Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Өзге біреудің есебінен бешбармақ жеді : тойдағы шақырылмаған қонақтарды жазалауға бола ма

Өзге біреудің есебінен бешбармақ жеді : тойдағы шақырылмаған қонақтарды жазалауға бола ма

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы тұрғыны шетелдік досымен бірге дәм татып, суретке түсу үшін қыз ұзату тойына шақыртусыз келген қонақтар туралы оқиғаны бөлісті. Tengri Life заңгерден мұндай әрекет үшін тегін тамақ ішуді көздегендерге нақты жауапкершілік қарастырылған ба, жоқ па екенін сұрап білді.

Тойға шақырылмаған қонақтар

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде қыз ұзату тойында болған ерекше жағдайды айтып берді. Оның сөзінше, мейрамханадағы бір орынның құны 55 мың теңге болған. Ұйымдастырушылар қонақтар тізімін алдын ала бекітіп, отырғызу жоспарын дайындаған.

Алайда той кезінде ақысы төленген бірнеше орынды бейтаныс адамдар иемденіп алғаны анықталды.

"Менің екі туған әпкем келіп, үстелдегі орындары бос емес екенін айтты. Мән-жайды анықтай бастағанымызда, ол жерде бейтаныс әйелдер бір шетелдікпен отырғанын көрдік", - дейді жазба авторы.

Ұйымдастырушылар той кезінде жанжал шығармауды жөн көрген. Шақыртусыз қонақтар өздеріне күдікпен қарап жатқанын байқап, көп ұзамай кетіп қалған.

Автордың айтуынша, кейін шараның QR-код арқылы қолжетімді болған онлайн-альбомынан бейтаныс әйелдердің суреттері табылған. Алматы тұрғынының сөзінше, олар шақырылған қонақтарға арналған дәмнен ауыз тиіп, суретке түсіп, видео түсірген.

Кейін ұйымдастырушылар әйелдердің әлеуметтік желідегі парақшаларын тауып, олардың бірімен хабарласқан. Жазба авторының айтуынша, хат алмасу барысында ол тойға шақырусыз келгенін жоққа шығармаған.

"Мен шетелдік досыма қазақтың қонақжайлылығын көрсеткім келді. Сіздерге сондай қиын ба?" - деп жауап берген шақырылмаған қонақ той иесіне.

Жазба 800 мыңға жуық қаралым жинады. Пікір қалдырушылар ұқсас оқиғаларын бөлісіп, бұл мәселені шешудің түрлі жолын ұсынды.

"Меніңше, әр қонақ кіреберісте сканерлеуі үшін шақыру қағазымен бірге QR-код жіберетін уақыт келді" "Алаяқтық пен алдау фактісі бойынша арыз жазыңыз. Сол ақшаны сізге төлесін. Өзге біреудің есебінен қонақжай болу оңай" "Қазақтар шынымен де қонақжайлылығымен танымал, бірақ сіздерде болған жағдай - бетпақтық. Қонақжайлылық - бұл сені үстелге шақырғанда болады, ал өз бетіңмен келіп, өзгенің есебінен ішіп-жеу емес" Заңгер не дейді?

Біз пікір алу үшін заңгер Фарит Айтбагинге жүгіндік. Оның айтуынша, сұрақ шақырылмаған қонақтарға да, мейрамхана әкімшілігіне де қойылуы мүмкін. Бұл ретте бәрі мекемемен жасалған келісім шарттарына байланысты. Егер мейрамхана кіруді бақылауға және бөгде адамдарды жібермеуге міндеттенсе, оған наразылық білдіруге болады.

"Заңсыз кірген адамдар өз әрекеттері үшін заң алдында жауап береді, бұл жария-құқықтық жауапкершілік (әкімшілік немесе қылмыстық), сонымен қатар залалды өтеу болуы мүмкін. Мейрамхана тапсырыс беруші алдында шарт бойынша жауап береді: егер іс-шара жабық түрде, келісілген тізіммен және отырғызу жоспарымен өтсе, ақысы төленген орындарға бөгде адамдарды жіберу - бұл ақылы қызмет көрсету шартын тиісінше орындамау", - деп атап өтті заңгер.

Полицияға жүгінуге бола ма?

Сондай-ақ заңгерден полицияға жүгінудің мәні бар-жоғын сұрадық. Оның сөзінше, мұндай нұсқа мүмкін, бірақ бәрі нақты нені дәлелдеуге болатынына байланысты болады.

Заңгердің пікірінше, нұсқалардың бірі - ұсақ-түйек жымқыру. Әңгіме шақырылмаған қонақтар біреудің ақысы төленген тағамы мен сусынын әдейі пайдаланған жағдай туралы болып отыр. Бұл ретте бір орын үшін төленген барлық 55 мың теңгені шығын деп санауға болмайды: олардың нақты ішіп-жегенінің құны есепке алынады.

"Ұсақ-түйек жымқыру шегі - 10 АЕК (43 250 теңге). Шектен төмен болса және бірінші рет жасалса - әкімшілік жауапкершілік", - деп түсіндірді заңгер.

Анықтама: 2026 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері - 4 325 теңге.

Тағы бір нұсқа бар: егер әйелдер өздерін шақырылған қонақ ретінде таныстырып, соның арқасында ұйымдастырушылар төлеген дәм мен басқа да қызметтерге қол жеткізсе.

"Алдау жолымен мүліктік залал келтіру - бұл бөгде адамдардың өздерін шақырылған қонақ ретінде көрсетіп, қызметкерлерді адастырып, басқа адамдар төлеген қызметтерді пайдалануы", - деп түсіндірді ол.

Алайда, іс-әрекетте осы құқық бұзушылық құрамының бар-жоғын анықтау қажет.

Анықтама: ҚР ҚК 195-бабы. "Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру".

Бұл ретте, сарапшы біреудің жеке іс-шарасына заңсыз кіргені үшін ғана бөлек бап қарастырылмағанын атап өтті.

Полицияға жүгіну үшін не істеу керек?

Заңгердің айтуынша, егер тапсырыс беруші полицияға жүгінуге шешім қабылдаса, болған жағдайдың дәлелдемелерін сақтау маңызды:

банкетке арналған келісімшарт пен чек; қонақтар тізімі мен отырғызу жоспары; шақырылмаған қонақтардың суреті мен видеосы; олар арада жазылған хаттар мен куәгерлердің айғақтары; мейрамханада ішіп-жеген тағамдары мен сусындарының құнын есептеу.

Егер шақырылмаған қонақтар шақыртусыз келгенін растаса, хат алмасулар өте пайдалы болуы мүмкін.

"Жазған хаттарды нотариалды түрде бекіткен жөн - бұл дәлелдемелік күшті арттырады", - деп атап өтті заңгер.

Арызды мейрамхана орналасқан жер бойынша полицияға беруге болады.

Қандай өтемақы талап етуге болады?

Айтбагиннің айтуынша, тапсырыс беруші материалдық шығынды өтеуді талап ете алады. Мысалы, шақырылмаған қонақтар тұтынған тағамдар мен сусындардың құнын.

Жекелеген жағдайларда, шақырылған қонақтар пайдалана алмаған ақылы орындардың құны туралы да сөз болуы мүмкін.

Сонымен қатар моральдық зиян үшін өтемақы талап етуге болады, бірақ бұл үшін "тек көңіл-күйдің бұзылуын емес, келтірілген адамгершілік азапты дәлелдеу" қажет.

"Өндіріп алу үшін зиянның фактісі мен көлемін, құқыққа қайшылықты және себепті байланысты дәлелдеу керек", - деп түсіндірді заңгер.

Айта кетейік, қыркүйекте желіде ерекше үйлену тойына шақырту талқыланған болатын: қонақтардан баласыз келуді сұрап, сыйлықтың ең төменгі сомасын - бір адамға 15 мың теңге деп көрсеткен. Кейбіреулер мұндай шарттарды тым дөрекі деп санаса, басқалары бұдан ешқандай оғаштық көрмеді. Сол кезде біз той ұйымдастырушысынан қазір тойға қанша сылау қалыптасқанын және қонақтарға мейрамханадағы өз орнының құнын ескеру қажет пе екенін сұраған болатынбыз.

Фарит Айтбагин Maqsut Narikbayev University-інде "құқықтану" мамандығы бойынша бакалавриатты бітірген. 2020 жылдан бастап Астанадағы халықаралық заң компаниясында заңгер болып жұмыс істейді, қазір аға заңгер қызметін атқарады. 2023 жылдан бастап бұл жұмысты Заң консультанттары палатасының атқарушы хатшысы лауазымымен қатар алып жүр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қазан 2026 14:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары