Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктерді бөлу тепе теңдікті сақтайды саясаттанушы жаңа Конституция туралы пікір білдірді

Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктерді бөлу тепе теңдікті сақтайды саясаттанушы жаңа Конституция туралы пікір білдірді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Саясаттанушы Марат Шибұтов жаңа Конституция туралы әлеуметтік желілерде тараған қауесетті, жорамалдар мен жалған ақпаратты жария түрде жоққа шығарды. Сондай-ақ  ол Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктердің бөлінісі жөнінде де пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Комиссия мүшесі отырыстар арасындағы үзілісте әлеуметтік желіде Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат мен барып тұрған фейктердің көптігін байқаған.

«Кейбір азаматтар Комиссияның жұмысы туралы сол Комиссияның отырыстарына қатысып жүрген менен де көбірек «білетіндей» көрінеді», – дейді саясаттанушы.

Оның айтуынша, кез келген адам оқып, танысуы үшін құжат көпшіліктің назарына ұсынылып, ашық түрде жарияланғаннан кейін де ақпаратты әдейі бұрмалау тоқтамаған. 

«Менің ойымша, бұл енді ойын емес, танымал болуға ұмтылыс та емес, нағыз қасақана пиғыл», – деп атап өтті Марат Шибұтов.

Спикер «жаңа Конституция жобасы саяси монополияға әкеп соғады» деген жаңсақ пікірді жоққа шығарды. Себебі құжатта мұндай мүмкіндікке жол бермейтін жаңа өкілді институт – Халық кеңесін құру көзделген.

Саясаттанушы бұл мәселені де нақты тарқатып берді. Қазір Қазақстан Республикасының Сенаты 40 мәслихат өкілінен, Президент квотасы бойынша 5 адамнан және Қазақстан халқы Ассамблеясының 5 өкілінен құралған.

Ал Халық кеңесіне мәслихат өкілдерінен бөлек, қоғамдық кеңестердің мүшелері де енгізіледі, ҚХА өкілдерінің саны 5-тен 42-ге көбейтіліп, қоғамдық ұйымдардан   42 адам қосылады. Осылайша, жаңа саяси институттағы азаматтық өкілдік Қазақстан тарихындағы ең ауқымды деңгейге жеткізілмек.

«Халық кеңесі көптеген адам  үшін саясатқа келу шегін айтарлықтай төмендетеді, бұрын-соңды мұндай мүмкіндік болмаған. Бұл – өте маңызды», – деді Марат Шибұтов. 

Сонымен бірге ол Комиссияның «жабықтығы» мен «дұрыс емес құрамы» жөніндегі айыптауларға да жауап берді.

«Тікелей эфирлерді ескерсек, бірінші айыптау күлкіні келтіреді. Мұнда бізді барлық тараптан камералар түсіріп тұр», – деп атап өтті саясаттанушы.

Сондай-ақ спикер Комиссия құрамындағы 130 адамның 44-і – қоғамдық ұйымдар, қоғамдық кеңестер, БАҚ, білім саласы және ғылыми ұйымдардың өкілдерінен құралғанын жеткізді. 

«Меніңше, мұнда пікірлердің барлығы ескерілген», – деді Марат Шибұтов. 

Баяндамасының негізгі тақырыбына көше отырып, саясаттанушы Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктерді бөлу мәселесіне де тоқталды.

Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасына сәйкес, Құрылтай мынадай тұлғаларды тағайындауға немесе келісімін беруге құқылы: Премьер-Министр, Вице-президент, Конституциялық соттың 10 судьясы, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі, Жоғарғы аудиторлық палатаның 8 мүшесі және Жоғарғы соттың барлық судьялары.

Осылайша, Президент Орталық сайлау комиссиясының 2 мүшесін, Жоғарғы аудиторлық палатаның 2 мүшесін және Конституциялық соттың 4 судьясын енді тағайындамайтын болады.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының конституциялық органдардың жетекшілерін – Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғарғы аудиторлық палатаның төрағаларын, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді, сондай-ақ оған бағынышты немесе есеп беретін органдардың басшыларын тағайындау құқығы сақталады.

«Мұндай жүйе Президент пен Құрылтай арасындағы саяси институттар ретіндегі тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Марат Шибұтов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 18:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары