Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Павлодарда тоқырау жылдары 5 мың кітапты сақтап қалған кітапханашы тұрады

Павлодарда тоқырау жылдары 5 мың кітапты сақтап қалған кітапханашы тұрады

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Григорьевка ауылдық округіндегі кітапхананың қызметкері Раушан Жампейісова жоғары санатты маман. Ширек ғасырдан аса уақыт тапжылмай бір орында жұмысын тыңғылықты атқарып келе жатқан ол жоқтан бар жасап, кітапхана жұмысын жандандырып отыр. Түрлі үйірмелер өз алдына, әр атаулы күнге, мерекеге орай іс-шаралар ұйымдастырып, жан-жақтан жиған-терген ақпараттарын цифрландырумен шұғылданады.

Фото: Раушан Жампейісованың жеке мұрағатынан

Жергілікті ұстаз, музей қызметкері болған Дудан Ысқақовамен бірлесіп, кітапхана жанынан тіпті мұражай да ашып қойған.

Фото: Раушан Жампейісованың жеке мұрағатынан Фото: Раушан Жампейісованың жеке мұрағатынан

Бала күнінен кітап оқығанды ұнатқан Раушан өзі туып-өскен Достық елді мекеніндегі клуб ішіндегі шағын кітапханадан шықпайтын. Әкесі Рахметолла да белсенді оқырман еді. Жергілікті кітапханашы зейнеткерлікке таяған жан екен. Осыны ескерген әкесі мектеп бітірген Раушанды кітапханашы оқуына түсіреді. Медицина мамандығын игеремін деп жүрген қаршадай қыз алғашқыда әкесінің бұл шешіміне аң-таң болып, оқуға зауқы соқпай жүреді. Дейтұрғанмен зейінді жас аз уақытта бұл саланың да қыр-сырын ұғына бастады. Дипломын қолына алған соң бірден туған ауылына барып, кітапхана ісіне араласып кетеді. Арада екі жыл өткенде Набережное ауылына келін болып түседі.

– Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде ауылдардағы барлық дерлік әлеуметтік мекеме жұмысын тоқтатып, жағдай қиындай түсті. Кейін заман түзелгенде сол кездегі ауылдық округ әкімі Тоқтасын Антайұлына тоқырау жылдары сақтап қалған 5 мың кітаптың барын айтып едім. Ол бірден әкімшіліктен бір бөлмесін босатып, маған кітапханашылық істі тапсырды. Осылайша жұмысымыз қайта жанданды, - деп еске алады кезіндегі қиын кезеңдерді Раушан Рахметоллақызы.

Фото: Раушан Жампейісованың жеке мұрағатынан

Набережное ауылдық кітапханасына 2006 жылы «Үлгілі кітапхана» мәртебесі беріліп, қажетті жиһаздармен қамтамасыз етіледі. «РАБИС» бағдарламасы бойынша жұмыс істеле бастайды. Ал 2008 жылы мұндағы мәдениет үйі қайта жаңғырып, кітапхана да жаңа ғимаратқа көшеді. Көшіп-қонып жүргенде де Раушан Рахметоллақызы кітаптарға мұқият қараған. Ауыл тарихы, мәдениеті, білім, экономика салаларына қатысты жылдар бойы жинаған мәліметтер мұражайға қойылып қана қоймай, цифрландырылып, «Менің ауылым» электронды каталогына да енгізілген. Болашақта демеушілер табылып жатса, кітап болып басылып шықпақшы.

Фото: Раушан Жампейісованың жеке мұрағатынан

Осыдан үш жыл бұрын кітапхана күрделі жөндеуден өтіп, барлық жиһаздары жаңартылыпты. Төрде – қазақтың киіз үйі, әрбірінің өз тарихы бар көнеде пайдаланылған құрал-жабдықтар, т.б. заттар сонау ерте заманның лебін келушілерге жеткізіп тұрған. Ауылдың өркендеуіне зор үлес қосып кеткен жандар, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, көп балалы аналар, еңбек ардагерлері, елімізге танымал ауыл тумалары жайлы мәліметтер, бәрі-бәрі тірнектеп жиналған дүниелер. Мұндағы «Атамұра» клубының әжелері жастарға салт-дәстүрлерімізді насихаттаса, «Аққу» клубында оқушылармен түрлі ою-өрнектеріміз жасалып, мағынасы, шығу тарихы түсіндіріледі.

Раушан Рахметоллақызы әріптестерінің арасында зор құрметке ие. Өз тәжірибесін жастармен бөлісіп отырады. Қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысып келеді. Ол жергілікті аналар кеңесінің төрайымы.

Фото: Раушан Жампейісованың жеке мұрағатынан Фото: Раушан Жампейісованың жеке мұрағатынан

Жолдасы Ерлан екеуі Айша, Арнагүл есімді қыздарды тәрбиелеп өсіріп, әрқайсын қияға қондырды. Олардан төрт жиен немере сүйіп отыр. Айша анасының арманын орындап, медицина саласына бет бұрса, Арнагүл ұстаздық жолда жүр.

Сөз соңында кітапханашы: «Өміріме ризамын. Жұмысым екінші үйім сияқты. Күн сайын жұмысқа кәдімгідей қуаныш сезімімен барамын. Мамандық таңдауда қалт кетпегенім үшін әкеме де алғысым зор. Мен үшін әр оқырман кітапханадан өз іздегенін тауып, бір ауыз жылы сөзін арнаса, одан артық бақыт жоқ!» деп атап өтті.

Фото: Раушан Жампейісованың жеке мұрағатынан

Еске сала кетейік, елімізде білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшіп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 15:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see144

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see134

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see132

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see131

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see125

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see110

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары