Астанада Таза Қазақстан акциясы аясында Жетісу саябағында рейд өтті
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Жетісу саябағында қоғамдық тәртіп пен көгалдандыру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Басты мақсат – қоғамдық тазалықты сақтап, мәдениет пен әдеп қағидаларын арттырып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу. Сондай-ақ қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – бұл жарқын келешекке қарай бет бұру екендігін аңғарту.
«Есіл ауданы әкімдігі мен полиция қызметкерлері бірлесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жетісу» саябағында рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында тұрғындарға тазалық сақтау, қоғамдық тәртіпті сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақыру», – деді іс-шараның мән-мағынасы жайында Астана қаласы Есіл ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әли Жолтабар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 11:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















