Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Павлодарда Таза Қазақстан акциясы аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

Павлодарда Таза Қазақстан акциясы аясында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Палводар қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Железин, Тереңкөл, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласының өндірушілері қатысты.

Фото: Мұрат Аяған\Kazinform

— Апта сайын өтетін жәрмеңке бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Мұнда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының кең ассортименттегі балғын әрі сапалы өнімдері сатылып жатыр. Бұған дейін жергілікті тұрғындар сауда орнына келгенде экологияны қолдау мақсатында өздерімен бірге эко-шопперлер алып келуін, сондай-ақ биоыдырайтын немесе қайта өңделетін қаптамаларды пайдалануды сұраған едік. Мұндай жәрмеңкелер Екібастұз бен Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылуда, — деп атап өтті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қайта өңдеуді және кооперацияны дамыту бөлімінің бас маманы Татьяна Нагула.

Кәсіпкер Константин Белоусов Успен ауданынан келіпті. Айтуынша, иелігіндегі шағын шаруашылық күнбағыс дәнін суықтай сығып, табиғи таза өнім шығарады. Рафинадталған күнбағыс майындай емес, бұл май — табиғи өлшемдері толықтай сақталатын сапалы экологиялық өнім.

Фото: Мұрат Аяған\Kazinform

— Ең бастысы тұрғындар таза өнімді тұтынуы керек. Таза азық-түлік тұтынған адамның жан дүниесі де таза болады. Екіншіден, айналамыздың таза болуы біздің іс-әрекетімізге байланысты. Базардағы жұмысымыз аяқталған соң тұрған орнымызды тазартып, барлығын жуып, сүртіп кетеміз. Әрі сауда жасау барысында да сөрелеріміздің мұнтаздай болуын қадағалаймыз. Тұтынушылар бұған да мән береді, — дейді ол.

Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Ілияс Алтыбаев бүгінгі сауда жәрмеңкесінің соңы сатушылар үшін шағын сенбілікке ұласатынын жеткізді.

Фото: Мұрат Аяған\Kazinform

— Жабық ғирамат ішінде тұрғандар, даладағы жартылай ашық павильонда өз өнімдерін саудалайтындар түстен кейін жәрмеңке аяқталған соң айналасын жиыстырып, қалдық өнімдерді арнайы контейнерге апарып салады. Ет өнімдері сатылатын жерлер зарарсыздандырылады, — дейді бөлім өкілі.

Көкөніс сатып алу кезегінде тұрған Андрей Рублев есімді қария бұл күні қолына өңделетін қалташа ұстап келіпті. Айтуынша, шүберектен жасалған қапшықтарды тәуір көреді. Полиэтилен пакеттер сияқты емес, оны жуып, қайтадан пайдалануға болады. Әрі экологиялық жағынан қауіпсіз, қоршаған ортаға тастасаң ыдырап кетеді.

Фото: Мұрат Аяған\Kazinform

Айтып өтуіміз керек, «Jailau» фермерлік базары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егістіктен — сөреге дейін» қағидасын жүзеге асыру аясында 2022 жылы ашылған болатын. Мұнда заманға сай базар ғимараттары, азық-түлік қоймасы және далада сауда павильондары орналасқан. Әр сенбі сайын өңірдегі шаруашылықтар жиналып, жәрмеңке өткізеді. Ал жабық базардың өзі аптаның 6 күнінде жұмыс істеп, тұтынушыларға азық-түлік тауарларын жергілікті нарықтағыдан 15-20 пайызға арзанға сатады.

Фото: Мұрат Аяған\Kazinform

Бүгінде мұнда картоп — 115-125 теңге, жылқы мен сиыр етінің килограмы — 3100 теңге, сәбіз — 115-130, қияр мен қызанақ 1000 теңгеден сатылып жатыр. Алдағы уақытта оңтүстіктен жаңа піскен өнімдер жеткізіле бастауына орай азық өнімдерінің ассортименті одан әрі кеңей түседі.

Фото: Мұрат Аяған\Kazinform

Еске сала кетейік, Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өткен болатын. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see123

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары