Полиция қызметкерлері өртеніп жатқан үйден баланы аман алып шықты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
ШҚО-да полиция қызметкерлері өртке оранған үйден баланы аман алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін сағат 13:00 шамасында Алтай қаласының оңтүстік бөлігін патрульдеу кезінде “Алтай 03” патрульдік автокөлігінің экипажы жеке сектор аумағынан қалың түтіннің көтерілгенін байқаған. Тәртіп сақшылары дереу түтін шыққан аумаққа бет алған.
Алтай көшесіндегі №3 үйге келген бойда жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқанын көрген. Терезеден жылап жатқан баланы көрген полиция майоры Азамат Қанапин өрт сөндірушілерді күтіп тұрмай, дереу көмекке ұмтылған. Оған әріптестері – взвод командирі полиция капитаны Ринат Құниязов пен патрульдік полиция взводы қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Абзал Смағұлов бірден көмектесіп, бірігіп терезені сындырды. Осыдан кейін майор Қанапин үйде қалған баланы тез арада сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге алып кетті. Сондай-ақ оқиға орнында жүрген көрші де дереу шұғыл қызметтерге хабарласып, көмек көрсеткен.
ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, көп ұзамай оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы жетті. Құтқарылған бала дәрігерлерге тапсырылып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер мен көршінің жедел әрі үйлесімді батыл әрекеттерінің арқасында бала дер кезінде құтқарылып, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қыркүйек 2026 22:47 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















