұн сияқты отандық өндірушілерді «сорт-сортқа» бөліп тастайды. Алайда өндірістік қызметінің көрсеткіштері бойынша кәсіп­орындарды «төменгі», «ортаңғы» және «жо­ғарғы» дәрежелер негізінде жіктеу-класси­фикациялау шарттарында айқындылық жоқ. Салдарынан нағыз отандық өндіруші болға­нымен, компаниялар жаңа жылдан бастап қандай деңгейге жататынын түсіне алар, біле алар емес. Мұндай белгісіздік оларға келесі жылға жоспар құруына кедергі келтіріп тұр. 

Төртіншіден, Үкімет СТ-KZ сертифика­тынан және индустриялық сертификаттан бас тарту қадамын бұларды коррупцияның жайлап алғанымен түсіндірген болатын. Сонымен бірге жаңа тетікте ондай кеселге қалай жол берілмейтіні беймәлім, күрес құралдары нақты емес. Сондықтан кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлыққа қайтадан жол бермеу үшін жаңа тізілім толық пысықталып, жетіл­дірілгенше, оны мемлекеттік сатып алуларда қолдануды уақытша шектеуді ұсынды. 

Бүгінде кәсіпкерлік бірлестіктер бизнестен түскен сұрақтарды, мәселелерді, ұсыныстарды жүйелеп, топтастырып, Үкімет органдарына жолдау үстінде.

Түсіндірумен «төпелеп» жатыр

Шенеуніктерде бір «соқыр сенім» қа­лып­тасқан: олар қабылданған заңның, норма­тивтік-құқықтық актінің, шешімнің шикілігін, ел мен мемлекетке келтірер зиянын жете бағамдамайды, мойындамайды, көбіне қоғамнан түскен сын-ескертпеге сай пы­сықтауды да жөн санамайды. Тек «түсіндіру жұ­мыстары» жеткіліксіз деп есептейді. Сөйтіп, ақпарат құралдары, негізінен, теле­арналар, интернет, сондай-ақ семинарлар, түрлі жиын-форум арқылы шетсіз-шексіз түсіндіру жұмыстары басталады. Бірер жыл өткен соң ғана жаңа тетіктің орынсыздығы, оралымсыздығы, оңтайлы емесі айқындалып, одан бас тартып жатады.

Бұл жолы да жауапты мемлекеттік органдар түсіндірме жұмыстарының көрігін қыздырды. Үкімет арнайы «Оқыту бағдарламасын» бекіткен, ол жыл соңына дейін жалғасады. Мысалы, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қазақстандық тауар өндірушілер реестріне («ОТӨ Реестрі») қосылуға өтінім беруді жоспарлап отырған компанияларға арнап оқыту вебинарларын ұйымдастырып жатыр. Өзгесі Zoom платформасында бейнекон­ференция өткізеді. 

– Барлық мүдделі компанияны осы оқыту вебинарларына шақырамыз. Өзін мазалаған сұрақты сонда қоя алады. Бұл сондай-ақ түсініксіз тұстарды нақтылауға, талқылауға мүмкіндік береді. Мысалы, 13 қарашада өтетін вебинар жаңа тізілімге ену үшін өтініш беруге дайындықты қадам-қадам бойынша талдаймыз. 20 қарашада елде өндірілетін өнімдерге қойылатын талаптарды, өндірістен, технологиялық операциялардан талап етілетін шарттарды қарастырамыз. Осы арқылы отандық тауар өндірушілерді реестрдің енгізілуіне алдын ала дайындап, әрбір кәсіп­кердің бекітілген ережелерді түсініп, рәсімнен сенімді өтуіне көмектесеміз, – деп сендірді QazIndustry компаниясы дирекциясының басшысы Жансая Жақыпова.

Оның мәліметі бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандық тауар өндірушілер реестріне қосылған кәсіпорындар ғана мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және ұлттық компаниялардың реттелетін сатып алуларына басым тәртіппен қатысып, мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады. Тізілімге кіре алмаса, мұның бәрінен тыс қалады. 

Вебинар сыртында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бизнес өкілдері үшін бірнеше байланыс арнасын ашты. ОТӨ Реес­тріне қатысты сұрақтарға министр­ліктің 1465  нөмірінде тегін жұмыс істейтін Call-орталығының қауырт желісі, e-Otinish өтініштер порталы және [email protected] электронды поштасы арқылы жауап беріледі. Осы министрліктің ресми сайтында отандық тауар өндірушілердің тізіліміне арналған бөлім ашылды, онда жиі қойылатын сұрақтарға жауап пен түсіндірме материалдар орналастырылып жатыр.

Жеткізушілерінің тізімін талап етпек

– Қазақстандық тауар өндірушілердің реестрі дегеніміз  – тауарлардың отандық шығу тегін растауға арналған мемлекеттік цифрлық сервис. Жүйе ашықтық, айқындылық қағидаттарына құрылған. Цифрлық верифи­кация арқылы объективтілік қамтамасыз етіледі. Және кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларын алуын және реттелетін сатып алуларға қатысуын, соның ішінде отандық өндіруші ретінде басымдық иеленуін жеңілдете түседі, – деді ведомство мамандары.

Өнеркәсіп министрлігінің түсіндіруінше, келесі жылдан бастап мемлекеттік қолдау шаралары мен реттелетін сатып алуларға Қазақстан аумағында нақты өнім өндіретін және осы мәртебесін цифрлық форматта растай алған компаниялар ғана нысаналы түрде қол жеткізе алады. 

Компанияның цифрлық профиліне баға­лау-скоринг жүргізілген соң оған өз өнімін «ОТӨ Реестріне» енгізу туралы өтінімін жеке кабинеті арқылы беруіне болады. Деректердің бір бөлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады, ал жетіспейтін құ­жаттарды өтініш беруші онлайн түрде тіркейді. Мұндай «бір терезе» қағидаты әкімшілік жүк­темені төмендетіп, қателіктерді азайтуға және тексерістен өту процесін жеделдетуге тиіс.

Бизнесмендерді шошытып отырған тағы бір жайт бар: жаңа тетік олардан «жеткізу тізбегін» жариялауды, яғни өзіне өнім, тауар, жабдық жеткізушілердің, контрагенттерінің бәрінің тізімін жариялауды талап етеді. Бұл ретте ОТӨ өзінің жеке кабинетінде жеткізушілері туралы негізгі мәліметтерді – БСН-ін, атауын, бекіткен келісімшарттың нөмірі мен күнін тіркетеді. Келісімшарттың әрқайсысының көшірмесі тіркелуге тиіс.

Әйткенмен, кәсіпорындар шығыстарын азайту үшін көлеңкедегі жеткізушілермен серіктес болатыны, соның ішінде мал өсіріп, өнімін сататын, бірақ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген ауылдықтардан шикізат қабылдайтыны жасырын емес. Олармен арада ешқандай келісімшарт жоқ, демек, оның нөмірі де жоқ. Ендеше жаңа жағдайда олармен ынтымақтастығын үзуге тура келуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұл елдегі жұмыспен қамту мәселесін ушықтыруы, сондай-ақ отандық өнімнің өзіндік құнын қымбаттатуы ықтимал.

Үкімет бұл талап жеткізу тізбегінің ашықтығын арттырып, шикізат пен құрамдас бөліктердің жеткізілуін және өндірістің үздіксіздігін дәлелдеу үшін қажет деп отыр. Бұдан бөлек, компания шығарған электронды шот-фактуралардың айналымы, экспорт-импорт бойынша кедендік статистикасы және өзге де экономикалық көрсеткіштері мұқият талданады. Бұл айырмашылықтарды анықтап, Қазақстан территориясындағы отандық өндірістің шын мәнінде бар-жоғын объективті «цифрлық іздер» арқылы растауға мүмкіндік береді екен. 

Қорыта айтқанда, көлеңкелі экономикамен күресу үшін де бұл тұрғыда талаптар қатты қатаңдатылғалы тұр. Оған еңсесін әлі тіктей қоймаған отандық өндірушілер шыдас бере ме, шыныдай сыпыра сынбай ма, оны уақыт пен тәжірибе көрсетеді. Тек шенеуніктердің кезекті жаңашылдығы отандық бизнесті орға жығып, алпауыт көршілердің өндіру­­ші­леріне түбегейлі тәуелді етіп қоймаса құба-құп.

Елдос СЕНБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қараша 2025 07:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары